Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 N 578 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азық-түлік сауда объектілерінің құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 30 қаңтардағы N 100 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізімінде N 2733 тіркелген, 2004 жылғы 10 cәуірдегі N 15 "Ресми газетінде" жарияланған).
Айтылған бұйрықпен бекітілген "Азық-түлік сауда объектілерінің құрылымына, оларды ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларында:
47 тармақ алынып тасталсын;
111 тармақтағы "қосу 10 0 С температурада сақтайды" деген сөздер "таңбалауында көрсетілген температурада сақталады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің міндетін
атқарушы Ә. Нүсіпова
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрі
11 маусым 2008 жыл