Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 шілдедегі 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
З. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Қуанғановқа жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 587 бұйрығымен бекітілген
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жоғары техникалық мектептерге (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін бекітеді.
2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін "Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы көзделеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
4. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.
Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін білім беру ұйымдары белгілейді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын
өткізу
Ескерту. 2-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
6. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
7. Білім беру ұйымдарына қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.
8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет.
9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
10. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
11. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.
Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке, ата-аналарымен немесе заңды тұлғалармен ұсынылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаңың куәлігі;
оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон карточкасы.
Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне таратылмайды.
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін және көші-қон карточканың көшірмесін көрсетеді.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2010.09.28 N 466 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
12. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
жалпы орта, мамандық бейне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
Жоғарғы техникалық мектепке оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі.
Түсу емтихандарының нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.
Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
13. Білім беру ұйымдарына өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін азаматтар 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарымен бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.
Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға себепсіз келмей қалған азаматтар емтиханға жіберілмейді.
11-тармақта көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандарының нысаны тестілеу немесе пәндер бойынша емтихандар білім беру ұйымымен белгіленеді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруды таңдауға құқылы.
14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандары 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандардың, түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 10 балл, "4" - 20 балл, "5" - 30 балдарға ауыстырады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
15. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады.
Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және түсу бойы өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.
16. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
17. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, оның ішінде жоғары техникалық мектептердің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.
Конкурс:
ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Ереженің 12-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсына қатысуға:
негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан кем (жоғары техникалық мектептерге түсу үшін үш пәнінен 30 балдан кем);
жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, медициналық мамандықтар бойынша 35 балдан кем (жоғары техникалық мектептерге түсу үшін үш пәнінен 35 балдан кем) жинағандар жіберілмейді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.06.08 N 278 Бұйрықтарымен.
18. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға конкурс өткізгенде:
1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), соңғы үш жылдағы жеңімпаздардың, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
Мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.06.08 N 278 Бұйрығымен.
19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, бөлімшелер, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі.
20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Техникалық
және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.06.08 N 278 Бұйрығымен.
Ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтардың тiзбесi
Мамандықтар мен кәсiптердің коды |
Мамандықтың атауы |
0101000 |
Мектепке дейiнгi білім беру және тәрбиелеу |
0102000 |
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) |
0103000 |
Дене тәрбиесi және спорт |
0104000 |
Кәсiптiк білім беру (салалар бойынша) |
0105000 |
Бастауыш білім беру |
0106000 |
Бейнелеу өнерi және сызу |
0107000 |
Технология |
0108000 |
Музыкалық бiлiм беру |
0109000 |
Өмiр қауiпсiздiгi және валеология |
0301000 |
Емдеу ісі |
0302000 |
Медбикелік iс |
0304000 |
Стоматология |
0306000 |
Фармация |
0307000 |
Ортопедиялық стоматология |
0309000 |
Акушерлiк іс |
0401000 |
Кітапхана ісі |
0402000 |
Дизайн (салалар бойынша) |
0403000 |
Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (түрлері бойынша) |
0404000 |
Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
0413000 |
Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) |
0501000 |
Әлеуметтік жұмыс |
0502000 |
Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) |
0503000 |
Слесарлық іс |
0901000 |
Электростанциялардың электрожабдықтары, кіші станциялар және желілер (түрлері бойынша) |
0902000 |
Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша) |
0903000 |
Электроэнергетика (салалары бойынша) |
0906000 |
Жылулық электрлік станцияларының қазандық, жылу өңдеуші, жылуэнергетикалық қондырғылары |
0907000 |
Жылу техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) |
1107000 |
Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша) |
1110000 |
Жүк көтергіш машина және транспортерлер |
1112000 |
Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану |
1114000 |
Пісіру ісі (түрлері бойынша) |
1115000 |
Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) |
1118000 |
Тамақ және ет өнеркәсібінің өндіріс жабдықтары |
1119000 |
Тоңазытқыш компресорлар машиналары және қондырғылар |
1120000 |
Технологиялық машиналарға және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету (салалары бойынша) |
1207000 |
Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы |
1208000 |
Иіру және түту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша) |
1209000 |
Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) |
1210000 |
Мата емес тоқыма материалдар өндірісі технологиясы |
1211000 |
Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу |
1212000 |
Аяқ киім өндірісі (түрлері бойынша) |
1213000 |
Аң терісі мен қой терісі бұйымдарының технологиясы |
1214000 |
Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары |
1215000 |
Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары |
1216000 |
Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі |
1217000 |
Темекі өндірісі |
1218000 |
Азық-түлік өндірісі |
1219000 |
Нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі және кондитер өндірісі |
1220000 |
Қант өндірісі |
1221000 |
Балық өндірісі |
1224000 |
Сүт тағамдарының өндірісі |
1225000 |
Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша) |
1226000 |
Тамақтандыру өндірісі тағамдары технологиясы және оны ұйымдастыру |
1306000 |
Радиотехника және байланыс (түрлері бойынша) |
1307000 |
Электр байланысы жүйелі құрылыстары мен сымдық тарту жүйелерін пайдалану |
1412000 |
Құрылыс бұйымдарын және консрукциялар өндірісі |
1414000 |
Жихаздық өндірісі (түрлері бойынша) |
1415000 |
Лифт шаруашылығы және эскалаторлар |
1416000 |
Тастандыларды қайта өңдеу |
1501000 |
Ауылшаруашылық техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
1502000 |
Агрономия |
1503000 |
Өсімдік шаруашылығы |
1504000 |
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша) |
1505000 |
Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) |
1506000 |
Аңшылық және аң шаруашылығы |
1507000 |
Ара және жібек өсіруші |
1508000 |
Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафты құрылыстар |
1509000 |
Экология және табиғатты қорғау қызметі |
1510000 |
Ауыл шаруашылығын механикаландыру |
1511000 |
Жерге орналастыру |
1512000 |
Зоотехния |
1513000 |
Ветеринария |
1514000 |
Экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану |
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Техникалық
және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.06.08 N 278 Бұйрығымен.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік мамандықтарының коды |
Мамандықтын атауы |
Бейін пәннің атауы |
|
Негізгі орта білім (жалпы орта) |
Орта білім (жалпы орта) |
||
0100000 – Бiлiм |
|||
0101000 |
Мектепке дейiнгi білім беру және тәрбиелеу |
Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
Биология |
0102000 |
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша) |
Биология |
Биология |
0103000 |
Дене тәрбиесi және спорт |
1-шығармашылық емтихан |
1-шығармашылық емтихан |
0104000 |
Кәсiптiк білім беру (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
0105000 |
Бастауыш білім беру |
Математика |
Математика |
0106000 |
Бейнелеу өнерi және сызу |
1-шығармашылық емтихан |
1-шығармашылық емтихан |
0107000 |
Технология |
1-шығармашылық емтихан |
1-шығармашылық емтихан |
0108000 |
Музыкалық бiлiм беру |
1-шығармашылық емтихан |
1-шығармашылық емтихан |
0109000 |
Өмiр сүру қауiпсiздiгi және валеология |
Биология |
Биология |
0110000 |
Білім ұйымдарындағы лаборант |
Биология |
Биология |
0200000 – Құқық |
|||
0201000 |
Құқықтану |
Құқық негіздері |
Дүние жүзілік тарих |
0202000 |
Құқық қорғау қызметі |
Қазақстан тарихы |
Дүние жүзілік тарих |
0203000 |
Патенттану |
Құқық негіздері |
Дүние жүзілік тарих |
0300000 – Медицина, фармацевтика |
|||
0301000 |
Емдеу ісі |
Биология |
Биология |
0302000 |
Медбикелік iс |
Биология |
Биология |
0303000 |
Гигиена және эпидемиология |
Биология |
Биология |
0304000 |
Стоматология |
Биология |
Биология |
0305000 |
Лабораториялық диагностика |
Биология |
Биология |
0306000 |
Фармация |
Химия |
Химия |
0307000 |
Ортопедиялық cтоматология |
Биология |
Биология |
0308000 |
Медициналық оптика |
Биология |
Биология |
0309000 |
Акушерлiк іс |
Биология |
Биология |
0400000 –Өнер және мәдениет |
|||
0401000 |
Кітапхана ісі |
Әдебиет(оқыту тілдері бойынша) |
Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
0402000 |
Дизайн (салалары бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0403000 |
Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (салалары бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0404000 |
Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0405000 |
Хор дирижері |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0406000 |
Музыка теориясы |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0407000 |
Ән салу |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0408000 |
Хореография өнері |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0409000 |
Актерлік өнер |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0410000 |
Цирк өнері |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0411000 |
Театр-декорация өнері (бейін бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0412000 |
Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0413000 |
Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0414000 |
Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0415000 |
Зергерлік іс (салалары бойынша) |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0416000 |
Сәулет |
2-шығармашылық емтихан |
2-шығармашылық емтихан |
0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару |
|||
0501000 |
Әлеуметтік жұмыс |
Қазақстан тарихы |
Дүние жүзілік тарих |
0502000 |
Телекоммуникациялық құралдармен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету |
Математика |
Физика |
0503000 |
Слесарлық іс |
Физика |
Физика |
0504000 |
Бұйымдарды химиялық тазалау және бояу |
Химия |
Химия |
0505000 |
Фото ісі |
Химия |
Химия |
0506000 |
Шаштараз өнері және сәндік косметика |
Химия |
Химия |
0507000 |
Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру |
Математика |
Математика |
0508000 |
Тамақтандыруды ұйымдастыру |
Математика |
Математика |
0509000 |
Аяқ киім ісі |
Математика |
Математика |
0510000 |
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша) |
Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) |
Қазақ және орыс тілдері |
0511000 |
Туризм (салалары бойынша) |
География |
География |
0512000 |
Аудармашы ісі (турлері бойынша) |
Шетел тілі |
Шетел тілі |
0513000 |
Маркетинг (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
0514000 |
Бағалау (салалар және қолдану аясы бойынша) |
Математика |
Математика |
0515000 |
Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) |
Математика |
Математика |
0516000 |
Қаржы (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
0517000 |
Статистика |
Математика |
Математика |
0518000 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
0519000 |
Экономика (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
0600000 – Метрология, стандарттау және сертификаттау |
|||
0601000 |
Метрология, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
0602000 |
Сапаны бақылау (салалар бойынша ) |
Математика |
Математика |
0700000- Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды шығару |
|||
0701000 |
Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0702000 |
Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы |
Математика |
Математика |
0703000 |
Гидрогеология және инженерлік геология |
Математика |
Математика |
0704000 |
Геофизикалық тәсілдер мен пайдалы қазбаларды іздеу және барлау |
Математика |
Математика |
0705000 |
Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу |
Математика |
Математика |
0706000 |
Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу |
Математика |
Математика |
0707000 |
Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
Математика |
Математика |
0708000 |
Пайдалы қазбаларды байыту (көмірмен байыту) |
Математика |
Химия |
0709000 |
Пайдалы қазбаларды байытушы (кен байыту) |
Математика |
Химия |
0710000 |
Іріктеуге және байытуға арналған ұсату-ұнтақтау құралдары |
Математика |
Химия |
0711000 |
Маркшейдерлік іс |
Математика |
Математика |
0712000 |
Жер асты құбырларының құрылысы |
Математика |
Математика |
0713000 |
Геодезия және картография |
Математика |
Математика |
0800000- Мұнай газ және химия өндірісі |
|||
0801000 |
Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы (бейін бойынша) |
Математика |
Математика |
0802000 |
Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану |
Физика |
Физика |
0803000 |
Компрессорлық стансалардың және жерасты құбырларының электр жүйесін жөндеу және қызмет көрсетуші |
Математика |
Математика |
0804000 |
Технологиялық жабдықтар мен құбырларды монтаждаушы |
Математика |
Математика |
0805000 |
Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау |
Математика |
Математика |
0806000 |
Скважиналарды мұнай мен газға сынау |
Физика |
Математика |
0807000 |
Мұнай және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету |
Математика |
Математика |
0808000 |
Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп жабдықтарын техникалық күту және жөндеу (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0809000 |
Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) |
Математика |
Математика |
0810000 |
Мұнай-газ және жанар май құю станцияларын салу мен пайдалану құбырлары |
Математика |
Математика |
0811000 |
Химиялық талшықтардың өндірісі |
Химия |
Химия |
0812000 |
Резина техникалық өндірісі |
Химия |
Химия |
0813000 |
Шина өндірісі және вулканизация процесі |
Химия |
Химия |
0814000 |
Полимер технологиясының өндірісі |
Химия |
Химия |
0815000 |
Химиялық өндірістің тұтқыр және сусымалы материалдардың машиналарының машиналарын және құралдарын пайдалану |
Химия |
Химия |
0816000 |
Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) |
Химия |
Химия |
0817000 |
Коксохимиялық өндіріс |
Химия |
Химия |
0818000 |
Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) |
Химия |
Химия |
0819000 |
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы |
Химия |
Химия |
0820000 |
Изотоптарды бөлу технологиясы мен вакуумды техника |
Химия |
Химия |
0821000 |
Экологиялық қондырғылардың қызмет көрсетуі және эксплуатациясы |
Математика |
Физика |
0822000 |
Шыныталшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі |
Химия |
Химия |
0823000 |
Фарфор және фаянс бұйымдарын даярлаушы |
Химия |
Химия |
0824000 |
Керамикалық өндіріс |
Химия |
Химия |
0825000 |
Өндіріс бөлімі |
Химия |
Химия |
0826000 |
Тері және жүнді химиялық өңдеу |
Химия |
Химия |
0900000- Энергетика |
|||
0901000 |
Электростанциялардың электрожабдықтары, кіші станциялар және желілер (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0902000 |
Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
0903000 |
Электроэнергетика (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
0904000 |
Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету |
Математика |
Математика |
0905000 |
Энергетикалық тасымалдау қондырғысын пайдалану (көлік түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0906000 |
Жылулық электрлік станцияларының қазандық, жылу өңдеуші, жылу энергетикалық қондырғылары |
Математика |
Математика |
0907000 |
Техникалық жылу жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0908000 |
Электрлік станцияларда су, отын және майлау материалдар технологиясы |
Математика |
Математика |
0909000 |
Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
0910000 |
Электрлік және электромеханикалық жабдықтар |
Математика |
Физика |
0911000 |
Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) |
Математика |
Физика |
0912000 |
Электротехнология (түрлері бойынша) |
Математика |
Физика |
1000000- Металлургия және машина жасау |
|||
1001000 |
Доменді пештерді жөндеу және қызмет көрсету |
Математика |
Математика |
1002000 |
Қара металл металлургиясы (түрлері бойынша) |
Математика |
Химия |
1003000 |
Түсті металлдар металлургиясы |
Математика |
Химия |
1004000 |
Құю өндірісі |
Математика |
Математика |
1005000 |
Болаттарды пештен тыс өңдеу |
Математика |
Математика |
1006000 |
Металл өңдеу (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1007000 |
Отқа төзімді заттар өндірісі |
Математика |
Физика |
1008000 |
Композициялық және ұнтақты материалдар, қапталылар |
Математика |
Химия |
1009000 |
Прокаттау өндірісі |
Математика |
Математика |
1010000 |
Құбыр өндірісі |
Математика |
Физика |
1011000 |
Автоматтық тізбектер және агрегаттық станоктар |
Математика |
Математика |
1012000 |
Икемді автоматтық тізбектер |
Математика |
Математика |
1013000 |
Механоөңдеу, өлшеуіш бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы |
Математика |
Математика |
1014000 |
Машина құрылысының технологиясы (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1015000 |
Машина жасаудағы монтаж және автомобильдерді сынау |
Математика |
Математика |
1100000- Көлік (салалары бойынша) |
|||
1101000 |
Ұшу аппараттарының өндірісі |
Математика |
Физика |
1102000 |
Авияциялық приборлардың өндірісі |
Математика |
Физика |
1103000 |
Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету |
Математика |
Математика |
1104000 |
Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы |
Математика |
Математика |
1105000 |
Қала электр көліктерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
1106000 |
Темір жол жылжамалы құрам өндірісі (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1107000 |
Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
1108000 |
Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1109000 |
Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1110000 |
Жүк көтергіш машиналар және транспортерлер |
Математика |
Математика |
1111000 |
Ұсталық тығыздау жабдықтары |
Математика |
Математика |
1112000 |
Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану |
Математика |
Математика |
1113000 |
Металлургиядағы машиналар және жабдықтар |
Математика |
Математика |
1114000 |
Пісіру ісі (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1115000 |
Өндірістердегі электромеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1116000 |
Геология барлау жабдықтары |
Математика |
Математика |
1117000 |
Электроникалық техника өндірісне арналған жабдықтар |
Математика |
Физика |
1118000 |
Тамақ және ет өнеркәсібінің өндіріс жабдықтары |
Математика |
Математика |
1119000 |
Тоңазытқыш компресорлар машиналары және қондырғылар |
Математика |
Математика |
1120000 |
Технологиялық машиналарға және жабдықтар техникалық қызмет көрсету (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
1121000 |
Медициналық техникаларға техникалық қызмет көрсету жөндеу және монтаждау |
Математика |
Математика |
1122000 |
Әскери басқарма |
Математика |
Математика |
1200000- Өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану |
|||
1201000 |
Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету |
Математика |
Математика |
1202000 |
Жолаушылар мен жүкті тасмалдауды ұйымдастыру |
Математика |
Математика |
1203000 |
Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару |
Математика |
Математика |
1204000 |
Cу көлікті пайдалану |
Математика |
Физика |
1205000 |
Әуе жол көліктерін басқару және пайдалану |
Математика |
Математика |
1206000 |
Жол қозғалысын ұйымдастыру |
Математика |
Математика |
1207000 |
Талшықты материалдарды өңдеу технологиясы |
Математика |
Математика |
1208000 |
Иіру және түту өндірісінің технологиясы (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1209000 |
Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1210000 |
Мата емес тоқыма материалдар өндірісі технологиясы |
Математика |
Математика |
1211000 |
Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу |
Математика |
Математика |
1212000 |
Аяқ киім өндірісі(түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1213000 |
Аң терісі мен қой терісі бұйымдарының технологиясы |
Математика |
Математика |
1214000 |
Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары |
Математика |
Математика |
1215000 |
Жеңіл өнеркәсіпті ұйымдастыру жабдықтары |
Биология |
Химия |
1216000 |
Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама өндірісі |
Биология |
Химия |
1217000 |
Темекі өндірісі |
Биология |
Химия |
1218000 |
Азық-түлік өндірісі |
Математика |
Физика |
1219000 |
Нан пісіру өндірісі, макарон өндірісі және кондитер өндірісі |
Химия |
Химия |
1220000 |
Қант өндірісі |
Химия |
Химия |
1221000 |
Балық өндірісі |
Биология |
Химия |
1222000 |
Консерві және тағам концентраттары өндірісі |
Химия |
Химия |
1223000 |
Сыра, алкогольсыз және спиртті ішімдіктер өндірісі |
Химия |
Химия |
1224000 |
Сүт тағамдарының өндірісі |
Химия |
Химия |
1225000 |
Ет және ет тағамдарының өндірісі (түрлері бойынша) |
Химия |
Химия |
1226000 |
Тамақтандыру өндірісі тағамдары технологиясы және оны ұйымдастыру |
Биология |
Химия |
1227000 |
Полиграфия өндірісі |
Математика |
Математика |
1228000 |
Кабель өндірісі |
Математика |
Физика |
1229000 |
Прибор жасау (салалар бойынша) |
Математика |
Математика |
1300000- Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника |
|||
1301000 |
Электорондық приборлар және құрылысы |
Математика |
Физика |
1302000 |
Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) |
Математика |
Математика |
1303000 |
Темір жол қозғалысында автоматика телемеханиканы басқару |
Математика |
Математика |
1304000 |
Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1305000 |
Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) |
Математика |
Математика |
1306000 |
Радиотехника және байланыс (түрлері бойынша) |
Математика |
Физика |
1307000 |
Электр байланысы жүйелі құрлыстары мен сымдық тарату жүйелерін пайдалану |
Математика |
Физика |
1308000 |
Автоматтандырылған байланыс жүйесін пайдалану |
Математика |
Физика |
1309000 |
Оптикалық және электронды құрал - жабдықтар |
Математика |
Математика |
1310000 |
Көліктің (көлік түріне қарай) радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану |
Математика |
Математика |
1311000 |
Темір жол транспортының жедел технологиялық байланысының жабдықтарын пайдалану |
Математика |
Математика |
1401000 |
Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану |
Математика |
Математика |
1402000 |
Жол – құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1403000 |
Ішкі санитарлық–техникалық құрылғылар мен вентиляция монтаждау және пайдалану |
Математика |
Математика |
1404000 |
Сумен қамтамасыздандыру және суды ағызу жүйелері |
Математика |
Математика |
1405000 |
Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану |
Математика |
Математика |
1406000 |
Жергілікті магистральді және желілік құбырларды монтаждау |
Математика |
Математика |
1407000 |
Гидротехникалық құрылыс |
Математика |
Математика |
1408000 |
Қала қатынас жолдарын салу және пайдалану |
Математика |
Математика |
1409000 |
Темір жол құрылысы жол және жол шаруашылығын жасау |
Математика |
Математика |
1410000 |
Автомобиль жолдарын және аэродромдарды салу және пайдалану |
Математика |
Математика |
1411000 |
Көпірлер мен көліктік тоннелдер |
Математика |
Математика |
1412000 |
Құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі |
Математика |
Математика |
1413000 |
Темір бетон және металл бұйымдары өндірісі (салалары бойынша) |
Математика |
Математика |
1414000 |
Жихаз өндірісі (түрлері бойынша) |
Математика |
Математика |
1415000 |
Лифт шаруашылығы және эскалаторлар |
Математика |
Математика |
1416000 |
Тастандыларды қайта өңдеу |
Математика |
Химия |
1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология |
|||
1501000 |
Ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
Математика |
Математика |
1502000 |
Агрономия |
Биология |
Биология |
1503000 |
Өсімдік шаруашылығы |
Биология |
Биология |
1504000 |
Ферма шаруашылығы (бейіндері бойынша) |
Биология |
Биология |
1505000 |
Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) |
Биология |
Биология |
1506000 |
Аңшылық және аң өсіру шаруашылығы |
Биология |
Биология |
1507000 |
Ара және жібек өсіруші |
Биология |
Биология |
1508000 |
Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар |
Математика |
Химия |
1509000 |
Экология және табиғатты қорғау қызметі |
Математика |
Химия |
1510000 |
Ауыл шаруашылығын механикаландыру |
Математика |
Математика |
1511000 |
Жерге орналастыру |
Математика |
Математика |
1512000 |
Зоотехния |
Биология |
Биология |
1513000 |
Ветеринария |
Биология |
Биология |
1514000 |
Экология және табиғат ресурсын тиімді пайдалану |
Математика |
Химия |
1515000 |
Гидрология және метеорология |
География |
География |
1516000 |
Өрт қауіпсіздігі |
Математика |
Физика |
1517000 |
Төтенше жағдайда қорғану (бейін бойынша) |
Математика |
Физика |
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Техникалық
және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.06.08 N 278 Бұйрығымен.
Өнер және мәдениет мамандықтарының тізбесі
Техникалық және кәсіптік мамандықтарының коды |
Мамандықтын атауы |
0402000 |
Дизайн (салалары бойынша) |
0403000 |
Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы (салалары бойынша) |
0404000 |
Аспаптық-орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) |
0405000 |
Хор дирижері |
0406000 |
Музыка теориясы |
0407000 |
Ән салу |
0408000 |
Хореография өнері |
0409000 |
Актерлік өнер |
0410000 |
Цирк өнері |
0411000 |
Театр-декорация өнері (бейін бойынша) |
0412000 |
Кескіндеу, мүсін және графика (түрлері бойынша) |
0413000 |
Сәнді-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) |
0414000 |
Қайта қалпына келтіріп жөндеу (салалар бойынша) |
0415000 |
Зергерлік іс (салалары бойынша) |
0416000 |
Сәулет |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 587 бұйрығына қосымша
Күші жойылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орындарына оқуға қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 903 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2003 жылғы N 15, 839-құжат; 2003 жылы N 23-24, 854-құжат) нормативтік құқықтық актілерді құжат мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2136 тіркелген);
2. "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы N 16, 123-құжат нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3627 тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізілу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 400 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы N 16, 124-құжат, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3692 тіркелген);
4. "Қазақстан Республикасының орта оқу орындарында оқуға қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 29 наурыздағы N 151 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4207 тіркелген, 2006 жылғы 12 мамырдағы N 84-85 (1064-1065) "Заң газетінде" жарияланған;
5. "Қазақстан Республикасының кәсіптік орта оқу орындарына оқуға қабылдаудың Үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 15 мамырдағы N 249 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4719 тіркелген).