Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 18 шілдедегі N 105 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5310 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Кредиттік бюроның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Ұсынылып отырған кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне
қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының
сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 303 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3318 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарды нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 3-8, 2005 ж., 18-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы "Кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру, кредиттік тарихтың деректер базасының қорғалуына және сақталуына, олардың ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелеріне, үй-жайларына, электронды жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" N 303 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 221 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4966 тіркелген).
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Кредиттік бюро осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өз қызметін осы Нұсқаулыққа сай сәйкестендірсін.
      5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Түсіпов К.А.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Кредиттік бюроға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым қызметі (Кенже А.А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                      Е. Бахмутова

      Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
      және байланыс агенттігімен
      келісілді
      2008 жылғы "____"_________
      Төраға
      Есекеев К. Б. __________________________
                  (қолы, күні, елтаңбалы мөр)

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы  
18 шілдедегі N 105 қаулысымен
бекітілген     

Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың
қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны
пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың
электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер
базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі
талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Нұсқаулықта "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңында көзделген мынадай
ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпарат жүйесі қауіпсіздігін басқарушы (бұдан әрі - басқарушы) - электронды деректерді қабылдау және (немесе) беру жүйесінің қызметін, оларды қорғау шараларын іске асыратын, келіп түскен және (немесе) беріліп отырған ақпараттың қызметі мен өкілеттігін ескере отырып, жайғастыруды қамтамасыз ететін ұйымның қызметкері;
      2) аутентификациялау - рұқсат берудің көрсетілген деректемелерінің жүйеде барымен сәйкес келуін анықтау жолымен субъекті немесе объектінің түпнұсқалығын растау;
      3) пайдалануға беру - ақпараттық жүйені дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын орындау процесі және осы жүйенің өндірістік жағдайларда жұмыс істей бастауы;
      4) бірегейлендіруші - бірегей дербес код және (немесе) жүйенің субъектісіне және (немесе) объектісіне берілген және жүйеге және (немесе) жүйе ресурстарына ретпен кіруге берілген есім;
      5) бірегейлендіру - бірегейлендіру жүйесіне және (немесе) ресурстар жүйесінде бар бірегейлендірушілер тізбесіне кіруге рұқсат алу үшін жасалған иелену немесе сәйкестікті анықтау;
      6) кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесі
қатысушыларының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) –
ақпаратты жеткізушілердің, кредиттік бюролардың, кредиттік есептерді
қабылдаушылар мен кредиттік тарих субъектілерінің ақпаратты процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологияларының,
ақпараттық желілерінің және олардың бағдарламалық-техникалық
қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;
      7) ақпараттық орта - кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жүйесі қатысушыларының ақпараттық жүйесінің оның компоненттерімен және ақпараттық ресурстарымен ақпараттық жүйеде
өзара қарым-қатынас жасау ортасы;
      8) шешуші ақпарат - криптографиялық кілт және электронды
сандық қол қою кілті;
      9) ақпараттық жүйені қорғау жөніндегі кешенді шаралар - кредиттік тарихты қалыптастырудың және пайдаланудың ақпараттық
жүйесінің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған
ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар, оның ішінде белгіленген
бағдарламалық қамтамасыз етуге кіруге бақылауды және тіркелген пайдаланушылардың өкілеттігін шектемейтін құралдарды беруді
қамтамасыз ететін санкцияланбаған кіруден электронды құралдар мен компьютерлерді қорғайтын бағдарламалық аппараттық қорғаныс;
      10) оператор - қорғаныс жүйесін пайдаланушымен хабарламаларды дайындау, өңдеу, қабылдау және беруді қорғаныстың шағын жүйесін пайдалана отырып, тікелей жүзеге асыратын кредиттік бюро қызметкері;
      11) ұйым - осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік тарихты
қалыптастыру және пайдалану (кредиттік тарих субъектілерінен
басқа) жөніндегі ақпарат жүйесіне қатысушы;
      12) жауапты тұлға - кредиттік тарихты қабылдау (өткізу)
және қалыптастыру процесін іске асыруға жауапты ұйымдардың операторы, басқарушысы және өзге қызметкерлері;
      13) ақпараттық қауіпсіздік саясаты - таратылуы шектеулі
ақпаратты басқаруды, қорғауды және бөлуді реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер;
      14) резервтік көшірме жасау (архивтеу) - резервтік көшірме жасау мәселелерін реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер;
      15) пайдаланушы - электронды құжат алмасуға қатысатын және
ақпарат беру жөніндегі шарттың және (немесе) кредиттік есепті алушы тарап болып табылатын кредиттік бюро және кредиттік тарихты
қалыптастыратын және оны пайдалануға қатысатын өзге де қатысушылар (бұдан әрі – кредиттік тарих жүйесінің қатысушылары);
      16) кіруі шектеулі үй-жай – шектеулі тұлғалар аясының болуына ғана рұқсат берілетін үй-жай, және бұл үй-жайға кіру рұқсаты арнайы рұқсат берілген қызметкерлердің ілесіп жүруі арқылы ғана болуы
мүмкін.

2. Ақпараттық процесті ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 

      2. Кредиттік тарихты қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпарат жүйесінің ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі былай қамтамасыз етіледі:
      1) келісілген рәсімдер мен технологиялық параметрлер аясындағы қатысушылар қызметін үйлестіру және басқару;
      2) қолданыстағы бағдарламалық және техникалық құралдарды сәйкестендіру;
      3) ақпараттарды ашу мүмкіндігін алып тастауды қосқандағы ақпарат қауіпсіздігі;
      4 ) жоғары тиімділікті технологияларды енгізу;
      5 ) ресурстарды икемді және тиімді басқару;
      6 ) қызмет көрсету сапасын көтеру.
      3. Ұйым мыналарды қамтамасыз етеді:
      1 ) деректерді енгізуді бақылауды;
      2 ) құжаттардың параметрлерін есепке алу мүмкіндігі (құжаттар нөмірі, байланыс коды, шарт нөмірі);
      3 ) жиынтық ақпарат тудыруды;
      4 ) резерв көшірмелерін жасауды, деректерді архивтеуді;
      5 ) кіру құқығын бақылайтын қорғаудың штатты құралдары бар ақпарат жүйесін пайдалануды;
      6 ) электронды хабарламаларды ұсынуды және қабылдауды реттейтін рәсімдердің болуы;
      7 ) талдамалық және статистикалық есептерді дайындау мүмкіндігін.
      4. Ақпаратты жеткізушілер және кредиттік есепті алушылар ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу жөнінде олармен жасалған шарттардан және Кредиттік бюро жөніндегі Заңмен көзделген кредиттік бюроның ішкі құжаттарынан туындайтын кредиттік бюроның ұйымдастыру, технологиялық талаптарын және шарттарын қамтамасыз етеді.
      5. Ақпаратты жеткізуші ұсынған ақпарат оның дұрыс және толық орындалмауына, ақпаратты жеткізушінің, кредиттік есепті қабылдаушының, кредиттік тарих субъектісінің деректерінің ақпараттық жүйеде пайлану талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кредиттік тарихты ақпараттық жүйеде қалыптастыруда және пайдалануда ақпараттық жүйеге пайдаланбай кредиттік бюроға қайтаруы мүмкін.

3. Ақпаратты жеткізушілердің, кредиттік есептерді алушылардың және кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу талаптары, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және өзге де кредиттік бюролардың деректер базасында бар ақпаратты салыстырып тексеру талаптары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ақпаратты жеткізушілер, кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюро арасында ақпарат алмасу талаптарын ақпараттандыру және "электронды үкімет" аясындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттандыру аясындағы уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      7. Кредиттік бюро ақпаратты жеткізушілерге және кредиттік есепті қабылдаушыларға ақпараттық процестерді іске асыру үшін қажетті арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді береді не олар пайдаланып отырған бағдарламалық қамтамасыз етуге тиісті талаптар белгілейді. Ақпаратты жеткізушілер және кредиттік есепті қабылдаушылар арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді дербес әзірлеген жағдайда оны кредиттік бюромен келіседі.
      8. Ақпараттық жүйені әзірлеу, енгізу және ілеспе қызмет көрсету процесінің құрамында әзірлеу кезеңдерін анықтау, өзгерістер енгізу, қабылдау, тестілеу және пайдалануға беру тәртібі, барлық кезеңдерді құжаттандыру талаптары бар.
      9. Кредиттік бюроның ақпараттық жүйені әзірлеуі, енгізуі және оған ілеспе қызмет көрсетуі олардың ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы стандарттарына сәйкес жасалады.
      10. Кредиттік бюро ақпараттық жүйені әзірлеуді оның бірінші жетекшісі бекіткен техникалық тапсырма негізінде әзірлейді.
      11. Бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда (жүйенің кемшіліктерін алып тастау немесе жетілдіру үшін) ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуінен және (немесе) деректерінен санкцияланбаған өзгерістерді алып тастау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу процесі Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген техникалық тапсырмаға, стандарттарға және кредиттік бюроның ақпараттық қауіпсіздік сәйкес жүзеге асырылады.
      12. Кредиттік тарихтың деректер базасын және аталған ақпараттық жүйенің қорғаныс құрал-жабдықтарын орналастыру үшін ақпараттық жүйені қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификацияланған жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады.
      13. Кредиттік бюро ақпаратты жеткізушілермен және бөлінген байланыс арналары немесе Интернет арқылы мынадай талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:
      1) секундіне 10 мегабит кем емес өткізгіштік қабілеті бар негізгі арнаның болуы;
      2) секундіне 2 мегабит кем емес өткізгіштік қабілеті бар резервтік сымсыз арнаның болуы;
      3) әртүрлі провайдерлер арналарын пайдалану;
      4) тек қана ақпаратты жеткізушілер мен кредиттік есептерді алушылармен ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын арналар.
      14. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушыларға (микроқаржы ұйымын және кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін, ақпаратты жеткізуші немесе кредиттік есептерді алушы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға өтінішті қағаз тасымалдағышта немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен – куәландырылған электронды құжат түрінде www.e.gov.kz (бұдан әрі – ЭҮП) «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жібереді.
      Ұйымның (микроқаржы ұйымын қоспағанда) бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық, технологиялық талаптарды сақтауын Нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес келуін пайдаланылып отырған ақпараттық жүйенің кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің (микроқаржы ұйымын және кредиттік тарих субъектісін қоспағанда) қатысушыларына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен бірлесе отырып құрылған комиссия басшысының ЭЦҚ куәландырған электронды құжаты түрінде Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сай (бұдан әрі – сәйкестілік туралы акт) нысанмен қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі туралы акт жасау арқылы, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірлесіп, уәкілетті органның ақпараттандыру саласындағы комиссиясы растайды.
      Сәйкестілік туралы акті комиссияның барлық мүшелерімен келісіледі, содан соң қол қою үшін тексеріп отырған ұйымның өкіліне жіберіледі. Егер комиссияның бір мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестілік туралы актіге келіспесе, онда ол комиссияға өзінің бас тарту себебін ЭҮП немесе Портал арқылы жазбаша нысанда ұсынады және оны сәйкестілік туралы актіге қоса береді.
      Сәйкестілік туралы акт уәкілетті органның ақпарат саласындағы комиссия мүшелерінің үштен екісінің келісім туралы шешімдері және уәкілетті органның комиссия мүшелерінің үштен екісінің келісім туралы шешімдері болғанда қабылданды деп есептеледі.
      Микроқаржы ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық, технологиялық талаптарды сақтауын Нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес келуін Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай (бұдан әрі – уәкілетті органның қорытындысы) нысанмен микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарға сәйкес уәкілетті орган растайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Ақпаратты жеткізушілермен (микроқаржы ұйымын қоспағанда), кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюроның арасындағы ақпарат алмасу оң қорытындыға сәйкестік туралы акті болғанда ғана жүзеге асырылады.
      Микроқаржы ұйымдары, кредиттік есептерді алушылар және кредиттік бюроның арасындағы ақпарат алмасу уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Кіріс және шығыс трафигі криптографиялық қорғаныспен
қамтамасыз етілуі тиіс.
      16-1. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және уәкілетті органмен келісілуі тиіс өзге де кредиттік бюролардың деректер базасында бар ақпаратты ішкі салыстырып тексеру рәсімдерін (бұдан әрі - ішкі рәсімдер) бекітеді.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-2. Ішкі рәсімдер мыналарды анықтайды:
      салыстырып тексерудің талаптарын, тәртібін және мерзімдерін;
      салыстырып тексеруге жататын ақпараттың параметрлерін;
      салыстырып тексеруге байланысты ақпараттық процестерді іске асыру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын;
      салыстырып тексеруге жататын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету тәртібін;
      мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроға салыстырып тексеруге байланысты ұшыраған нақты шығыстар көлемінде өтеу тәртібін.
      Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-3. Кредиттік бюро бір жылда кемінде бір рет кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында сақталатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның ішкі рәсімдерімен белгіленген шарттарда, тәртіпте және мерзімдерде мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюроның ақпаратымен салыстырып тексереді.
      Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында сақталатын ақпаратты салыстырып тексеру есепті жылдың соңғы айдың жиырмасыншы жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Кредиттік бюро ақпарат көлемін салыстырып тексеруге жататын ақпарат көлемін дербес түрде, салыстырып тексеруге жататын ақпарат параметрлерінің Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның ішкі рәсімдерімен белгіленген ақпарат параметрлеріне сәйкес келу талаптары арқылы анықтайды.
      Ескерту. 16-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-4. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро өзге де кредиттік бюролардан қабылданған ақпаратты мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында бар ақпаратпен салыстырып тексереді.
      Ескерту. 16-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-5. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және өзге де кредиттік бюроның уәкілетті өкілдері олардың кредиттік тарихтарының деректер базасында бар, салыстырып тексеруге жататын ақпараттың сәйкес келуін немесе сәйкессіздігін салыстырып тексеру актісін немесе сәйкессіздік актісін еркін нысанда жасау жолымен растайды.
      Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро сәйкессіздік актісін кезде сәйкессіздік актісін жасаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 16-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-6. Салыстырып тексеру актісі немесе сәйкессіздік актісі екі данада әр тарап үшін бір данадан жасалады, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптарының уәкілетті өкілдері оған қол қояды және олардың мөрлерімен расталады.
      Ескерту. 16-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-7. Салыстырып тексеру актісі кезекті салыстырып тексеру өткенге дейін сақталады. Сәйкессіздік актісі ол жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақталуы тиіс.
      Ескерту. 16-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-8. Кредиттік бюро және мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюро сәйкессіздік актіні жасаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде анықталған сәйкессіздіктер жою бойынша шараларды қабылдайды. Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюро уәкілетті органға үш жұмыс күн ішінде хабарлайды.
      Ескерту. 16-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру және үй-жайларға, электронды және кредиттік тарих жүйесі қатысушыларының өзге де жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 89 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Кредиттік бюро тұрғын емес үйде, кіруі шектеулі үй-жайда орналасады.
      18. Кредиттік бюроның қауіпсіздік жүйесі осы Нұсқаулықпен белгіленген мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
      1) серверлік үй-жайға және кіруі шектеулі үй-жайға;
      2) кредиттік бюроның қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етуге;
      3) кредиттік бюроның қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуге (ақпараттық жүйеге);
      4) кредиттік бюроның техникалық құрал-жабдықтарына (ақпараттық ресурстарына);
      5) ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.
      19. Кредиттік бюроның жабдықталған серверлік үй-жайында мыналар бар:
      1) кіруді бақылау жүйесі (жеке электронды рұқсатнама);
      2 ) серверлік үй-жайына кіру бейне бақылау жүйесі және кросс бөлмелері;
      3) толық толтырылған міндетті резервтік газы бар және кепілдік берілген қорек жүйесіне қосылған өрт сөндіру автоматты жүйесі;
      4) есік, терезелердің күзет сигнализациясы және герметикалық аймақтың ішіндегі датчиктер жүйесі;
      5) серверлік бөлменің гермоаймағында тұрған таза қоректің тоқтаусыз жүйесі;
      6) тәулік бойғы кезекшілік жарықты қосқандағы серверлік
және кросс бөлмелерінің барлық электр желісінің кепілдік берілген қорек жүйесі;
      7) резерві толық кондиционирлеу жүйесін.
      20. Серверлік үй-жай соңынан кеңістікті кеңейту мүмкіндігі бар және ірігабариттік аппаратураларды орналастыру мүмкіндігі бар жерлерге орналасуы және мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
      1) cерверлік бөлменің ең төменгі қол жетімді мөлшері - 20 шаршы метр;
      2) cерверлік бөлме кондуитті мөлшері 1,5 үйдің жерге қосылу жүйесінің бас электродымен қосылуы тиіс;
      3) cерверлік бөлменің талап етілетін биіктігі 2,44 метр болуы тиіс.
      21. Кредиттік бюроның кіруі шектеулі үй-жайы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) жауапты тұлғаның жұмыс орнына жіберілмейтін тұлғалардың осы үй-жайға қадағаланбай кіріп кету мүмкіндігін болдырмайтын кіруді бақылау жүйесінің (жеке электронды рұқсатнама) болуы;
      2) кірудің бейнебақылау жүйесінің болуы (тұрақты жазылып отырылатын бейнекамера);
      3) өрт сигнализациясы жүйесінің болуы;
      4) күзет сигнализациясы жүйесінің болуы;
      5) үй-жайда кредиттік бюроның қызметіне қатысы жоқ жұмыс орындарын иеленуге тыйым салынады;
      6) кіруі шектеулі үй-жай үйдің бірінші немесе соңғы
қабаттарында орналасқан жағдайда, сондай-ақ балкондардың терезелерінің жанында өрт баспалдақтары бар болса, үй-жайдың терезелері металл торкөздермен жабдықталады;
      7) кіруі шектеулі үй-жайда жауапты тұлғалардың жұмыс орындары орналасады.
      22. Ақпаратты жеткізушілер (микроқаржы ұйымын қоспағанда) мен кредиттік есептерді алушылардың кіруі шектеулі үй-жайларына Нұсқаулықтың 21-тармағының 1)3)4)5) және 6) тармақшаларымен белгіленген талаптар қойылады, сондай-ақ үй-жайға кіру әрбір кірген кезі келуді тіркеу журналында тіркелетін жауапты тұлғалардың тізімімен шектелуі тиіс және олардың аты, тегі, әкесінің аты – егер болса, лауазымы, күні, уақыты және келу мақсаты туралы мәліметтер енгізіледі.
      Микроқаржы ұйымының кіруі шектеулі үй-жайларына Нұсқаулықтың 21-тармағының 1)3)4) және 5) тармақшаларымен белгіленген талаптар қойылады, сондай-ақ үй-жайға кіру әрбір кірген кезі келуді тіркеу журналында тіркелетін жауапты тұлғалардың тізімімен шектеледі және олардың аты, тегі, әкесінің аты – егер болса, лауазымы, күні, уақыты және келу мақсаты туралы мәліметтер енгізіледі.
      Микроқаржы ұйымы орналасқан үй-жайда жалпы күзет сигнализациясының жүйесі болғанда микроқаржы ұйымының кіруі шектеулі үй-жайына жеке күзет сигнализациясы талап етілмейді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Жауапты тұлғаның жұмыс орны мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1 ) бағдарламалық қамтамасыз ету тұрғылықты орны, конфигурациясы, сондай-ақ оған орнатылған аппараттық және бағдарламалық құрал-жабдықтары қойылған арнайы бөлінген дербес компьютерге орнатылады. Паспорт ұйым басшысының қолымен ресімделеді және ол жауапты тұлғада сақталады ;
      2) жауапты тұлғаның дербес компьютерін пайдалануға және дайындау, өңдеу, жіберу мақсаттарымен байланыссыз немесе ақпараттық жүйеге қатысу аясындағы электрондық құжаттарды жүргізу жүйесінде бағдарламалық құрал-жабдықтарды қоюға жол берілмейді;
      3) жауапты тұлғаның дербес компьютерінде мынадай қорғаныс кешені болуы тиіс:
      пайдаланушының бірегейлендіретін және аутентификациялайтын құрал-жабдықтары;
      компьютерьге кіруге және пайдаланушылардың іс-қимылдарына байланысты қызметті бақылау мақсатында электронды құжаттарды сақтау мерзімі аралығында электронды журналдарды жүргізу мүмкіндігі;
      4 ) пайдаланушы бірегейлендіретін пайдаланушының (жауапты тұлғаның) бір жүйелі атының болуы, ақпараттық жүйеге кіру кезінде онда бір жеке тұлға сәйкес келуі тиіс;
      5 ) дербес компьютерде бағдарламалық қамтамасыз етудің бүтіндігі мен құпиялылығын қамтамасыз ететін құрал-жабдық болуы тиіс;
      6 ) желілік ресурстар мен сыртқы тасымалдаушыларға, сондай-ақ оператордың дербес компьютеріне ақпаратты кіргізу-шығару порттары, оның ішінде кіргізу-шығару базалық жүйесін жұмысқа дайындау да ажыратылуы тиіс;
      7 ) дербес компьютердің жүйелі блогын, ақпаратты кіргізу-шығару порттарын басқарушы мөрмен жабады не пломбылайды. Мөрмен жабу (пломбылау) процесі тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, қызметін, келу күнін, уақытын және пломбылау ( м өрмен жабу) мақсатын көрсете отырып, арнайы журналында тіркеледі. Ноутбуктер үшін порттарды мөрмен жаппай, кіргізу-шығару базалық жүйесіндегі қондырғыларды ажыратуды пайдалануға ғана рұқсат беріледі. Үйден ақпараттық қауіпсіздік қызметі басшысының жауапты қызметкерінің өтінімдері негізінде жасалатын профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа жағдайларда компьютерлер мен ноутбуктерді алып шығуға тыйым салынады;
      8 ) қорғаныс жүйесін пайдалана отырып, ақпараттық ортаға берілетін ақпаратты жинақтау үшін бөлінген өзге ресурстарға (дискілік кеңістік, директория, деректер базасы және деректер базасының резервтік көшірмелері) кіру тәртібі, ақпараттық ортадан ақпарат алу, ақпаратты сақтау, архивтеу және басқа да өңдеу осы ресурстарға санкцияланбаған кіру мүмкіндігін болдырмауы тиіс;
      9) жауапты тұлғаның жұмыс орнына және кіруі шектеулі
үй-жайына кіру оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      24. Ақпаратты жеткізушілердің операторы мен кредиттік есептерді алушылардың жұмыс орны кіруі шектеулі үй-жайда болуы тиіс және осы Нұсқаулықтың 23-тармағымен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
      25. Кредиттік бюроның жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етулерін пайдалануы (операциялық жүйелер, деректер базасын басқару жүйесі, офистік бағдарламалар, вирусқа қарсы бағдарламалар) лицензиямен, сертификаттармен расталуы тиіс.
      26. Кредиттік тарих бойынша деректерді жинақтау және сақтау үшін әзірлеушінің ресми өкілдігі және Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау көрсету орталығы болуы тиіс деректер базасын басқарудың өнеркәсіптік жүйесі пайдаланылуы тиіс.
      27. Кредиттік бюро бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу
және пайдалануға беруді (дайын өнімді әзірлеу немесе бейімдеу) оның бірінші басшысы бекіткен техникалық тапсырмасы негізінде орындайды, бұл ретте қауіпсіздік механизмдеріне арналған тиісті сертификаттар болуы қажет. Кредиттік бюроның бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеушілердің барабар жүйелерді әзірлеу бойынша екі жылдан кем емес тәжірибесі болуы тиіс.
      28. Кредиттік бюроның бағдарламалық қамтамасыз етуі
ақпаратты қабылдаудың (жеткізудің) мынадай екі және одан артық
тәсілін қамтамасыз етуі тиіс:
      қолжетімді форматтардағы есептерді бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдаланатын интерактивті интерфейс;
      нақты уақыт режимінде стандартты форматпен беруді пайдаланатын желілік кіру, деректерді қолмен енгізу функциясының көмегі арқылы енгізу, веб-браузерді пайдалану арқылы сайттарда экрандық нысандарды толтыру.
      29. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында кредиттік бюроның
бағдарламалық қамтамасыз етуі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) криптографиялық қайта құру арқылы бірегейлендіруді және аутентификациялауды;
      2) пайдаланушылардың құқықтарын шектемеу;
      3) бағдарламалық қамтамасыз ету ядросы деңгейіндегі жұмысты қамтамасыз ету нәтижесі бойынша жүйе аясындағы бірде-бір мәні бар іс-қимыл (пайдаланушының немесе процестегі іс-қимыл болса да)
қауіпсіздік механизмінің қатысуынсыз өтпеуі тиіс;
      4) бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған қауіпсіздік схемасы, бағдарламалық қамтамасыз ету іске асырылатын операциялық жүйенің өзінің қауіпсіздік құралдарынан оқшаулануы тиіс, былайша айтқанда, операциялық жүйенің өзінің қауіпсіздік құралдарының осалдығы бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздік жұмысына әсер етпеуі тиіс;
      5) бағдарламалық қамтамасыз етудегі деректердің тұйықталып сақталуы мынадай тәсілмен ұйымдастырылып, қамтамасыз етілуі тиіс:
      бағдарламалық қамтамасыз етудің қосымшаларының жұмыс аясынан тыс аталған деректерге логикалық жағынан кіру мүмкін болмаған жағдайда;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің деректер базасына/базасынан жасалған кез-келген ауыстырулар қауіпсіздік механизмдерінің
бақылауымен;
      6) фактіні, объектіні және жою процесіндегі субъектіні
сәйкестендіру үшін қажетті ақпаратты белгілеу, белгілі бір уақыт аралығында жойылған, өзгертілген деректерді қалпына келтіру
мүмкіндігі;
      7) іркілістер пайда болған кезде тұрақты жұмыс істету
мүмкіндігі;
      8) пайдаланушының жұмыс орны істен шыққан немесе қаскүнем
оған санкцияланбаған жолмен кіруі жүйенің серверлік бөлігінің
жұмысында байқалмаған, ал сервер қосымшаларының іркілісі жүйе деректерінің жай-күйіне әсер етпеген жағдайдағы "клиент-сервер" үш деңгейлі сәулетімен;
      9) тіркеу журналында белгілеу, сондай-ақ кез-келген субъект тарапынан қорғау мүмкіндігі болатын жүйелі маңызды оқиғалар аудиті;
      10) пайдаланушылар мен басқарушылардың байланыс орнату
әрекетінен бастап, сәтті, сондай-ақ сәтсіз іс-қимылдарының аудиті;
      11) экспортқа және импортқа шығарылатын деректерді бақылау;
      12) қауіпсіздік модульдері мен механизмдерін әзірлеу
(пысықтау) мүмкіндігі;
      13) ақпараттық жүйе әзірлеушісімен жасалған шартта мынадай міндеттер көзделуі тиіс:
      кредиттік бюроны жүйеде анықталған қателер мен жүйенің осал тұстары, сондай-ақ жүйедегі өзгерістер мен жетілдірулер туралы
тұрақты және уақтылы хабардар етіп отыру;
      шұғыл қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру, оның ішінде кредиттік бюро қызметкерлеріне кеңестер беру және оларға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету.
      29-1. Кредиттік бюроның бағдарламалық қамтамасыз етуі Кредиттік бюро туралы заңмен белгіленген мерзім ішінде кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастырғаннан бастап кез келген уақыттағы жағдай бойынша кредиттік есептердің бір жұмыс күні ішінде қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескерту. 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 97 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      30. Кредиттік бюроның техникалық құрал-жабдықтарына
қойылатын талаптар:
      1) меншікті аппараттық қамтамасыз етудің болуы (компьютерлік жабдықтар, серверлер, қорғаныстың аппараттық құрал-жабдықтары, комплектілік және өзге де жабдықтар), сондай-ақ кредиттік бюроның аппараттық қамтамасыз етілудегі керек-жарақтарын растайтын құжаттардың болуы;
      2) сәйкестілікті растаушы орган берген қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аппараттық қамтамасыз ету сәйкестілігі сертификаттарының болуы;
      3) кепілдік берілген қорек жүйесі – бар ұйымда таза қорек желісіндегі электр қуатын үзіліссіз қолдау арқылы және резервті автоматты түрде қосу қалқанының, үзіліссіз қорек жүйесінің (бұдан әрі - ҮҚЖ) екі қайнар көзі сигналынан атқарылатын дизельді генератор қондырғысының болуы.
      31. Кредиттік бюроның серверлері бас тартатын тұрақты аяқталған жүйеден тұруы тиіс және аппараттық бөлікті жүз пайыз қайталайтын кластерді білдіруі тиіс. Кредиттік бюроның деректер базасының резервтік серверлері негізгі серверден он километрден кем емес аралықта орналасуы және деректер базасының негізгі серверлері жұмысын тоқтатқан жағдайда, кредиттік бюро негізгі сервердің жұмысын тоқтатқан сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайтын мерзімде резервтік серверлердегі деректер базасының жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей кредиттік бюроның деректер базасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 97 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      32. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымға (микроқаржы ұйымын қоспағанда) қойылатын талаптар:
      1) аппаратты шекаралық маршрутизаторлардың көмегімен трафикті шифрлау арқылы деректер берудің қорғалған арнасының болуы;
      2) Интернет желісінен ұйымның компьютер желісіне жасалатын шабуылдарды желіаралық экранның көмегімен анықтау (болдырмау) жүйелерінің болуы;
      3) пайдаланушының криптокілті мен сәйкестендіру жүйесінің көмегімен компьютерлерді криптографиялық жағынан қорғау жүйесінің болуы;
      4) пайдаланушылардың желілік карталарының тасымалдауыштарына кіруді басқаратын сәйкестендіру жөніндегі трафикті аппараттық желілік талдаушының болуы;
      5) резервтік көшірме жасау – ақпаратты сыртқа тасымалдауыштар кітапханасы жүйесінің болуы.
      Кредиттік бюро жоғарыда көрсетілген талаптарды іске асыру үшін, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді, осалдықтар мен қауіп-қатерлерді талдайды және баға береді.
      Микроқаржы ұйымына осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көзделген ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптар қолданылады.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Ұйым (микроқаржы ұйымын қоспағанда) өз қызметі барысында мынадай талаптарды орындайды:
      1) ақпарат қауіпсіздігі қызметінің болуы;
      2) кредиттік тарихтар бойынша жауапты тұлғалардың болуы;
      3) ақпарат қауіпсіздігі саясатының болуы;
      4) парольдерді қалыптастыру және пайдалану саясатының болуы;
      5) резервтік көшірме жасау саясатының болуы (архивтеу);
      6) пайдаланушылардың, қауіпсіздік басқарушыларының, жүйе басқарушыларының кіруіне шек қою және олардың міндеттері жөніндегі рәсімдерді сипаттайтын құжаттаманың болуы.
      Микроқаржы ұйымы өз қызметі барысында осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген талаптарды орындайды.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      34. Ұйым (микроқаржы ұйымын қоспағанда) мыналар бар ақпараттық жүйемен жұмыс тәртібін анықтайтын ішкі құжатты қабылдайды:
      1) жауапты тұлға болу міндеті жүктелетін қызметкерлерді тағайындау тәртібін;
      2) жұмыс режимін;
      3) лауазымдық нұсқаулықтарды қоса алғанда, жауапты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
      4) оператордың жұмыс орнына кіруге рұқсат берілген қызметкерлердің тізімі;
      5) оператордың жұмыс орнына айырықша жағдайларда (дағдарыс жағдайында, сондай-ақ қызметкердің орнын ауыстырған жағдайда) ғана кіруге рұқсат берілген қызметкерлердің тізімі.
      Микроқаржы ұйымына осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген талаптар қолданылады.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      35. Жауапты тұлғалар:
      1) ақпараттық жүйе ресурсына кіру үшін бірегейлендіру және аутентификациялау рәсімдерінің міндеттілігін қамтамасыз етеді;
      2) рұқсат берілмеген пайдаланушылардың ақпараттық ресурстарға кіру құқығын алуына жол берілмейді;
      3) ақпараттық жүйе өңделіп отырған ақпараттың резервтік
көшірмесін жасаудың тұрақты болуына бақылау жасайды;
      4) жүйе ресурстарының қорғалу сенімділігін жоспарлы түрде
және жоспардан тыс тексеру жүргізеді;
      5) корпоративті желінің жабдықтарын, оның ішінде арнайы желіаралық бағдарламалық құрал-жабдықтарды қорғауды қамтамасыз етеді;
      6) қауіп-қатерді көрсету және бұзушыларды анықтау жөнінде шаралар қабылдайды;
      7) оқиғалар журналын, ондағы ақпаратқа санкцияланбаған кіру әрекеттерінің болғандығы туралы жазбаларды тұрақты қарап отырады.
      36. Ұйым қызметкерлері (жауапты тұлға, басқарушы, оператор) олардың қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған
ақпаратты жарияламау және таратпау туралы жазбаша міндеттеме береді.
      37. Жауапты тұлға жұмыстан шыққан жағдайда ұйымның кілт
жөніндегі ақпараты жоспардан тыс ауыстырылады, бұл туралы кредиттік бюро хабардар етіледі. Ұйымның кілт жөніндегі жаңа ақпарат олар жұмыстан шығарылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      38. Ұйымдағы кілт жөніндегі жаңа ақпараттағы сыртқы тасымалдаушыларды сақтау және пайдалану тәртібі оған санкцияланбаған кіру әрекеттерінің мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

        6. 6-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24  № 89(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне
қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық
процесті ұйымдастыруға және      
оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін 
қалыптастыруға, олардың электрондық 
жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер
базасының сақталуына және үй-жайларына
қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу
жөніндегі нұсқаулыққа         
1-қосымша               

Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

________________________________________
(қатысушының атауы)
кредиттік тарихты қалыптастыру және
оны пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға
сәйкестігі туралы акт
(микроқаржы ұйымын және кредиттік тарих субъектісін қоспағанда)

__________________                        __________________
    жасалған                                  орны күні

      Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы өз қызметін бастауға дайындығын және олардың кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды орындау, олардың электронды жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының және үй-жайлардың сақталуына қойылатын ең төменгі талаптарды орындау туралы мынадай құрамдағы комиссия осы актіні жасады:
      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссияның жұмысына кредиттік тарихты қалыптастыру және оны
пайдалану жүйесі қатысушысының өкілдері қатысады:____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия зерттеген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің
қатысушысы өкілдерінің түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия _________________ кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының техникалық және өзге де құжаттарын тексеру, оның кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіндегі жұмыстарға арналған техникалық үй-жайын, электронды-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйесін және қорғау құрылғыларын және өзге де объектілерін зерттеу кезінде
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ болып анықталды
(қойылған талаптарға сәйкес (сәйкес емес) және ақпарат қызметін көрсету нарығында қызметті ұйымдастыруды бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті (жеткіліксіз).
Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушысы комиссия актісіне қоса берілген мынадай техникалық құжаттаманы және өзге де құжаттарды берді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
_________________   _______________   _______________________________
   (лауазымы)          (аты-жөні)         келісілген/келісілмеген
_________________   _______________   _______________________________
   (лауазымы)          (аты-жөні)         келісілген/келісілмеген
_________________   _______________   _______________________________
   (лауазымы)          (аты-жөні)         келісілген/келісілмеген

Комиссия басшысы:
_____________________________________________________________________
                            (ЭЦҚ)

Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне
қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық
процесті ұйымдастыруға және    
оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін 
қалыптастыруға, олардың электрондық 
жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер
базасының сақталуына және үй-жайларына
қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу
жөніндегі нұсқаулыққа         
2-қосымша               

Нысан

      Ескерту. Нұсқаулық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.01.2013 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы)
микроқаржы ұйымына қойылатын талаптарға сәйкестігі
туралы қорытынды

________________                              ________________
жасалған орны                                       күні

      Микроқаржы ұйымының ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы өз қызметін бастауға дайындығын және олардың кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесі қатысушысының қатысушыларының қызметіндегі ақпараттық процесті, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды орындау, олардың электронды жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының және үй-жайлардың сақталуына қойылатын ең төменгі талаптарды орындау туралы мынадай құрамдағы уәкілетті органның өкілдері қорытынды жасады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Зерттелген объектілердің және зерделенген құжаттардың толық сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________ микроқаржы ұйымының техникалық және өзге де құжаттарын тексеру, оның кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіндегі жұмыстарға арналған техникалық үй-жайын, электронды-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйесін және қорғау құрылғыларын және өзге де объектілерін зерттеу кезінде _____________________________________________________________________
___________________________________________________________ анықталды
(қойылған талаптарға сәйкес (сәйкес емес) және ақпарат қызметін көрсету нарығында қызметті ұйымдастыруды бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті (жеткіліксіз).

      Уәкілетті органның өкілдері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады