Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 200 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 124 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5313 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2988 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 280 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5122 тіркелген) енгізілген өзгеріспен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Осы қаулының мақсаты үшін "Standard & Poor’s" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жоғары өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі:

      1) ақша, оның ішінде:

      кассадағы ақша, бірақ, Ұлттық почта операторының балансы бойынша активтер сомасының он процентінен астам емес;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;

      "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногындағы операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызмет көрсетулерді ұсынатын резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

      4) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

      6) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

      7) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      8) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары;

      9) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      10) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне мынадай жағдайларда:

      Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сатып алу жағдайларында оларды сатса немесе кепілге берсе немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тәсілмен ауыртпалық салса;

      Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сату жағдайларында оларды автоматты "репо" рыногында сатып алса;

      егер осы бағалы қағаздар Ұлттық почта операторына қатынасы бойынша аффилирленген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылса енгізілмейді.".

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады