Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 200 қаулысы. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2988. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Почта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді :

      1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:

      меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;

      ағымдағы өтімділік коэффициенті;

      ашық валюта позициясының лимиттері.

      2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      3. Меншік қаражатының жеткіліктілігі коэффициентінің ең аз мәні 0,10-нан, 2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 0,12-ден кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.12.24. N 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі:

      төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде);

      қосымша капитал;

      өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);

      ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі;

      олардан:

      материалдық емес активтерді алып тастағанда, банктің негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе одан кейінгі кезеңді қамтитын қаржылық есеп беруге арналған күшіне енген Қаржылық есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы 1998 жылғы шілдеде бекіткен Қаржылық есептің "Материалдық емес активтер" N 38 халықаралық стандартына (бұдан әрі - Қаржылық есептің N 38 халықаралық стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда;

      өткен жылдардағы шығындар;

      ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып кетуі;

      басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.

      5. Ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті айдың соңында есептелген өтімділігі жоғары активтердің талап ету бойынша міндеттемелерінің көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

      Ұлттық почта операторының ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,3-тен кем болмауға тиіс.

      5-1. Осы қаулының мақсаты үшін "Standard & Poor’s" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22. N 124 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      6. Жоғары өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі:

      1) ақша, оның ішінде:

      кассадағы ақша, бірақ, Ұлттық почта операторының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан астам емес;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

      клирингтік ұйымның шоттарындағы Ұлттық почта операторының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      ұйымдарға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін банктік қызмет көрсетулерді ұсынатын резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

      4) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

      6) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негiзгi борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескерiп);

      7) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      8) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары;

      9) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      10) болуы мүмкiн жоғалтулар резервiн шегергендегi, базалық активі "Standard & Poor’s" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған эмитенттердің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар.

      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне мынадай жағдайларда:

      Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сатып алу жағдайларында оларды сатса немесе кепілге берсе немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге тәсілмен ауыртпалық салса;

      Ұлттық почта операторының бағалы қағаздарды кері сату жағдайларында оларды автоматты "репо" рыногында сатып алса;

      егер осы бағалы қағаздар Ұлттық почта операторына қатынасы бойынша аффилирленген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылса енгізілмейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22. N 124 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 16.07.2014 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Талап ету бойынша міндеттемелерді есептеуге:

      клиенттердің және корреспондент банктердің талап ету бойынша депозиттері;

      талап ету бойынша басқа да міндеттемелер, оның ішінде, жүзеге асыру мерзімі бір айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген ақша төлемі және аударымы, қолма-қол ақша беру жөніндегі міндеттемелер кіреді.

      8. Есепті кезең ішінде Ұлттық почта операторында кредиторлар мен дебиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелеріне ақша төлемі және аударымы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, өтімділік коэффициентінің есеп айырысу мәніне қарамастан, ағымдағы өтімділік коэффициенті орындалмады деп есептеледі.

      9. Ашық валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы Ұлттық почта операторы талаптарының (міндеттемелерінің) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (міндеттемелерінен) асуы.

      Ұзақ валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (міндеттемелерімен шартты міндеттемелерінің жиынтық сомасынан) асады.

      Қысқа валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (активтерімен шартты талаптарының жиынтық сомасынан) асады.

      Ұлттық почта операторының валюталық нетто-позициясы Ұлттық почта операторының барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептеледі.

      Жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валюталары бойынша ашық валюта позицияларын есептеген кезде, бірінші кезекте Ұлттық почта операторының актив шоттарында және міндеттемелер шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар сальдосы есептеледі. Содан кейін шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған сол шетел валютасы бойынша сальдо айқындалады. Шетел валютасындағы талаптардың (міндеттемелердің) міндеттемелерден (талаптардан) асуын көрсететін сальдо өзара жинақталады, ал алынған нәтиже Ұлттық почта операторының шетел валютасы бойынша ашық позициясының мөлшерімен түрін айқындайды.

      Шетел валютасымен көрсетілген талаптар мен міндеттемелер валюта позициясының осы талаптар мен міндеттемелер көрсетілген (белгіленген, индекстелген) шетел валюталары бөлігіне есепке енгізіледі.

      10. Ұлттық почта операторының ашық валюта позициясы мынадай лимиттерден:

      Standard & Poor`s агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары бойынша - меншік капиталы көлемінің 15 процентінен;

      басқа шетел валюталары бойынша - меншік капиталының 7,5 процентінен аспауға тиіс.

      Валюталық нетто - Ұлттық почта операторының позициясы меншік капиталының 30 процентінен аспауға тиіс.

      Ашық валюта позициясының осы тармағында белгіленген лимиттері есептік ай ішінде кез келген шетел валютасы бойынша бұзылған валюталардың ашық валюта позициясының лимиттері бұдан кейінгі үш ай ішінде белгіленген лимиттердің 5 процентіне азайтыла отырып айқындалады.

      Ашық валюта позициясын және валюталық нетто позицияны есептеуге Ұлттық почта операторының Ислам Даму Банкінен шетел валютасымен алған, Қазақстан Республикасының Үкіметі өтелуіне кепілдік берген заемдарына байланысты талаптары мен міндеттемелері кірмейді.

      Ұлттық почта операторының жеке алынған шетел валютасы бойынша белгіленген лимиттерді 0,09 процент асыруы ашық валюта позициясының лимиттерін бұзу болып саналмайды.

      11. Ұлттық почта операторы ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың жиырма бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей уәкiлеттi органға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысанда пруденциалдық нормативтердiң орындалуы туралы есеп ұсынады.

      Әрбiр шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп ай сайын, есептiк айдан кейiнгi айдың жиырма бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешiктiрмей, есептiк айдың соңғы жұмыс күнiндегi жағдай бойынша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысанда электронды тасымалдағышта ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      11-1. Электрондық тасымалдағыштағы есептер құпиялылығын және ұсынылатын деректердің түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдаланумен ұсынылады.

      Ескерту. Қаулы 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      11-2. Есептілік есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағышта Ұлттық почта операторының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады және уәкілетті органға ұсынылады, сондай-ақ Ұлттық почта операторында сақталады.

      Ұлттық почта операторы уәкілетті органның талап етуі бойынша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Ұлттық почта операторының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қаулы 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      11-3. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты, қаржы агенттігі есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады.

      Ұлттық почта операторы ұсынған есептілікте толық емес және (немесе) шынайы емес ақпаратты анықтаған кезде уәкілетті орган ол жайында Ұлттық почта операторына хабарлайды. Ұлттық почта операторы уәкілетті орган хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.

      Ескерту. Қаулы 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      12. Уәкiлеттi орган Ұлттық почта операторының пруденциалдық нормативтердi сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. Қаулы 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      13. Ұлттық почта операторы осы қаулының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

      14. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      15. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 216 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2433 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 16 басылымдарында 2003 жылғы 28 шілдеде - 10 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      16. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті(Қарақұлова Д.Ш.):

      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Ұлттық почта операторына жіберсін.

      17. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      18. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.Досмұқаметовке жүктелсін.

Төраға



  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі Агенттігі Басқармасының
"Ұлттық почта операторына арналған
Пруденциалдық нормативтерді,
сондай-ақ олардың орындалуы
жөніндегі есептердің нысандарын
және ұсыну мерзімін белгілеу туралы"
2004 жылғы 12 шілдедегі
N 200 қаулысына 1-қосымша

      Пруденциалдық нормативтердің

      орындалуы туралы есеп

      __________________________________________________

      (Ұлттық почта операторының атауы)

      200__жылғы "__" _____________ жағдай бойынша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      мың теңге

      ___________________________________________________________________

      Құрамдас бөліктердің атауы | Мәні

      ___________________________________________________________________

      Меншік капиталы

      Активтер

      Меншік қаражаты жеткіліктілігінің

      коэффициенті (0,08-ден кем емес)

      Өтімділігі жоғары активтер

      Талап ету бойынша міндеттемелер

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті

      (0,3-тен кем емес)

      ___________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)

      ___________________________ ____________ [мөр]

      (аты-жөні) (қолы)

      Бас бухгалтер ___________________ ____________

      (аты-жөні) (қолы)

      Орындаушы _____________________ ___________ ___________

      (аты-жөні) (қолы) (телефоны)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі Агенттігі Басқармасының
"Ұлттық почта операторына арналған
Пруденциалдық нормативтерді,
сондай-ақ олардың орындалуы
жөніндегі есептердің нысандарын
және ұсыну мерзімін белгілеу туралы"
2004 жылғы 12 шілдедегі
N 200 қаулысына 2-қосымша

      Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция

      бойынша валюталық позициялар туралы есеп

      _______________________________________________

      (Ұлттық почта операторының атауы)

      200__жылғы "__" _____________ жағдай бойынша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 131 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      мың теңге

      ___________________________________________________________________

      Шетел валютасының | Ұзақ позиция | Қысқа позиция | Нетто-позиция

      түрі | | |

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жиынтығы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Меншік капиталы

      Валюта түрлері бойынша ашық валюта позицияларының ең көп мөлшері

      .

      :

      Нетто-позицияның ең көп мөлшері

      ___________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам)

      ___________________________ ____________ [мөр]

      (аты-жөні) (қолы)

      Бас бухгалтер ___________________ ____________

      (аты-жөні) (қолы)

      Орындаушы _____________________ ___________ ___________

      (аты-жөні) (қолы) (телефоны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады