Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6301 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 186 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.04.26 N 186 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі (1-қосымша) бекітілсін.
      2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының (2-қосымша) күші жойылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.А. Әубәкіровке жүктелсін.

      Министр                                  С. Баймағанбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»       
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ____________ Ж. Түймебаев
      2010 жылғы 26 мамыр

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 11 мамырдағы
№ 204 бұйрығына    
1-қосымша      

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы ереже «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 14 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы№ 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5115 тіркелген) сәйкес әзірленді және жоғары білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - ІІМ-нің жоғары оқу орындары) қабылдау тәртібін белгілейді.
      2. ІІМ жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      3. ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілері қабылданады.
      4. Шетел азаматтары ІІМ-нің жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
      5. ІІМ жоғары оқу орындары білім алушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

2. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру

      6. Оқуға қабылдауды ұйымдастыруды ІІМ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
      7. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекiтiлген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бiрiншi кезеңде ІІМ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидатын ескере отырып, медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіп, талапкерлер контингентін қалыптастырады.
      екiншi кезеңде ІІМ-нің жоғары оқу орындары ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу жүргiзедi;
      үшiншi кезеңде ІІМ жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар мен курсанттар қатарына қабылдауды жүргізеді.
      8. ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша жоғары білімі жоқ талапкерлерді қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
      9. Қабылдау комиссиялары ІІМ жоғары оқу орындарының күндізгі оқыту нысаны бойынша медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді тиісті жылдың шілде айларында жүзеге асырады.
      10. Талапкерлерді іріктеу және қабылдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін ІІМ-нің жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрығымен:
      штаттық емес уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия;
      талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия;
      техникалық топ құрылады.
      штаттық емес уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия ішкі істер органдарында қызмет өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын анықтау мақсатында талапкерлерге медициналық куәландыру өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін маман дәрігерлердің қатысуымен ІІМ жоғары оқу орнының медициналық бөлімі бастығының төрағалығымен құрылады.
      Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы, әскери және арнайы-тактикалық дайындық кафедраларының қызметкерлері кіреді.
      Техникалық топ талапкерлердің жеке және оқу істерін іріктеу және өңдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
      11. Қабылдау тәртібі, қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссиясының шешімі, емтихандар мен консультациялардың кестесі, дұрыс жауаптың кодтары, кешенді тестілеудің нәтижелері, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат талапкерлердің назарына уақтылы таныстыру үшін ақпараттық стендке орналастырылады.

3. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу

      12. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және олардың нәтижелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер) сәйкес жүргізіледі және бағаланады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4721 тіркелген).
      13. Спорттық жаттығуларды орындау шарты:
      100, 1000, 3000 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолында немесе кез келген жазық жерде өткізіледі.
      Биік салмадан тартылу бастапқы орнынан тартылған қалпы жоғарыдан ұстап (бас бармақ астыңғы жақта) жерге аяғын тигізбей орындалады. Иегі салмадан асатын болса, әрбір кезде қозғалмайтын тұрғыдан, тартылған қалпы қолдары түзу, жұлқынбай және аяқтарының қозғалысымен серпілмесе жаттығу орындалды деп есептеледі. Тартылғанда тартылып тұрған орнынан 5 секундттан артық демалуға (тоқтауға) және тартылуды шайқалудан бастауға рұқсат етілмейді.
      Арқасымен жатып денені көтеру, арқасымен жатып барынша алға қарай тізесіне кеудесін тигізгенше, қолдарын иықтарына қойып, табанды басқа адам ұстап (аяғын 90 градус бұрышында бүгуге болады), бастапқы қалпына орындалғанда жауырын жерге тигізіп, 1 минут ішінде орындалады.
      14. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтердің мазмұны және спорттық жаттығуларды орындау шарты талапкердің назарына дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу басталғанға дейін 24 сағат ішінде кешіктірілмей жеткізіледі.
      15. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді тапсыру алдында талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері талапкерлерге нұсқау жүргізеді, оның барысында оларды жаттығуларды орындау және техникалық қауіпсіздік техникасы ережелерін қол қойдырып таныстырады.
      16. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерге енгізілген спорттық жаттығулардың әрбір түрі жеке тапсырылады. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға рұқсат етілмейді, бұл ретте кросс (1000 және 3000 метрге жүгіру) келесі күні басқа жаттығулардан бөлек орындалады.
      17. Салмадан тартылу, арқамен жатып денені көтеру, 100 метрге жүгіру бойынша дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындау үшін бір уақытта кемінде 3 талапкер қатыса алады. 1000 және 3000 метрге жүгіруге (кросс) бір уақытта кемінде 10 адам қатыса алады.
      18. Дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу нәтижелері ерлер және әйелдер үшін бөлек бағаланады.
      19. Талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері әрбір спорттық жаттығуды тапсыру нәтижелерін жеке ведомосте белгілейді, оның нысаны мен толтыру ережесі ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және талапкердің назарына қол қойғызылып жеткізіледі.
      20. Жеке дене шынықтыру жаттығуларын тапсыру бойынша ведомостердегі деректері негізінде дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы толтырылады, ол ІІМ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
      Жиынтық хаттамада талапкердің дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақты тапсырғаны-тапсырмағаны туралы қорытынды жазылады және бір сағат ішінде аталған мәліметтер талапкердің назарына жеткізіледі және арнайы бөлінген жерге ілінеді.
      21. Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижелерімен келіспеген талапкер апелляцияға шағым бере алады.
      Дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақ нәтижесімен байланысты мәселелерді қарау үшін апелляциялық комиссияның құрамы ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      22. Талапкерлер дене шынықтыру дайындығы бойынша нәтижелерді хабарлағаннан кейін келесі күні сағат 13.00–ге дейін апелляцияға арызды өзі береді және оны апелляциялық комиссия бір тәулік ішінде қарайды. Арыз берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
      23. Апелляциялық комиссия шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқығы бар. Комиссия жұмысы хаттамамен ресімделеді, оған төраға және комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша талапкерге апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.

3. Кешенді тестілеуді өткізу

      24. Талапкерлерді кешенді тестілеуі азамат таңдап алған жоғары оқу орнына бекітілген ІІМ-нің базалық жоғары оқу орнында жүргізіледі.
      25. Кешенді тестілеу жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы түлектері, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған оқушылармен халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін жүргізіледі.
      26. Ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссиялар) құрылады.
      Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданатын (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешімді хаттаманы ресімдей отырып қабылдайды.
      27. Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжатын) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуге тиіс.
      28. Кешенді тестілеу талапкердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы білім берудің бағдарламалары көлемінде төрт пәннен жүргiзiледi:
      B030300 «Құқық қорғау қызметi» мамандығы бойынша:
      дүниежүзi тарихы;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тiлi (оқыту тілі);
      математика.
      Бейіндік пән болып «дүниежүзi тарихы» есептеледi.
      051000 – «Әскери іс және қауіпсіздік» тобының мамандықтары бойынша: 051061 - Командалық-тактикалық ішкі әскерлер; 051062 - Командалық тактикалық тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс; 051065 - Командалық-тактикалық автомобиль әскері; 051066 - Командалық-тактикалық тылды қамтамасыз ету:
      физика;
      математика;
      қазақ немесе орыс тiлi (оқыту тілі);
      Қазақстан тарихы.
      Бейіндік пән «физика» пәні болып табылады.
      29. Тест тапсырмаларының саны әрбір пән бойынша - 25. Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бiр ұпай деп бағаланады.
      30. Кешендi тестiлеуге 2 сағат 30 минут берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
      31. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеуді жүзеге асырған ІІМ жоғары оқу орындарында жүргізіледі.
      32. Дұрыс жауаптардың кодтары тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарының сканерлеуі аяқталғаннан кейiн бiрден iлiнедi.
      33. Кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия оны өткізген күні жариялайды.
      34. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырады, оны тестілеуден кейін күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік комиссия береді.
      35. Кешенді тестілеудің нәтижелерімен келіспеген азамат шағым бере алады. Апеляциялық комиссия ІІМ-нің әрбір базалық жоғары оқу орнында құрылады.
      Апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді.

4. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау

      36. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына қабылдау мандаттық комиссияның ашық отырысында ҰБТ-ның немесе кешенді тестілеу сертификаттары балдарына сәйкес медициналық, дене бітімі, психофизиологиялық көрсеткiштері бойынша iрiктеу нәтижелерiн және Iшкi iстер министрлiгi, Алматы, Астана қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері үшін Ішкі істер министрі бұйрығымен бөлiнген қабылдау орындарының санын ескере отырып, ашық конкурс бойынша жүргiзiледi.
      37. ҰБТ-дан өту немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін барынша аз балдардың деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесімен белгіленеді.
      38. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:
      1) "Алтын белгі" белгісімен наградталған оқушылар;
      2) тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ олар өздері таңдаған мамандығының жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, ғылыми және спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздары басым құқыққа ие болады.
      39. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары балдарына сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылар қатарына қабылдау көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға қабылдауға мыналардың:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      қызметтiк мiндетiн орындау кезiнде қаза болған немесе мүгедектік алған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің балалары;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      аттестаттың, куәліктің немесе дипломның ең жоғары орта балы бар адамдар;
      бейiндiк пән бойынша ең жоғары балы бар адамдар;
      ішкі істер органдарының қызметкерлері, егер олар жоғары білімді алғаш рет алатын болса басым құқыққа ие.
      Осы қабылдау ережелерiне сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.
      40. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
      41. Тыңдаушылар қатарына қабылданбаған талапкерлер ішкі істер органдарының қарамағына жіберіледі, олардың жеке істері оқуға қабылданбау себептері көрсетiле отырып қайтарылады.
      42. Оқу орындарында сабақ жоғары оқу орнының оқу жоспарында және академиялық тақырыпта белгiленген мерзiмде басталады.
      43. Қабылдау ережесі туралы ақпарат, сондай-ақ қабылдау емтихандарын ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылдау комиссияларының шешімдері, қабылдау мерзімдері талапкерлерге уақтылы жеткізіледі.
      44. ІІМ-нің жоғары оқу орындары ақпаратты Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментiне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу туралы қорытынды есепті, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрықтарының көшiрмесiн он күн мерзімінде жiберу үшiн ұсынады.
      45. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді ІІМ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2010 жылғы 11 мамырдағы
№ 204 бұйрығына   
2-қосымша     

Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1577 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жыл, № 27, 450-тармақта жарияланған).
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 411 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1916 болып тіркелген).
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2893 болып тіркелген).
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 289 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2005 жылғы 13 тамызда «Ресми газетінде» № 33 жарияланған).
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4220 болып тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы «Заң газетінде» № 97-95 (901) жарияланған).
      6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 8 маусымдағы № 242 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4753 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған).
      7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі № 548 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 211 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5250 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 шілдеде «Заң газетінде» № 114 (1514) жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады