"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 маусымдағы N 211 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5250 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айында N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1916 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2893 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3669 болып тіркелген, 2005 жылғы 13 тамыздағы N 33 "Ресми газеті" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4220 болып тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы N 97-95 "Заң газеті" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4753 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдедегі N 106 (1135) "Заң газеті" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 8 маусымдағы N 242 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтағы "ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІББ-нің" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ережелер "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін белгілейді.";

      2-тармақта "жалпы орта, кәсіптік бастауыш, орта кәсіптік және кәсіптік жоғары" деген сөздер "орта және жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта "тестілеу," деген сөзден кейін "ҰБТ немесе кешенді тестілеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орнына түсуші жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орнын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар кешенді тестілеуді азамат таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында тапсырады.";

      6-тармақта "жалпы" деген сөз "орта" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      "30" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;

      "60" деген сандар "45" деген сандармен ауыстырылсын;

      "жақсы бағалар" деген сөздер "кемінде 3 балл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта "астрономиялық үш сағат" деген сөздер "екі сағат 30 минут" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақта "үш тәулік мерзім" деген сөздер "күнтізбелік үш күн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың аппеляцияға өтініш беруге құқығы бар.

      Апелляциялық комиссия әрбір базалы жоғары оқу орнында құрылады.";

      14-тармақта "сертификат" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "сертификаттың" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақта "Сертификаттар" деген сөз "ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Ақанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Мұхаметжанов

Келісілді"


Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі


__________ Ж. Түймебаев


2008 жылғы 11 маусым



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады