"Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы N 672 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 6 қазандағы N 459 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5345 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 13 тамыздағы N 363 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2010.08.13 N 363 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы N 672 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1955 нөмірімен тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 39 жарияланды, 705-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      7-тармақтағы " 15 күнтiзбелiк күн iшiнде " деген сөздер "30 күнтізбелік күн ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Қубаев М.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады