Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 20 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1577. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерi бекiтiлсiн. 
      2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы ережелердi жеке құрамға оқытуды ұйымдастырсын және олармен оқуға талапкерлердi таныстырсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09 N 211   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз).
        3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi жоғары оқу орындарының басшылары қабылдау емтиханын ұйымдастыру және талапкерлердi оқуға қабылдауда осы Ережелердiң талаптарын қатаң сақтасын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 316 "Қазақстан Республикасы Iшкіісминi жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы"  бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі -
      генерал-майор

      "Келісілді"                        Қазақстан Республикасы 
      Қазақстан Республикасы             Ішкі істер министрінің
      Білім және ғылым                   2001 жылғы 9 шілдедегі 
      бірінші вице-Министрі              N 548 бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
жоғары оқу орындарына қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРI

       Ескерту: Барлық мәтін бойынша "өңірлік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылды;
      барлық мәтін бойынша "мемлекеттік сертификат", "мемлекеттік сертификаттарды", "мемлекеттік сертификатты", "мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификат", "сертификаттарды", "сертификатты", "сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289  бұйрығымен ,   2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      1. Осы Ережелер "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін белгілейді.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің   2008.06.09 N 211   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз).

      2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң жоғары оқу орындарына орта және жоғары бiлiмi бар, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2004.05.08  N 266 , 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау бекiтiлген қабылдау жоспары бойынша үш кезеңде жүргiзіледі: 
      бiрiншi кезеңде Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадр дайындаудың аумақтық қағидасына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талапкерлер құрамын қалыптастырады. 
      екiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындары ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (бұдан әрi - ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандартының ұлттық орталығы (бұдан әрi - ББТМСҰО) дайындаған технологиялар бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң нәтижелерi бойынша берiлген сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу жүргiзедi;
      үшiншi кезеңде Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары тыңдаушылар қатарына қабылдау жасайды.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2004.05.08 N 266   бұйрығымен .

      3.1. Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу кезінде кадр дайындаудың аумақтық қағидасын сақтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік қабылдау комиссиялары құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өңірлік комиссиясының дербес құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.
       Ескерту: 3.1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психофизиологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Кешендi ҰБТ немесе кешенді тестілеу, сертификат баллдарына сәйкес iрiктеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң келiсiмi бойынша ғана өзгертiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына түсушi талапкерлер, бiрiншi осы жоғары оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiнiң 3-қосымшасы бойынша мамандықты көрсетедi.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411   бұйрығымен 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен ,   өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер  министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      5. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орнына түсуші жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орнын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар кешенді тестілеуді азамат таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында тапсырады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің   2008.06.09 N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз)  бұйрығымен .

      5.1. Ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссиялар) құрылады.
       Ескерту: 5.1-тармақпен толықтырылды - Ішкі істер министрінің 2005.05.17 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      6. Тесттiк сынақ талапкердiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлдерiнде орта бiлiм беру оқу бағдарламасының көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

      7. Қабылдау емтихандары тестiлеу формасы бойынша мына пәндер бойынша жүргiзiледi:
      050303 "Құқық қорғау қызметi" мамандығы бойынша:
      дүниежүзi тарихы;
      Қазақстан тарихы;
      қазақ немесе орыс тiлi;
      математика.
      Негiзгi пән болып дүниежүзi тарихы есептеледi.
      290000 "Әскери техника және технология" даярлау бағытындағы мамандықтар бойынша: iшкi әскерлердiң командалық-тактикалық, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың командалық-тактикалық, автомобильдiк әскерлердiң командалық-тактикалық, байланыс әскерлерiнiң командалық-тактикалық, әскерлердi инженерлiк-техникалық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, әскерлердi ракеталық-артиллериялық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, тылдық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық: 
      физика; 
      математика; 
      қазақ немесе орыс тiлi; 
      Қазақстан тарихы. 
      "Физика" негiзгi пән болып табылады. <*> 
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411   бұйрығымен , 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен .

      8. Тест сұрақтарының саны әр пән бойынша - 25. Дұрыс жауап бiр ұпаймен бағаланады. Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі баллдар деңгейі 45 баллды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндер бойынша кемінде 3 балл болуы тиіс.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006.04.19 N  181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2007.06.08. N  242 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2008.06.09 N  211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен. 

      9. Кешендi тестiлеуге екі сағат 30 минут берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

        10. Дұрыс жауаптардың кодтары тестiлеуден кейiн өткiзiлетiн жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейiн бiрден iлiнедi.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен

      11. Сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген кешендi тестiлеу нәтижелерiн мемлекеттік комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен .

      12. Тестiлеу өткiзiлгеннен кейiн күнтізбелік үш күн iшiнде мемлекеттік комиссия, кешенді тестiлеу қорытындылары нәтижесiнде әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде жазылған сертификатты бередi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

        13. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың аппеляцияға өтініш беруге құқығы бар.
      Апелляциялық комиссия әрбір базалы жоғары оқу орнында құрылады.
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің   2008.06.09 N  211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      14. Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мандат комиссиясының ашық отырысында ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары баллдарына сәйкес, медициналық, дене бiтiмi, психофизиологиялық көрсеткiштер бойынша iрiктеу нәтижелерiн және Iшкi iстер министрлiгiне, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттеріне бөлiнген қабылдау орындарын ескере отырып, конкурс бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266   бұйрығымен , 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181   бұйрығымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

        15. "Бюджеттік қаржыландыру бойынша тегін мемлекеттік білім алуға конкурс өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары баллдарына сәйкес:
      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған оқушылардың;
      2) тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпазы болып табылатын олимпиаданың, ғылыми және спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады.
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен , өзгерту енгізілді -Ішкі істер министрінің 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

        16. ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттары баллдарының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда:
      жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балалары;
      үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдар;
      аттестат куәлік немесе дипломның ең жоғары орта баллы бар адамдар;
      бейiмдiк пәндер бойынша ең жоғары баллы бар адамдар оқуға қабылдауға басымдылық құқыққа ие.
      Осы қабылдау ережелерiне сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2004.05.08 N 266   бұйрығымен 2005.05.17 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)   бұйрығымен , 2008.06.09  N 211 ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) бұйрығымен.

        17. Жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр жұмысы департаментiне, белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмет, ал оқуға қабылдау бiткеннен кейiн оқуға қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы қорытынды мәтiндi есеп, сондай-ақ тыңдаушыларды оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесiн өз кезегiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне он күн iшiнде жiберу үшiн ұсынады. 

      18. Қабылдау ережелерi, қабылдау комиссияларының қабылдау емтихандарын ұйымдастыру мен өткiзу туралы шешiмдерi, қабылдау мерзiмi туралы мәлiметтер талапкерлерге уақытылы жеткiзiлуi қажет. 

      19. Мандаттық комиссияның оқуға қабылдау туралы шешiмi жоғары оқу орнының бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтың көшiрмесi жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға аттандыруға негiз болып табылады. 

      20. Тыңдаушылар қатарына оқуға қабылданбаған талапкерлер iшкi iстер органдарының, iшкi әскерлердiң әскери бөлiмдерiнiң қарамағына жiберiледi. Олардың оқуға қабылданбау себебi көрсетiлген жеке iстерi қайтарылады.

      21. Оқу орындарында сабақ жоғары оқу орны оқу процесiнiң кестесi мен оқу жоспарында белгiленген мерзiмде басталады. Сабақ басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде сабаққа негiзсiз себеппен қатыспаған тыңдаушылар оқу орнынан шығарылады.
      Оқудан шығарылғандардың орнына жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы конкурстан өтпеген тұлғаларды сабақ басталғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде оқуға қабылдай алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады