"Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізу және ұйымдастыру" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5270 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына 7-1-бабының 4) тармақшасына және 24-бабының  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін: "Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша іс-шараларын жүргізу кезінде азаматтық авиацияның әуе кемелерін күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Дерновой

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      Министрі
      2008 жыл 26 маусым

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 17 маусымдағы 
N 350 бұйрығымен бекітілген 

"Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі -санитарлық ереже) азаматтық авиацияның әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

      2. Осы санитарлық ереже меншік нысанына қарамастан, қызметі ӘК күтіп-ұстауға және пайдалануға және оларға дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға таратылады.

      3. ӘК дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс шаралар профилактика мақсатында және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

      4. ӘК дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін пайдаланылатын заттарға Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген болуы тиіс.

2. Дезинфекцияға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      5. ӘК дезинфекциялау әуежайдың санитарлық-карантиндік пунктінде жүргізіледі. Дезинфекция сапасы белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхананың микробиологиялық зерттеулерімен анықталады.

      6. Экипаж кабинасының және жолаушылар салонының іші, буфет жабдығы, қайырылатын үстелдер, жарықсүзгілері, шынтақ қоятын жер, багаж-жүк қуысының сөрелері, дәретхана жабдықтары, басқыш тұтқалары оларды жуып тазалағаннан кейін дезинфекциялау ерітіндісіне малынған шүберекпен екі рет сүртіледі.

      7. Пайдаланылған борттық ыдыс-аяқты сыйымдылық ыдысқа жинау және жуу және дезинфекциялық өңделуі үшін борттық тамақтану цехына жіберу керек. Бір рет пайдаланылатын борттық ыдыс-аяқ одан әрі механикалық тазартылуы және кәдеге асырылуы үшін жеке полиэтилен қапшыққа жиналады.

      8. Көрпелер, бас сүйейтін жердің тысы, жастық тыстар және жұмсақ мүккәммалдар оларды кір жуатын орынға немесе химиялық тазартуға беру үшін камералық өңделуге жатады.

      9. Бір рет пайдаланылатын жұмсақ мүккәммал кәдеге асырылуы үшін жеке полиэтилен қапшыққа жиналады.

      10. Багаж, жүк карантиндік және аса қауіпті жұқпалы ауруларға күдікті науқас анықталған кезде дезинфекциялануға жатуы тиіс.

      11. ӘК-нің сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау жылына екі рет (жылдың көктем және күз мезгілінде) жүргізіледі. Сыйымдылық ыдыстар, су толтыру машинасының штуцерлері, шлангілер, су толтыру пунктінің құрал-саймандары айына бір рет дезинфекциялануға жатады.

      12. Сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау ерітіндісімен толтыру қысыммен жүргізіледі. Суды су іркуіш кран арқылы жіберу дезинфекциялайтын ерітіндінің иісі шыққанға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Дезинфекциялау экспозициясының уақыты 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Дезинфекция аяқталған соң ӘК-ның сумен жабдықтау жүйесі су құбыры суымен үш рет жуылады.

      13. Атмосфера ауасының температурасы плюс 5 Цельсий градус (бұдан әрі - о С) кезінде ӘК-ның сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау дезинфекциялайтын ерітіндінің температурасы плюс 20-25 о С болған кезде жүргізілуі тиіс.

      14. ӘК су ағысына арналған төгу багы дезинфекциялау құралымен өңделеді.

      15. ӘК-ның эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация іс-шаралары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2798 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық тұрғыдан қорғау" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 297 бұйрығы талаптарына сәйкес аумақты санитарлық қорғау және дезинфекция (дезинсекция, дератизация) бойынша іс-шараларды жүргізу талап ететін ауру белгілері бар науқастың келетін ӘК-де болуы туралы ақпарат алған кезде жүргізіледі.

      16. Санитарлық-карантиндік тұрақ аэровокзал және әуежай объектілеріне қатысты жел бағыты бойынша 100 метрден жақын емес қашықтықта жабдықталады.

      17. ӘК жуу және дезинфекциялау кезінде ағынды сулар санитарлық-карантиндік тұрақта жабдықталған бетондалған қақпағы бар су жинайтын жерге жиналады. Су жинайтын жердің көлемі кемінде 5 текше метр болуы тиіс.
      Су жинайтын жерден ағынды суларды шығару ағысты қосымша зарарсыздандырғаннан кейін әуежайдың ассенизация машинасымен жүзеге асырылады.

      18. Ағынды суларды төгу орындары әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органымен келісіледі.

      19. Траптың төменгі басқышына дезинфекциялау ерітіндісіне барынша малынған қалың қабатты шүберек қойылуы тиіс.

      20. Жинау және дезинфекциялау үшін пайдаланылған шүберектер дезинфекциялау ерітіндісіне малынады.

3. ӘК-ін дезинфекциялауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      21. Ұшуды орындау кезінде жолаушылар мен экипаж мүшелерін қансорғыш жәндіктерден жеке қорғау үшін репелленттер пайдаланылады.

      22. ӘК дезинсекциялау жәндіктердің болуы анықталған кезде жүргізіледі.

      23. ӘК дезинсекциялау ӘК-де жолаушылар, ұшу экипажы болмаған кезде барлық үй-жайларды жинаған соң жүргізіледі.

      24. Дезинсекция жүргізілгеннен кейін ӘК-ның борттық санитарлық журналына жүргізілген дезинсекция туралы жазба жазылуы тиіс.

4. ӘК-ін дератизациялауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      25. ӘК тоқтап тұрған кезеңде тиелетін жүктерге мұқият қарау жүргізіледі.

      26. Кеміргіштермен күресу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, адамдар үшін қауіпсіз құралдар қолданылады. Кеміргіштер бар ӘК-ін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      27. Дератизация жүргізу кезеңінде ӘК-не адамдардың келуін шектеу жөніндегі шаралар қабылданады.

      28. Дератизация сапасын бақылау қармақжемді 24 сағат мерзімге жайып қою жолымен жүргізіледі.

5. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу кезінде жұмыскерлердің еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      29. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізумен байланысты жұмысқа қабылданатын адамдар Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 болып тіркелген "Олардың кезінде алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар міндетті зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі мен Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшыраған қызметкерлерге міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарауларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес алдын ала және мерзімдік медициналық қараулардан өтеді.

      30. Жұмыс ерітінділерін, эмульсияларды, қармақжемдерді дайындау, орау сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Бұл үй-жайда жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, бөтен адамның болуына, тамақ ішуге, темекі шегуге рұқсат етілмейді.

      31. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу кезінде жұмыскерлер жеке гигиенаны сақтайды.

      32. Дезинсекциялық құралдар Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3705 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 232 бұйрығымен бекітілген "Улы заттарды (уды) қолдануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес жеке бөлінген үй-жайларда, "У" немесе "Уытты" деген ескертпе жазулары бар заттаңбалы тығыз жабылған, бүлінбеген қорапта (орамда) сақталуы тиіс.

      33. Дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық құралдарды сақтауға арналған қоймада мынадай үй-жайлар жинағы болуға тиіс:
      дезинфекциялық құралдарды, инсектицидтерді, улы қармақжемдерді бөлек сақтауға арналған;
      қызметкерлерге арналған;
      дәрілік заттарды беруге арналған үй-жайлар.

      34. Қойма үй-жайлары сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталуы тиіс.

      35. Қызметкерлерге арналған үй-жайдың құрамында себезгі, үй және арнайы киімді, жеке қорғаныш құралын сақтауға арналған жеке шкафтары бар киім ілгіш, бастапқы медициналық көмек көрсету және жеке гигиена құралының дәрі қобдишасы көзделуі тиіс.

      36. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмыскерлері дезинфекциялық құралдарды және улы қармақжемдерді сақтау және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау, улану кезінде бастапқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша нұсқамадан өтеді.

      37. Дезинфекциялық құралдарды пайдалану, эмульсияны, суспензияны, ерітіндіні, улы қармақжемді орау, дайындау жұмыстары арнайы киімде және жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.

      38. Дезинфекциялық заттар тозаңының теріге түсетін бөлігінен қорғану үшін қызметкер комбинезонды немесе су жібермейтін тығыз матадан тігілген шалбары бар куртканы, күннен қорғайтын бас киімді және мақта-қағаз қолғаптарды пайдаланылуы тиіс. Сұйық дезинфекциялық заттармен жұмыс істеген кезде резеңке, техникалық, латексті қолғаптар немесе полимермен қапталған қолғаптар, резеңке етіктер пайдаланылуы тиіс.

      39. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация іс-шараларын жүргізумен байланысты жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкер себезгі қабылдайды.

      40. Жұмыс аяқталғаннан кейін жеке қорғаныш құралы мынадай тәртіппен шешіледі:

      1) резеңке қолғапты қолдан шешпей, жуу ерітіндісімен, содан кейін сумен жуады;

      2) содан кейін қорғаныш көзілдірігі, респиратор, аяқ киім және комбинезон немесе костюмді шешеді;

      3) қолғапты шешер алдында жуу ерітіндісімен және сумен қайта жуады.
      Арнайы киімді жуу орталықтандырылған кір жуу орындарында жүргізіледі.

      41. Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізумен байланысты жұмыскерлер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3358 болып тіркелген "Халыққа бастапқы медициналық көмек көрсету дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 876 бұйрығына сәйкес толықтырылған жеке дәрі қобдишасымен қамтамасыз етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады