Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 16 тамыздағы N 672 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1955. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 2010 жылғы 13 тамыздағы N 363 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2010.08.13 N 363 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту тәртiбiн анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиа бағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитетi төрағасының
2002 жылғы 16 тамыздағы 
N 672 бұйрығымен бекiтілген

Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық
авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн
бекiту жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн нақтылау жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тұрақты рейстердi орындайтын әуе кемелерiнiң, авиакомпаниялардың тұрақты рейстерiнiң кестелерiн бекiту тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      әуе қозғалысына қызмет көрсететiн аэронавигациялық өкiлеттi орган - "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын;
      уақыт аралығы (слот) - әуежайда әуе кемесiнiң белгiлi бiр күнi немесе кезеңiнде келу немесе жөнелу операцияларын орындау үшiн рейске бөлiнген уақыт;
      тұрақты рейс параметрлерi - тұрақты рейстiң орындау кезеңiн, әуе кемесiнiң әуежайға келу немесе жөнелу күнiн, уақытын, әуе кемесiнiң үлгісi мен жолаушы сыйымдылығын қамтитын кестесiнiң параметрлерi.

      3. Азаматтық авиация комитеті берген авиабағыттарға арналған куәлiктердiң негiзiнде немесе заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде орындауға жоспарланған Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының және Қазақстан Республикасы әуе қатынасы туралы халықаралық шарттардың қорытындылары негізiнде жүзеге асырылатын шетелдiк авиакомпаниялардың тұрақты рейстерiнiң кестелерiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi бекiтедi.
      Кестенi құрастыру мен бекiтудiң мiндеттерi:
      авиабағытқа берiлген куәлiк жағдайына немесе әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына тұрақты рейс параметрлерiнiң сәйкестiгiн тексеру;
      әуе кеңiстiгiнде және әуежайларда тұрақты рейстердi қауiпсiз орындау жағдайын жоспарлау;
      коммерциялық және техникалық қызметтi ұйымдастыру үшiн  тұтынушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
      жоспарланған рейстердi орындау үшiн қажеттi материалдық ресурстарды есептеу болып табылады.

      4. Тұрақты рейстiң кестесiн жасау, бекiту мен түзету  дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақытта (UTC) жүзеге асырылады.

2. Тұрақты рейс кестесiн қалыптастыру, бекiту

      5. Тұрақты рейстiң кестесiн авиакомпания "Жаз" және "Қыс" деп аталатын екi маусымға әзiрлейдi. Жазғы және қысқы маусымдық кестелердiң қолданылу мерзiмi Халықаралық әуе тасымалдаушылары қауымдастығы (ИАТА) белгiлеген мерзiмге сәйкес келедi:
      "Жаз" - наурыздың соңғы жексенбiсi - қазанның соңғы сенбiсi;
      "Қыс" - қазанның соңғы жексенбiсi - наурыздың соңғы сенбiсi.
      Тұрақты ұшу параметрлерi кестенi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi берген авиабағыт куәлiктерiнiң шарттарына, әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарт күшiне енген шетелдiк авиакомпанияларына арналған талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      6. Авиакомпания Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетiне ұшуды бастардан 30 күнтiзбелiк күн бұрын мынадай құжаттарды ұсынады:
      толтырылған "P" нысандары (осы Ережеге 1-қосымша) 4 данадағы ұшулардың қайталанатын жоспарлар тiзбесi (осы Ережеге 2-қосымша);
      тұрақты рейс авиабағыты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келiсiлген слоттар.

      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi құжаттарды алғаннан кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде "P" нысанын қарап, бекiтедi, кейiннен оларды әуе қозғалысына қызмет көрсететiн өкiлеттi органына бередi.
      Тұрақты рейстiң параметрлерi авиабағытқа берiлген куәлiкке сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi бекiтпеу себебiн хабарлап, әуе қозғалысына қызмет көрсететiн өкiлеттi органына құжаттарды бередi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.10.06 N 459 Бұйрығымен.

3. Бекiтiлген тұрақты рейс кестесiнiң күшiн жою

      8. Авиабағыт бойынша тұрақты рейстердiң бекiтiлген кестесiнiң күшiн жоюды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті авиакомпаниядан авиабағытқа арналған куәлiктi қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру жағдайында немесе авиакомпанияның өтiнiмi бойынша жүргiзедi.

      9. Бұрын күшi жойылған тұрақты рейстердi орындауды қайта жаңғырту осы Ереженiң 6 және 7 тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитетi төрағасының
2002 жылғы 16 тамыздағы 
N 672 бұйрығымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық 
авиабағыттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа 
1-қосымша        

"P" нысан                         ҚазақстанРеспубликасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің 
                                     Азаматтық авиация комитеті  
                                            төрағасы            
                                     _____________________ (Ф.А.Ә.)
                                     2002 "____"  ____________    
                                                 "бекітемін"    

______ навигация кезеңінде _________ авиакомпаниялар рейстерін
орындау графигі

___________________________________________________________________
N |ХААҰ коды  |  Орындау    | Апта күндері     | Бағыт     |Ескерту
  |  және     |  кезеңі     |                  |(әуежай    |
  |рейстер    |             |                  |атауы, УТЦ |
  |нөмірлері  |             |                  |  уақыты)  |
____________________________________________________________________
  |           |ггммдд|ггммдд|1 |2 |3 |4 |5 |6|7|           |
____________________________________________________________________
__|_________________________|______________________________________
N | Коммерциялық құқығы     |"тоқта-овер"|Техникалық|Құрастыру| ӘК
  |   бар участоктер        |құқығы бар  |  қону    |         |үлгі.
  |                         |пункттер    |пункттері |         |гі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     Авиакомпания басшысы              Ф.А.Ә.

                              МО

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитетi төрағасының
2002 жылғы 16 тамыздағы 
N 672 бұйрығымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық 
авиабағыттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа 
2-қосымша        

Ұшудың қайталанатын жоспарларының тізбесі (RPL)

____________________________________________________________________
     Пайдаланушы            | Адресат (тар)  |  Ұшу    |Күні|се.|бет
                            |                |әуеайлақ.|Г.м.|рия|
                            |                |  тары   | д. |лы |
____________________________________________________________________
+|(г.м.|(г.м.|      ұшу     |ӘК  | ӘК   |Әуе.|Бағыттар |   Қосымша
-| д.) | д.) |    күндері   |та. |үлгісі|ай. |Крейсер. | мәліметтер
|жа.  |бой. |              |ным | және |лақ |лік      |
|рам. |ынша |              |ин. |іздің |және|         |
|ды   |жа.  |              |дек.|турбу.|ұшу |         |
|     |рам. |              |сі  |лент. |уа. |         |
|     |ды   |              |    | тік  |қыты|         |
|     |     |              |    |санаты|    |         |
____________________________________________________________________
|     |     | 1|2|3|4|5|6|7|    |  |   | |  |Жыл|Эше|Ба|Тағай.|ес.
|     |     |              |    |  |   | |  |дам|лон|ғыт|ындау|кер
|     |     |              |    |  |   | |  |дық|   |   |әуеай|ту
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   | лағы|
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   | және|
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   |есебі|
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   | біт.|
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   | кен |
|     |     |              |    |  |   | |  |   |   |   |уақыт|
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Авиакомпания басшысы              Ф.А.Ә.

                              МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады