Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 14786 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұлттық пошта операторы үшін мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:

      1) меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,12 құрайды.

      Меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді есептеу осы қаулыға 1-1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған Ұлттық пошта операторы активтерiнің кестесiне сәйкес жүргізіледі;

      2) өтімділік коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,30 құрайды.

      Өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің шамасына қатынасы ретінде есептеледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық пошта операторының меншікті капиталы мыналардың:

      материалдық емес активтердің;

      өткен жылдардағы шығындардың;

      ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып түсуі;

      басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу сомалары шегерілген:

      төленген жарғылық капиталдың (ақшалай төленген сомалар шегінде);

      қосымша капиталдың;

      өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);

      ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі сомасы ретінде есептеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар:

      1) ақша, оның ішінде:

      кассадағы ақша, Ұлттық пошта операторының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

      Ұлттық пошта операторының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттықтар және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы;

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дара рейтингі немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис), Fіtch (Фич) рейтингтік агенттіктердің немесе олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтер ұсынатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған бағалы қағаздарды қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі талап етілгенге дейінгі депозиттер;

      4) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      5) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВB" төмен емес рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      6) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      7) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);

      8) ықтимал шығындарға арналған резервтер шегерілген, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      9) Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), пайлары, олардың активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайды немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты;

      10) Mornіngstar рейтинг агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

      11) тазартылған бағалы қағаздар және металл депозиттер;

      12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      13) мынадай талаптарды сақтау шартымен ислам банкінің исламдық қаржыландыру құралдары:

      исламдық банктің ірі акционері болып табылатын ұйымда Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасының немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасының болуы;

      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес ислам банкі үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтау жөніндегі талаптарды орындау;

      14) кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар;

      15) 1 (бір) айға дейін өтеу мерзімі бар автоматты түрде жасалған кері репо операциялары бойынша дебиторлық берешек;

      16) егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілсе және Ұлттық пошта операторының өтімділікке қойылатын талаптарын есептеуге енгізілсе, Ұлттық пошта операторының баланс шоттарында ескерілетін валюталық своп операциялары бойынша талап етілетін сома кіреді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Ұлттық пошта операторының осы қаулының 3-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтерінің есебіне мыналар кірмейді:

      1) Ұлттық пошта операторының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуі болып табылатын және (немесе) Ұлттық пошта операторының меншік құқығы шектелген (репо операцияларын қоспағанда) активтер;

      2) өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне (қор биржасының өкілдік тізімі) кіретін акцияларды қоспағанда Ұлттық пошта операторына қатысты үлестес адамдар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.06.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің есебіне:

      1) клиенттердің және корреспондент банктердің талап етілгенге дейінгі депозиттері;

      2) талап етілгенге дейінгі басқа да міндеттемелер, оның ішінде жүзеге асыру мерзімі 1 (бір) айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген ақша төлемі және аударымы, қолма-қол ақша беру жөніндегі міндеттемелер кіреді.

      5. Ұлттық пошта операторында есепті кезең ішінде кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болған кезде өтімділікке қойылған талап орындалмады деп есептеледі.

      6. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      9. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      10. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      12. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің Төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 11 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
1-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
"Пруденциялық нормативтің орындалуы туралы есеп"

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
1-1-қосымша

Ұлттық пошта операторының салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің кестесі

      Ескерту. Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесі пайызбен

I топ

1.

Қолма-қол теңге

0

2.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы

0

3.

Тазартылған бағалы металдар

0

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзге де талаптар

0

5.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

6.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразия даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен салымдар

0

7.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

8.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

9.

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары, сондай-ақ Еуразия Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен номинирленген бағалы қағаздар

0

10.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының 100 (жүз) пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар

0

11.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

12.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

13.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-ден төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

0

14.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ"-ден төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашық ағымдағы шоттар бойынша талаптар

0

15.

Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар

0

16.

Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

0

II топ

17.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң "АА-"-тен төмен тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің қолма-қол шетел валютасы

20

18.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

19.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

20.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

20

21.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

22.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

23.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар

20

24.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

25.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "AA-"-тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

26.

Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

20

III топ

27.

Тазартылмаған бағалы металдар

50

28.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

29.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

30.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

50

31.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

32.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

33.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

34.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

35.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімінің "негізгі" немесе "баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы осы бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар:
1) эмитенттің бір бағалы қағаздар шығарылымына салынған инвестициялардың көлемі меншікті капиталдың 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайды;
2) бағалы қағаздар шығарылымының валютасы – теңге.

50

36.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен
"ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар

50

37.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-"-тен
"ВВ-"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-"-тен "ВВ+"-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне ашылған ағымдағы шоттар бойынша қойылатын талаптар

50

38.

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамына қойылатын талаптар

50

39.

Тәуекелдің ІІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

50

IV топ

40.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

41.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

42.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарындағы және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар

100

43.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

44.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

45.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

46.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары, тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

47.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар

100

48.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған ағымдағы шоттар бойынша талаптар

100

49.

Тәуекелдің IV тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

100

50.

Төлемдер бойынша есептеулер

100

51.

Негізгі құрал-жабдықтар

100

52.

Материалдық қорлар

100

53.

Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

54.

Басқа активтер

100

V топ

55.

Standюard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

56.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

57.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар

150

58.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

59.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

60.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

61.

Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-"-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

62.

Тәуекелдің V тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

150

  Салымдардың кредиттiк тәуекел
дәрежесi бойынша
мөлшерленген
Ұлттық пошта операторы
активтерiнiң кестесiне
қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленуге тиісті Ұлттық пошта операторы активтерінің есебіне түсіндірме

      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, ұлттық пошта операторында түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар қарыздар (Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Ұлттық пошта операторы активтері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес Ұлттық пошта операторында түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебіне енгізіледі.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 10, 11, және 12-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға:

      салымдар сомасының 100 (жүз) пайызына, оның ішінде ұлттық пошта операторындағы қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;

      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызына;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызына тең болады.

      Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай мөлшерленеді.

      2. Контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) Ұлттық пошта операторы инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.

      Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      3. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша Ұлттық пошта операторы активтерін мөлшерлеу кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 307 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2988 тіркелген, 2005 жылғы 21 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 109 (733) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне ипотекалық ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 тіркелген) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5313 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 10 жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар тiзбесiнің 4-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады