Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 24 тамыздағы N 244 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 1 қазандағы N 258 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5337 болып енгізілді.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4939 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жыл, N 10, 284-құжат), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаменттерімен (басқармаларымен) (бұдан әрі - тіркеуші орган) тіркеу істерінде сақталатын құжаттардың мынадай түрлерінің телнұсқасын берудің және күшін жоюдың тәртібін белгілейді:";
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4.1 Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасы құқық иесіне ғана немесе оның уәкілетті өкіліне (бұдан әрі - өтініш беруші) беріледі.";
      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы "құқық белгілейтін құжаттың" деген сөзден кейін "немесе Куәліктің" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің жоғалуына, бүлінуіне (бұзылуына) себеп болған жағдайларды көрсете отырып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасын беру туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      2) құқық белгілейтін құжаттың немесе Күәліктің түпнұсқасын жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жарияланған жылжымайтын мүлік объектісін тіркелген жері бойынша жергілікті немесе республикалық газеттің данасы.";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін алым төлегенін растайтын құжатты".
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің телнұсқасында "телнұсқа" деген белгі және тіркеуші органның осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мөртаңбасы қойылып, құқық белгілейтін құжаттың немесе Куәліктің барлық мәтіні болуы тиіс";
      8-тармақта "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланган күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                               3. Балиева

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет министрінің
                                          2008 жылғы 1 қазандағы
                                              N 258 бұйрығына
                                                 1-қосымша

                                        Жоғалған немесе бүлінген
                                        құқық белгілейтін құжаттың
                                  телнұсқасын беру және түпнұсқасының
                                       (куәландырылған көшірмесінің)
                                       күшін жою ережесіне 1-қосымша

  ___________________________________________________________________
    (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

        Меншік құқығы туралы куәлік немесе құқық белгілейтін
                 құжаттың телқұжатын беру туралы
                       ӨТІНІШ N__________

Тегі, Аты, Әкесінің аты______________________________________________
СТН__________________________________________________________________
Тұратын жері_________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаты: түрі______, сериясы_______, N_______
Берілді_______________________________, берілген күні________________
       (егер өтініш беруші біреуден артық болса ақпаратты қайталау)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Атынан іс-әрекет етеді_______________________________________________
                                 (уәкілетті өкіл толтырады)
негізінде____________________________________________________________
               (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
_____________________________________________________________________
________________________________________мекен-жайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне
_____________________________________________________________________
                           (құжаттың атауы)
_____________________________________________________________________
________________________________Телқұжатын беруді сұраймын (сұраймыз) Куәлік немесе құқық белгілейтін құжаттың жоғалуына немесе бүлінуіне (бұзылуына) себеп болған жағдайлар___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. Төленгені туралы құжаты: түрі_______ N_______ сомаға_________теңге
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
             (өтініш қабылдаған маманның Т.А.Ә. мен қолы)

Өтініш берген күні:______________200__ж. Уақыты_________сағ_______мин
Орындаудың жоспарлы уақыты___________________________________________
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі____________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілді: күні________ 200__ж.
_____________________________________________________________________
                 (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Әділет министрінің
                                          2008 жылғы 1 қазандағы
                                              N 258 бұйрығына
                                                 2-қосымша

                                        Жоғалған немесе бүлінген
                                        құқық белгілейтін құжаттың
                                  телнұсқасын беру және түпнұсқасының
                                       (куәландырылған көшірмесінің)
                                       күшін жою ережесіне 2-қосымша

_____________________________ _________________ құқығы (ауыртпалығы)
(объекттің мекен-жайы,            (құқық,
   кадастрлық нөмірі)         ауыртпалықтың түрі)
___________________________________ ______________________ тіркелген
(құқықты тіркеган органның атауы)    (тіркелген уақыты)
_______________________________ телқұжаты __________________________
(құқық белгілейтін құжаттың                (телқұжатты алуға арыз
 атауы, күні және нөмірі)                  берген құқық иесінің
                                                    Т.А.Ә.)
"___" 20__________ж. N_______________ арызы бойынша
___________________________________________________________ берілген
       (телқұжатты берген тіркеуші органның атауы)
Орындаушы ____________________ қолы ______________
Бөлім бастығы_________________ қолы ______________
Басшы ________________________ қолы ______________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады