Ескерту. ҚР Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 Бұйрығының күші жойылды - ҚР Индустрия және Сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 59 Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабы
11-1)-тармағына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес тауарлардың шыққан елін айқындау және тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережелері бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2001 жылғы 7 қыркүйектегі N 322-а бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 30 қарашада N 1684 нөмірмен тіркелінген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 4, 535-құжат).
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев_____________
2008 жылғы 23 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 24 қыркүйектегі
N 374 бұйрығымен бекітілген
Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесі Қазақстан Республикасының аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеу/қайта өңдеуге ұшырайтын тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды ресімдеу, куәландыру және беру тәртібін белгілейді.
2. Ереже тауардың шығуы туралы сертификатты беруге және куәландыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілдік берілген мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), тауардың шығу тегіне сараптау жүргізуге уәкілетті ұйымға және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорттауды және кері экспорттауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлардың қазақстанда шығарылғаны туралы сертификат алуға мүдделі шаруашылық субъектілеріне арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан тауарларды әкетуді жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерге қатысты болады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
3. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады және олардың анықтамалары:
1) адвалорлық үлес – түпкілікті өнім бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін пайдаланылған материалдардың құнының немесе қосылған құнның пайыздық үлесі;
2) өтініш беруші – тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі заңды немесе жеке тұлға;
3) жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемі – тауарлардың шығу тегін айқындау қағидаттарының бірі, осыған сәйкес тауар, егер, оны өндіруге екі немесе одан да көп елдер қатысса, тауарды өңдеу/қайта өңдеу немесе дайындау бойынша тауарға сипаттық қасиеттер беруге жеткілікті соңғы операцияларды жүзеге асырған елден шыққан деп есептелінеді;
4) кері экспорт – шетелден өңделмей/қайта өңделмей әкелінген тауарларды елден әкету;
5) тауардың шыққаны туралы сертификат – тауардың шыққан елін куәландыратын және уәкілетті мемлекеттік орган немесе, егер әкетілетін мемлекетте тауарды шығарушы елден алынған мәліметтер негізінде сертификат берілсе, әкету мемлекеті берген құжат;
6) тауардың шыққан елі – онда тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті өңдеуге/қайта өңдеуге ұшыраған ел;
7) кедендік бақылау – орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендік және өзге заңнамалардың сақталуы жөнінде Қазақстан Республикасының кедендік органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
8) тауар – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалатын мүлік, соның ішінде ақпаратты жеткізгіштер, валюталық құндылықтар, электр жылу, энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ халықаралық тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын қоспағанда көлік құралдары;
9) сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - сандық белгі немесе сандық белгілердің (кодтардың) топтары түрінде тауарлық топтарды, позицияларды, кіші позицияларды, шағын кіші позицияларды қамтитын тауарлардың жіктегіші. Жіктегіштердің кез келген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады;
10) "франко-завод" шартындағы баға – жүкті тиеуге кедендік ресімдеуге және экспорттау елінен тауарды әкетуге, төленетін шығыстарды қоспағанда, тауарды өндіру кезінде қолданылатын барлық материалдардың құнын қамтитын баға;
11) экспорт – отандық немесе бұрын шетелден әкелінген және сыртқы нарықта оларды іске асыру үшін қайта өңдеуге ұшыраған тауарларды елден шығару.
2. Тауардың шығу тегі туралы сертификат
4. Тауардың шыққан елі қорғаулық деңгейі бар арнайы бланкіде ресімделген тауардың шығу тегі туралы сертификатпен куәландырылады.
5. Тауарлар шығу тегі туралы сертификаттарды уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және аталған Ереженің 4-тарауына сәйкес ресімделеді.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумақтарынан, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кеден аумақтарының қалған бөлігіне әкелген кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат, егер аталған сертификат келісімнің шарттары бойынша, тауарды әкелетін елдің ұлттық ережелері бойынша қажет болса, аталған сертификаттардың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, Қазақстан Республикасы тарифтік преференцияларды ұсынған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган береді.
7. Тауардың шығу тегі туралы сертификат белгіленген жүк қабылдаушыға белгіленген жүк жіберушіден бір немесе бірнеше көлік құралдарымен жүзеге асырылатын тауардың әр жеткізіліміне ресімделеді.
8. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданыс мерзімі берілген күннен бастап 12 айды құрайды.
9. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу мынадай нысандар бойынша:
1) СТ-1 нысанды сертификат – Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі - ТМД) елдеріне әкетілетін тауарларға;
2) "А" нысанды сертификат – Еуропалық Ынтымақтастық елдері: Австрия Республикасы, Венгер Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Грек Республикасы, Ирландия, Италия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Дания Корольдігі, Испания Корольдігі, Швеция Корольдігі, Нидерланд Корольдігі, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Португалия Республикасы, Болгария Республикасы, Кипр Республикасы, Мальта Республикасы, Польша Республикасы, Румыния, Словения Республикасы, Словакия Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Бірліккен Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Чех Республикасы, Эстон Республикасы, сондай-ақ мынадай елдерге: АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Жапония елдеріне экспортталатын тауарларға;
3) "Түпнұсқа" нысанды сертификат – ағылшын және/немесе орыс тілдерінде (өтініш беруші белгілейді) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын көрсетілмеген елдерге әкетілетін тауарларға жүзеге асырылады;
4) "СТ-КЗ" нысанды сертификат – мына тауарларға:
- жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкелінетін тауарларға;
- Қазақстан Республикасының аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
10. СТ-1, "А", "Түпнұсқа", СТ-КЗ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификаттар және олардың көшірмелері қағаздың сапасы мен өлшемі бойынша мынадай талаптарға жауап берулері тиіс:
1) сертификат бланкісінің өлшемі 210x297 мм болуы қажет, сонымен бірге ұзындығы бойынша ауытқу үлкен жағына 5 мм немесе кіші жағына 8 мм болуы мүмкін. Қолданылатын қағаз механикалық целлюлоза қосылмаған, ақ жапсырылған жазба қағаз болуы қажет, қағаздың 1 м
2
массасы 25 г кем болмауы қажет;
2) сертификат бланкісінде басылған түсті гильотировка болуы қажет: "А" нысаны – жасыл, СТ-1, "Түпнұсқа", "СТ-КЗ" нысандары – көгілдір, "Түпнұсқа" нысанды тауардың шығуы туралы сертификаттың көшірмесі жасыл түсті, ол механикалық немесе химиялық тәсілдермен қолмен жасалған кез-келген затты көзбен анықтауға мүмкіндік береді. СТ-1 формалы тауардың шығуы туралы "СТ-КЗ" сертификаттың көшірмесі қорғалмаған бланкте орындалады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
3. Тауардың шыққан елін анықтау
11. Тауардың шыққан елін анықтау үшін мыналар белгіленуі қажет:
1) тауар толығымен Қазақстанда шығарылған;
2) жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдерін ескере, Қазақстанда шығарылған;
3) шетелде шығарылған.
12. Толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған болып есептелінетін тауарларды анықтау Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 34-бабына сәйкес жүргізіледі.
13. Тауар өндіруде бір немесе бірнеше ел қатысқан кезде, тауарды шығарушы ел болып осы баптың ережелеріне сәйкес жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап беретін тауарды шығару немесе қайта өңдеу жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырған ел саналады.
Жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдері мыналар:
1) тауарды өңдеу/қайта өңдеу нәтижесінде болған, кез-келген алғашқы төрт белгі деңгейінде сыртқы экономикалық іс-әрекеттің Тауарлық номенклатурасы бойынша тауар кодының өзгеруі;
2) тауарды шығарған ел ретінде есептеу үшін сол елде орын алған жеткілікті орындалған өндірістік немесе технологиялық операциялардың жасалуы;
3) қолданылған материалдар құнының пайыздық үлесі және қосылған құн соңғы өнім бағасында (адвалорлық үлес ережесі) қалыпты үлеске жеткендегі тауар құнының өзгеруі болып табылады.
14. Тауарды өңдеу/қайта өңдеу нәтижесінде болған, кез-келген алғашқы төрт белгі деңгейінде сыртқы экономикалық іс-әрекеттің Тауар номенклатурасы бойынша тауар кодының өзгеруі - жеткілікті өңдеу/қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады, тауарды дамымаған елдер өндірісінде қолдану кезінде тауарға қажетті шығу мәртебесін беру үшін, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесіне енгізілген тауарлары есепке алынбайды.
Бұл тізбеге шарттардың бірі болып, адвалорлық үлес ережесі өз бетімен де, сонымен бірге тауарды жеткілікті өңдеу/қайта өңдеудің басқа да өлшемдерімен бірге енгізілген.
Қазақстанда тұтынуға арналған Қазақстан Республикасының аумағында және арнайы экономикалық аймақтарда және еркін қоймаларда тауарлардың шыққан елін айқындау үшін нақты тауарларға қатысты үшінші елдердің тауарларды шығаруында пайдалану кезінде тегі мәртебесін тауарға беру үшін қажет шарттардың өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі "Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдердің бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 15 қазандағы N 1054 қаулысымен белгіленген.
Қазақстан Республикасында өндірілген және одан шығарылатын тауарлардың шыққан елін анықтау үшін, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарының тізбесі 2000 жылғы 30 қарашадағы ТМД Басшыларының Кеңесі Шешімімен бекітілген және ЕЭЫ N 2454/93 Нұсқауында N 12/97, 46/1999 толықтыруларымен "Тауарлардың шыққан елін анықтау ережелерінде" келтірілген.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
15. Жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемінің талаптарына жауап бермейтін болып мыналар есептеледі:
1) сақтау немесе тасымалдау кезінде тауардың сақталуын қамтамасыз ететін операциялар;
2) тауарды сату және тасымалдауға дайындау бойынша операциялар (партияларды бөлу, жіберу, сұрыптау, қайта буып-түю) буылған тауарды ашу және қалыптастыру;
3) жуу, тазалау, шаңнан тазарту, қышқылмен, маймен немесе басқа заттармен жапсарлау;
4) тоқыманы үтіктеу немесе нығыздау (талшық пен тоқыманың кез-келген түрі, талшық пен тоқыманың кез-келген түрінен жасалған тігілген материалдар және олардан жасалған бұйымдар);
5) бояу немесе жылтырату операциялары;
6) қабыршықтау, жартылай немесе толық ағарту, дәнді-дақылдар мен күрішті тазалау;
7) қантты бояу немесе ірі қант жасау операциялары;
8) жемістердің, көкөністердің және жаңғақтардың қабығын тазалау, дәнін алу және бөлшектеу;
9) ұштау, жай ұнтақтау немесе жай кесу;
10) елеуіштен өткізу, сұрыптау, жіктеу, іріктеу, талдау (соның ішінде бұйымдар жинақтарын құру);
11) банкаларға, флакондарға, қаптарға, жәшіктерге, қораптарға құйып-орналастыру және буып-түюге байланысты басқа да қарапайым операциялар;
12) қарапайым құрастыру операциялары немесе тауарларды бөлшектеу;
13) тауардың алғашқы қалпынан алынған құрамдастарды өзгермейтіндей етіп тауарларды құрамдап бөлу;
14) алғашқы құрамнан алынған өнімді өзгермейтіндей етіп тауарларды араластыру;
15) малды сою, етін бөлшектеу;
16) жоғарыда аталған операциялардың екі немесе одан да көп сандарының бірегейлігі.
16. Адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндіруде адвалорлық үлесті есептеу Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 35-бабы 4-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тауарды өндіруде адвалорлық үлесті есептеу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
17. Ашылған немесе жиналмаған күйде бірнеше партиямен әкелінетін тауардың шыққан елін анықтау Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 36-бабына сәйкес жүргізіледі.
18. Тауардың шыққан елін анықтау кезіндегі ерекшеліктер Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 37-бабында белгіленген.
19. Тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі сараптамамен байланысты жұмыстар өтінімнің негізінде және осы Ереженің 22-тармақта көрсетілген тізімге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізіледі.
20. Тауардың шығу тегін сараптауды жүргізуге құзіретті ұйым тауардың шыққан тегін сараптауды өтінім толық құжаттар жиынтығымен ұсынылған уақыттан бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырады.
21. Тауардың шығу тегін сараптау, өзіне:
1) осы Ереженің 22–тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттарды сараптауды;
2) тауардың тұрған орнына бару арқылы, сыртқы нышандары (атауына, типіне, таңбалануына, буып-түюілуіне, класына, сапасына, шығарушы-кәсіпорынға) бойынша тауарды сәйкестендіруді;
3) жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу және тауардың қосылған құнын анықтау өлшемін белгілеу мақсатымен тауарды өндірудегі технологиялық үрдісті сараптауды;
4) егер тауарды басқа тәсілмен сәйкестендіру мүмкіндігі болмаса, зертханалық сынақты және зерттеуді қамтиды.
Сараптаманың қорытындылары осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес тауардың шығу тегі туралы актіге немесе 2-қосымшаға сәйкес сараптау актісімен ресімделеді.
22. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге берілетін өтінімге қоса (осы Ережеге 3-қосымша) мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш берушінің заңды мәртебесін растайтын (заңды тұлға болып құрылмаған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін – төлқұжаты, жеке куәлігі, жеке кәсіпкердің патенті немесе куәлігі) құжаттары;
2) сыртқы сауда келісімінің түпнұсқасы және көшірмесі;
3) шот-фактураның немесе тауарға арналған инвойстың түпнұсқасы және көшірмесі;
4) тауардың шығу тегін растайтын (тауарды алуға немесе тауарды шығарушымен шарт, шот-фактуралар, қажет болған жағдайда тауарды тасымалдау туралы құжаттар) құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі;
5) қызметтің түріне лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
6) "жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу" өлшемдерін анықтау үшін (тауарды өндіруде пайдаланылатын шикізаттың және компоненттің құнын, шикізатты жеткізуге шарттар, шоттар, төлем құжаттары, көліктік және өзге де нормативтік және технологиялық құжаттарға сәйкес өндірілген тауар, пайдаланылған шикізат құнының немесе шет елден шыққан компоненттің есебімен тауардың өзіндік құнының есебі, шығындардың калькуляциясы, қосылған құн) құжаттары;
7) егер тауар жануар тегінен, өзен және теңіз шаруашылығының тауары болып табылса, ветеринарлық куәлік;
8) қойманың мекен-жайын көрсету арқылы қоймадағы тауардың бар болуы және саны туралы қоймалық анықтама;
9) өтінім берушінің мүдделерін қорғауға сенімхат;
10) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: аталған аумақтағы өнім партиясын өсіру туралы Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігіне сәйкес келетін жергілікті атқарушы органның анықтама – растауы; өнім өндірушімен шарт, түпнұсқаны міндетті түрде ұсыну арқылы тауарды алуға шарт немесе тауар өндірушімен жасалған шарттың нотариуспен куәландырылған көшірмесі санынан сарапшы анықтайды.
Осы тармақтың 2) және 3)-тармақтарында көрсетілген құжаттар:
арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне тауарлар шығару;
Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлар шығарылған елді анықтау кезінде көрсетілмейді.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
23. Қосымша зерттеулер жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі сараптаманы өткізуге уәкілетті ұйым:
1) рұқсаттамаларды, лицензияларды, шикізаттың, материалдардың, құрамдастардың шығуын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін;
2) акредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақ хаттамасы, егер тауарды зертханалық сынақтарсыз және зерттеусіз сәйкестендіру мүмкіндігі болмаса сұрай алады.
Құжаттардың түпнұсқалары оларды көшірмелермен сәйкестендіргеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады.
24. Сараптау қорытындысы бойынша, тауар:
1) толығымен Қазақстанда шығарылған;
2) жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдері есебімен Қазақстанда шығарылған;
3) шетелде шығарылған.
25. Белгіленген тәртіпте аттестатталған және уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізген тауардың шыққан елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор сараптаманы жүргізеді және сараптамалық қорытындыға қол қояды.
26. Толығымен Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттардан, материалдардан, өнімдерден) өндірілген тауарлардың тегін анықтауда тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) аталған тауарды дайындаудағы технологиялық үрдіс (техникалық жағдайлар, техникалық нұсқаулықтар);
2) тауарды өндіруде пайдаланылған шикізаттар, материалдар мен құрамдастарды жеткізушілерді;
3) сатып алынған шикізаттар мен құрамдастарға төлем туралы құжаттардың болуы (аты, нөмірі).
27. Жеткілікті өңдеу/қайта өңдеудің өлшем есебімен тауардың шығу тегін белгілеуде тауардың шығу тегі туралы сертификатта ресімдеуге арналған сараптама актісінде тауар Қазақстанда шығарылған не шетелде шығарылған деп анықталады деген сараптамалық қорытынды беріледі.
28. Тауарды кері экспорттауда оның Қазақстан Республикасына келуін растайтын құжаттар көрсетіледі (тауардың шығу тегі туралы сертификат, жүк кеден декларациясы және тауарға ілеспе құжат).
4. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу және куәландыру тәртібі
29. Тауардың шығу тегі туралы
сертификат 1 жұмыс күні
ішінде құзырлы мемлекеттік орган төмендегі негіз бойынша ресімдейді және куәландырады:
1) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес өтінімдер;
2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) осы Ереженің 22-тармағына сәйкес өтініш берушінің сараптамаға ұсынған құжаттары.
30. Тауардың шығу тегі туралы сертификат толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген немесе жеткілікті өңдеу/қайта өңдеуге өлшемдеріне сәйкес жеткілікті өңдеуден өтетін тауарларға ресімделеді.
31. Тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 38 – 41-тармақтарда мазмұндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ өтініш беруші қол қояды және куәландырады.
32. Тауардың шығу тегі туралы сертификат 3 данада дайындалады: біріншісі түпнұсқа болып табылады, екіншісі және үшіншісі – қорғалмаған бланкілерде орындалған көшірмелер. Сертификаттың түпнұсқасы және бір көшірмесі өтініш берушіге тапсырылады, екінші көшірмесі сертификатты берген уәкілетті мемлекеттік органда сақталады.
Өтініш берушінің талабы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган қорғалмаған бланктарда сертификат көшірмелерінің қажетті санын береді. Көшірме мұқабасының бланкының "Қызметтік белгілеу үшін" немесе "Қосымша мәліметтер" бағандарында мынадай жазбалар жазылады: "Көшірме дұрыс", уәкілетті тұлғаның қолы қойылған көшірмелердің берілген күні мөрмен куәландырылады.
33. Сертификаттардың толтырылған бағандарындағы бос жерлер ("СТ-1" нысаны – 6,7,8,9,10 бағандары; "А" нысаны – 5,6,7,8,9,10; "Оригинал" нысаны – 7,8,9,10) оны куәландырғаннан кейін қосымша жазбаларды болдырмас үшін ("Z" белгісімен) қолмен жазылуы тиіс.
34. Сертификаттарда түзету, ластау және куәландырылмаған түзетулер жіберілмейді. Қате ақпарат және түзетілген мәліметтерді өшіру, соңынан сертификатты куәландыратын уәкілетті тұлғаның қолымен және уәкілетті мемлекеттік органның мөрімен куәландыру жолымен сертификатқа түзетулер және/немесе толықтырулар енгізіледі.
Егер сертификаттың бағандарында қамтылған мәліметтер өзгертілген жағдайда жаңа сертификат өтініш беруші алдыңғы берілген сертификатты қайтарғаннан кейін, жаңа сертификат беруде негіздеме ретінде жойылатын және тігілетін, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған жағдайда беріледі. "А" немесе "Түпнұсқа" нысанды сертификаттардың 4 бағанында немесе "СТ-1" нысанды сертификаттың 5 бағанында "Сертификаттың орнына берілді" белгісі жойылған сертификаттың нөмірі мен күнін (басқа сертификаттың орнына берілген сертификатқа жаңа реттік нөмір беріледі) көрсету арқылы жасалады.
35. Ресімделген сертификаттар тауардың шығу тегі сертификаттарын беру есебін жүргізу жөніндегі тізілімге қол қою арқылы өтініш берушіге беріледі.
36. Сертификаттарды өзге шаруашылық қызметтердің субъектілеріне тапсыру жүргізілмейді.
37. Құжаттар және бұл құжаттардың негізінде берілген сертификаттар көшірмелері құзіретті мемлекеттік органда 3 жыл бойы сақталады.
38. СТ-1 нысанды сертификат осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес орыс тілінде толтырылады, сертификаттың бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған - "Жіберуші/экспорттаушы (атауы және пошталық мекен-жайы)". Егер жіберуші және экспорттаушы әр түрлі заңды тұлғалар болып табылса, жіберуші (атауы және пошталық мекен-жайы) экспорттаушы (атауы және пошталық мекен-жайы) "тапсырмасы бойынша әрекет етеді".
Бағандарды толтыруда жіберуші/экспорттаушының, оның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікке сәйкес, ал пошталық мекен-жайы, оның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікке сәйкес атауы, әлде жіберуші/экспорттаушының нақты орналасқан жерін растайтын құжат көрсетіледі;
2) 2-баған - "Қабылдаушы/импорттаушы (атауы және пошталық мекен-жайы)". Егер жіберуші және экспорттаушы әр түрлі заңды тұлғалар болып табылса, жіберуші (атауы және пошталық мекен-жайы) импорттаушының (атауы және пошталық мекен-жайы) "тапсырмасы бойынша әрекет етеді". Бағандарды толтыруда қабылдаушы/импорттаушының, оның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікке сәйкес, ал пошталық мекен-жайы, оның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікке сәйкес атауы, әлде қабылдаушы/импорттаушының нақты орналасқан жерін растайтын құжат көрсетіледі;
3) 3-баған – "Көлік құралы және бару бағыты" (бұл қаншалықты белгілі). Жүктің баратын бағыты мен көліктің түрі көрсетіледі (қаншалықты белгілі болса);
4) 4-баған – тауардың шыққан тегі туралы сертификаттың тіркелген нөмірі, оның нысаны, "Қазақстан Республикасы" сертификатын берген ел және осы сертификат қай елге арналғаны көрсетіледі;
5) 5-баған – "Қызметтік белгілер үшін". Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазбалар: "Соңынан берілген", "Түпнұсқа", "Сертификаттың орнына берілген", "ТМД Кумуляциясы";
6) 6-баған – "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7) 7-баған – "Орындардың саны және буып–түйілген түрі";
8) 8-баған – "Тауардың сипаты". Тауардың коммерциялық атауын және кедендік рәсімдеу мақсатында тауардың бір мағыналы сәйкестігін жүргізуге мүмкіндік беретін өзге мәліметтер көрсетіледі (сыртқы сауда келісім-шартының, лицензиялардың, рұқсатнамалардың күні және нөмірі).
Бағанды толтыру үшін беттің мұқабасында орын жетпеген жағдайда тауардың шығу тегі туралы қосымша белгіленген тәртіпте толтырылған (сертификаттың бланкісіндегі сондай тіркелген нөмірі және мөрмен, қолмен куәландырылған) парақ (парақтар) қолдануға болады (осы Ережеге 5-қосымша). Сертификаттың екінші бетінде толтыру жіберілмейді;
9) 9-баған – "Шығу тегінің өлшемдері". Тауарларды шығаруда мынадай өлшемдер көрсетіледі:
П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
Д - Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (тауарлық позиция) кодының бірінші төрт санын көрсету арқылы соңғы өнімнің жеткілікті өңдеу/қайта өңдеуге ұшыраған тауары, мысалы – 1701;
К - кумулятивті қағидаттың негізінде шыққан елі анықталған тауар.
Егер сертификатта Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының әр түрлі тауарлардың позицияларында жіктелген шығу тегінің әр түрлі өлшемдері бар тауарлар жазылған болса, онда 9-бағанда барлық өтінілген тауарлар үшін бұзылды өлшемі көрсетіледі;
10) 10-баған – "Салмағы брутто/нетто (кг)". Тауардың салмағы немесе сандық сипаты көрсетіледі; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санның арасы 5% көп болмауы қажет;
11) 11-баған – "шот–фактураның нөмірі және күні". Шот-фактура немесе шот-проформа немесе тауардың қаржылық-сандық өлшемдері көрсетілген өзге құжат туралы мәлімет көрсетіледі (ұзақ мерзімді келісім-шарттарды жүзеге асырған кезде, егер жүк сол бір ғана жүк жіберушіден сол бір ғана жүк алушыға барған жағдайда, бағанды толтыру міндетті емес);
12) 12-баған – "Куәлік". Уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын оның атауын, мекен-жайын, мөрін және күнін, сондай-ақ сертификатқа қол қою құқығы берілген уәкілетті тұлғаның қолы, аты-жөнін қамтиды;
13) 13-баған – "Өтініш берушінің декларациясы". Тауардың шыққан елінің атауы, өтініш беруші уәкілетті тұлғаның аты-жөні, тауардың шыққан елі туралы мәліметтерді декларациялау орны мен күні, өтініш берушінің қолы және мөрі көрсетіледі.
Келісімге қатысушы мемлекеттердің шеңберінде тауарларды кері экспорттау кезінде, тауарды шығарушы елдің СТ-1 нысанындағы сертификаты болған кезінде, оны ауыстыра алатын басқа сертификаттар берілуі мүмкін. Осылайша, сертификаттың 5-бағанында: "Сертификат шығарушы елдің сертификаты негізінде берілді" деп (нөмірі мен күнін көрсету арқылы) белгіленеді.
Келісімге қатысушы мемлекеттердің шеңберінде тауарларды кері экспорттау кезінде олардың аумағында әзірленген және қатысушы-мемлекеттердің кедендік аумақтарында тасымалданған тауарларға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары Кеңесінің Шешімімен бекітілген 1993 жылдың 24 қыркүйегіндегі тауарды шығарған елді анықтау туралы ереже енгізілгенге дейін 5-бағанда көрсетілген: "Тауар _____ жылы ____________ (ел-оның қазіргі замандағы атауы көрсетіледі) ____________ (әзірлеушінің атауы көрсетіледі) шығарылған" деп жазылған СТ-1 нысанындағы тауардың шығу сертификатын беруі мүмкін. Сондай-ақ сертификаттың 9-бағанында сызықша қойылады. Тауарды дайындаушы Кеңестік социалистік республикалар одағының республикасының және пошталық мекен-жайының атауы, тауарды шығарған жылы туралы растау құжаттарын ұсынған жағдайда шартында сертификат берілу мүмкін.
Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
39. Тауар Келісімге қатысушы мемлекеттердің бір резидент жеке тұлғасы арқылы шығарылатын (енгізілетін) болса, СТ-1 нысанындағы сертификат мынадай ерекшеліктерді есепке ала отырып толтырылады:
1) 1-баған – жүк жөнелтушінің аты-жөні, мекен-жайы;
2) 2-баған – мәліметтер бар болса – жүк жөнелтушінің аты-жөні, мекен-жайы, сондай-ақ "Еркін айналым үшін" деген белгі;
3) 5-бағанды және 11-бағанды мәліметтер болмаған жағдайда, толтырмауға болады;
4) 13-баған жүк жөнелтушінің аты-жөні көрсетіліп, қолы қойылып куәландырылады.
40. "А" нысанындағы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің өтінішіне сәйкес, құжаттың нысанына сай ағылшын тілінде толтырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) оң жақ жоғарғы бағанда нөмірсіз сертификат берген елдің "Қазақстан Республикасының" атауы ("Issued in the Republic of Kazakhstan") және осы Ереженің 38-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген деректерге ұқсайтын тіркелу сертификаттың нөмірі көрсетіледі;
2) 1-баған – экспортқа шығарушы елдің атауы, мекен-жайы;
3) 2-баған - импорттаушы елдің атауы, мекен-жайы.
Егер жүк үшінші елге жөнелтілетін болса немесе жүкті қабылдап алушы белгісіз болса, "мақсаты бойынша" ("То order") деп көрсетіледі;
4) 3-бағанда – экспортталатын жүктің (оның қаншалықты мәлім екеніне байланысты) тасымалдау көлігінің түрі мен жүру бағыты.
Егер аккредиттеу шарты немесе басқа да құжаттар толығырақ егжей-тегжейді талап етпесе, тасымалдау әдісі көрсетіледі (мысалы, "Әуе жолымен" ("By air"), "Теңіз жолымен" ("By sea"), "Темір жолмен" ("By train"));
Егер жүк үшінші ел арқылы жөнелтілетін болса, онда 3-бағанда, мысалы, былай көрсетіледі: "Мәскеу арқылы Алматыдан Лондонға әуе жолымен" ("By air from Almaty to London through Moscow");
5) 4-баған – ресми ақпараттарға арналған орын. Бұл бағанда мынадай ақпарат көрсетіледі: егер сертификат тауар жөнелтілгеннен кейін берілсе "Ретроспективті берілді" ("Issued retrospectively"), немесе телнұсқаны берілген жағдайда "Телнұсқа" ("Dublicate") деп көрсетіледі;
6) 5-баған – әр түрлі тауарлардың реттік нөмірлер;
7) 6-баған – таңбалау және тауар орындарының саны (сипаттама шын мәніндегі таңбалауға және жөнелтілетін тауардың орамасындағы нөмірге сәйкес келуі керек);
8) 7-баған – тауардың атауы, тауардың сипаттамасы және орам түрі, сыртқы сауда келісім-шартының күні, лицензияның (егер лицензия бар болса) және рұқсат қағазы (егер рұқсат қағазы бар болса) нөмірі мен күні;
9) 8-баған – тауардың шығарылу өлшемдері импорттаушы елдің талаптарына сәйкес толтырылады;
10) 9-баған – брутто салмағы немесе тауардың басқа да сандық сипаттамалары (мысалы, данасы, метрі);
11) 10-баған – шот-фактураның нөмірі мен күні. Шот-фактураның күні сертификат куәлігінің күнінен кейін болмауы керек.
Егер шот-фактура шарттың немесе сыртқы сауда келісім шарттарының шарттары бойынша коносаментке негізделіп, немесе қабылдау-тапсыру актісінің, не аккредиттеу негізінде рәсімделетін болса, онда бағанда "коносамент негізінде", "қабылдау-өткізу актісі бойынша", "аккредиттеу негізінде" деп көрсетілуі керек;
12) 11-баған – тауардың шығуы туралы сертификатқа қол қоюға құқығы бар уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың ресімделген күні және куәліктің орны (почталық мекен-жайы) көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның мөрі;
13) 12-баған – тауардың шығуы туралы сараптамалық актіге сәйкес тауарды шығарушы ел және тауарды импорттаушы ел, толтырылған орны мен күні көрсетілген өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.
Импорттаушы елдің талап етуі бойынша "А" нысанындағы сертификатқа басқа да мәліметтер енгізілуі мүмкін (тауардың құны). Сертификатқа қосымша мәліметтерді қосу ортақ келісілген болуы керек, ол шарттарда немесе келісім-шарттарда көрсетілуі тиіс.
41. "Түпнұсқа" нысанындағы сертификат ағылшын және орыс тілдерінде (бұл жағдай келісім-шарттарда немесе шарттарда қалай көрсетілгеніне байланысты болады) құжаттың нысанын қатаң сақтай отырып, толтырылады (осы Ережеге 8 және 9-қосымшалар):
1) оң жақ жоғарғы бағанда сертификатты берген ел "Қазақстан Республикасында берілген" ("Issued in the Republic of Kazakhstan") деп нөмірсіз және сертификаттың тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2) 1-баған - жөнелтуші елдің атауы, мекен-жайы;
3) 2-баған - алушы елдің атауы, мекен-жайы.
Егер жүк үшінші елге жөнелтілетін болса, не жүкті қабылдап алушы белгісіз болса, онда "мақсаты бойынша" ("То order") деп көрсетіледі;
4) 3-баған - тасымалдау көлігінің түрі мен жүру бағыты.
Егер аккредиттеу шарты немесе басқа да құжаттар егжей-тегжейлі бөлімдерді талап етпесе, тасымалдау әдісі көрсетіледі (мысалы, "Әуе жолымен" ("By air"), "Теңіз жолымен" ("By sea"), "Темір жолмен" ("By train")).
Егер жүк үшінші ел арқылы жөнелтілетін болса, онда 3-бағанда, мысалы, былай көрсетіледі: "Мәскеу арқылы Алматыдан Лондонға әуе жолымен" ("By air from Almaty to London through Moscow");
5) 4-баған - ресми ақпараттарға арналған орын. Бұл көрсетіледі былай жазылуы мүмкін: егер сертификат тауар жөнелтілгеннен кейін берілсе "Ретроспективті берілді" ("Issued retrospectively"), ал егер дубликаты берілсе "Дубликат" ("Dublicate") деп көрсетіледі;
6) 5-баған - тауарларды шығарған ел (Қазақстан Республикасы);
7) 6-баған - сыртқы сауданың келісімдеріне (шарттарға) сәйкес келетін қосымша мәліметтер;
8) 7-баған - реттік нөмірі;
9) 8-баған - тауардың сипаттамасы, лицензияның нөмірі мен күні (егер талап етілсе), сыртқы сауда келісімінің (шарттарының) нөмірі мен күні;
10) 9-баған – орын саны және орам;
11) 10-баған - жалпы салмағы немесе тауардың басқа сандық сипаттамалары;
12) 11-баған - тауардың шығуы туралы сертификатқа қол қоюға құқығы бар уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың ресімделген күні және куәліктің орны (пошталық мекен-жайы) көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның мөрі;
13) 12-баған - тауарды импорттаушы ел, толтырылған орны мен күні көрсетілген өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.
Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
41-1. Осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес "СТ-КЗ" нысанды сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында оның берген тауарлары туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған – "Тауарды өндіруші (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды өндіруші болып табылатын жеке және заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландырылатын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес. Соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауар өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтардың және еркін қоймалардың атауы көрсетіледі;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің почталық мекен-жайы көрсетіледі;
3) 3-баған - "Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығарылуы туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған – тауардың шығуы, оның пішіні туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификат берген ел (Қазақстан Республикасы);
5) 5-баған – "Қызметтік ескертулер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік ескертулері, сондай-ақ мынадай жазбалар: "Түпнұсқа", "Сертификаттың орнына берілді" - жазылады. Егер, тауарды алушы болған жағдайда тауарды өндіруші мен тауарды алушы арасында тауарды алуға арналған келісім-шарт көрсетіледі;
6) 6-баған – "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7) 7-баған – "Орындар саны және орауыштың түрі". Тауар орауышының түрі (партиясы) және орындар саны көрсетіледі;
8) 8-баған – "Тауардың сипаты" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір мәнде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
9) 9-баған – "Шығарылу өлшемдері". Мынадай тауарлардың шығарылу өлшемдері көрсетіледі:
П – Тауар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген. Егер, тауар Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен жағдайда белгіленеді және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға;
Д – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің соңғы өнім кодының алғашқы төрт цифрі көрсетіліп, жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен тауар;
К – шығарған елі кумулятивтік принцип негізінде анықталған тауар.
Егер сертификатта Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің әр түрлі тауарлық позицияларында жіктелген және әр түрлі шығарылу критерийлері бар тауарлар мәлімделсе, онда 9-бағанда шығарылу өлшемдері барлық мәлімделген тауарлар үшін дифференцияланып көрсетіледі.
10) 10-баған – "Жалпы/таза салмағы (кг)" тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген сан арасындағы айырмашылық 5% аспауға тиіс;
11) 11-баған – "Куәлік". Уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және ішіне атауы, мекенжайы, мөрі және сертификатта көрсетілген мәліметтердің куәландырылған күні, сондай-ақ сертификаттауды растауға уәкілетті тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні;
12) 12-баған – "Өтінім берушінің декларациясы". Тауардың шығарылған елдің атауы, тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің декларацияланған жері мен күні өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні, өтінім берушінің қолы мен мөрі.
Ескерту. 41-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
5. Тауардың шығуы туралы сертификаттың түпнұсқасын беру
42. Тауардың шығуы туралы сертификат ұрланған, жоғалған немесе жойылған жағдайда, өтініш беруші сертификаттың телнұсқасын беру туралы өтінішпен сертификатты берген уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш беруіне болады. Берілген телнұсқасының тіркеу нөмірі түпнұсқасының тіркеу нөміріне сәйкес келуі тиіс. Сертификаттардың 4-бағанында "А" немесе "Түпнұсқа" нысандары, сертификаттың 5-бағанында "СТ-1" және "СТ-КЗ" нысанында "Түпнұсқа" ("Dublicate") деген жазумен беріледі және түпнұсқаның реттік нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Сертификаттың 12-бағанында "СТ-1" және "СТ-КЗ" нысанындағы тауардың шығуы туралы, сертификаттардың 11-бағанында "А" нысанындағы және "Түпнұсқа" нысанындағы тауарлардың шығуы туралы телнұсқасының берілген күні көрсетіледі.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29
N 27
Бұйрығымен.
43. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа берілген мерзім аяқталғанда жарамды.
6. Тауардың шығуы туралы сертификатты соңынан
(ретроспективті) беру
44. Тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай шарттарды тауарды экспорттағаннан кейін ерекше жағдайларда ғана беріледі:
1) сертификат байқаусыз жіберілген қате немесе ерекше жағдайлар экспорттауды жүзеге асыру кезінде берілмеген;
2) кеден органдары тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілгенін дәлелдеген, бірақ ол техникалық себептер бойынша импорттау кезінде қабылданбаса.
45. Мемлекеттік уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішінде жазылған мәліметтердің тиісті экспорттық құжаттарда жазылған мәліметтер тиісті экспортты құжаттардағы мәліметтермен сәйкестігін және тауардың шығуы туралы сертификат аталған тауар экспортталған кезде берілмегенін тексергеннен кейін ғана сертификатты береді.
Соңында берілген (ретроспективті) тауардың шығуы туралы сертификат тауардың шығуы туралы сараптамалық акті негізінде ресімделеді. Осылайша, өтініш беруші осы Ереженің 22-тармағында қарастырылған тауарды тиеу деректерін растайтын ("Шығуға рұқсат" деген Қазақстан Республикасының кеден органының белгісі қойылған экспорттық жүк кеден декларациясы) құжаттар жиынымен бірге тауардың шығуына сараптама жүргізетін уәкілетті ұйымға ұсынады.
46. Соңында берілген (ретроспективті) тауардың шығуы туралы сертификат 4-бағанда берілген "А" немесе "Түпнұсқа" нұсқасында, 5-бағандағы СТ-1 нұсқасында "Соңында берілді" ("Issued retrospectively") деген жазумен беріледі.
7. Тауардың шығуы туралы актіні ресімдеу тәртібі
47. Шетелде шығарылған тауарлар тауардың шығуы туралы актімен осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес расталады, ол өтініш берушінің өтініші негізінде және осы Ереженің 22-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде толтырылады.
48. Тауардың шығуы туралы актіге сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымның тауарды шығарған елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлары, уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасы мен өтініш беруші қол қояды, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның сараптаушы ұйымының және өтініш берушінің мөрі басылып, расталады.
Тауардың шығуы туралы акт үш данада рәсімделеді, оның біреуі "Тауардың шығуы туралы актілерді есептік тіркеу" журналында қолы қойылып, өтініш берушіге беріледі, екіншісі уәкілетті мемлекеттік органда қалады, ал үшіншісі сараптама жүргізген уәкілетті ұйымда қалады.
8. Тауардың шығуы туралы құжаттарды беруден бас тарту себептері
49. Уәкілетті мемлекеттік орган және сараптама жүргізуге уәкілетті ұйым өтініш берушіге тауардың шығуы туралы құжаттарды (тауардың шығуы туралы сертификатты немесе актіні, не тауардың шығуы туралы сертификатты рәсімдеу үшін сараптамалық актіні) беруге, мынадай себептерді негізге ала отырып:
1) өтініштегі тауарлардың берілген құжаттарға сәйкес келмесе;
2) өтініш беруші берілген құжаттардың түпнұсқа екендігін растай алмаса;
3) осы Ереженің талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттар келмесе;
4) өтініш беруші сараптама жүргізуге және тауардың сәйкестігін тексеруге жағдайды қамтамасыз ете алмаса бас тартуы мүмкін.
50. Тауардың шығуы туралы құжаттарды беруден бас тарту себептерін көрсетіп, жазбаша түрде беріледі.
Тауардың шыққан елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесіне
1-қосымша
Тауарды өндіруде адвалорлық үлес есебі
С шен.мат
Д.ад.үлес = -------------------х 100%, (1)
С гот.пр.
мұнда, Д.ад.үлес - тауарды өндіруде адвалорлық үлес, %;
С шен.мат. - шикізаттың және шетелде шыққан материалдардың құны;
С дайын өнім. - франко-зауыт бағасы бойынша дайын өнімнің құны.
Тауардың шыққан елін айқындау және
Тауарлардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесіне
2-қосымша
_______________________________________________________
(ұйым атауы)
Тауардың шығу тегі туралы
N______сараптамалық акті
1. Сарапшы ___________________ 2. Актінің толтырылған күні __________
3. Сараптама жүргізудің негізі ______________________________________
4. Тауардың атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Саны _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орны, ыдыс және таза салмағы, дана, жиынтық, м., көлемі)
6. Келісім-шарт______________________________________________________
________________________ Инвойс _____________________________________
7. Экспорттаушы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Әзірлеуші ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Сатып алушы ел ___________________________________________________
_____________________________________________________________________10. Тасымалдау көлігі________________________________________________
(жүру бағыты)
_____________________________________________________________________
11. Орау түрі, таңбалау _____________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Ұсынылатын құжаттама ____________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Сараптама бойынша анықталды______________________________________
_____________________________________________________________________
14.____________ парақтағы қосымшалар осы актінің ажырамас бөлігі болып табылады.
N___________ тауардың шығуы туралы
сараптама жүргізілген актінің келесі беті
15. Қорытынды: жоғарыдағы айтылғанның негізінде тауар осы актінің 5-тармағында көрсетілген ______________________ сан ретінде айқындалуы мүмкін.
Шығарылу өлшемдері____________________________________________.
Сарапшының қолы ___________ Өкіл танысты (таныстым)____________
Мөр орны аты-жөні, қолы
Сараптама жүргізудің басталған күні _________
Сараптама жүргізудің аяқталған күні ________
Мөрдің орны 20___ж. ______________
Сарапшының түпнұсқалық қол қоюымен және мөр таңбасымен куәландырылмаған тауардың шығуы туралы сараптаманың актісі және оның көшірмелері жарамсыз болып табылады.
Тауардың шыққан елін айқындау және
тауардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне
3-қосымша
Өтінім үлгісінің нысаны
________________________________________________
(сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)
_________________________________________
(аты-жөні)
N өтінім
20___ ж. "____" ___________
Мынадай реквизиттер негізінде _____________тілінде тауардың шығуына сараптама жүргізуді сұраймыз:
1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен жайы, телефоны, факсы ______________
_____________________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекен жайы, елі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Тауарды әзірлеуші, оның мекен-жайы, елі (тауардың шығуын растайтын құжаттардың көшірмесі: келісім N, тауар құжаттамасы, шот-фактура және т.б.)________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Сыртқы сауда келісім-шарты (келісімі), оның күні__________________
_____________________________________________________________________
5. Жөнелту станциясы (пункті) _______________________________________
_____________________________________________________________________
6. Алу станциясы (пункті) ___________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Көлік түрі және саны _____________________________________________
8. Инвойс (шот-фактура), N, күні_____________________________________
_____________________________________________________________________
9. Экспорттауға алынған рұқсаты және/немесе лицензиясы ______________
10. Мәміле сипаттамасы: сату, айырбастау, консигнация _______________
11. Тауардың нақты атауы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Ыдыстағы таза салмағы, кг _______________________________________
13. Тауар орнының саны және орау түрі _______________________________
14. Тауардағы және тауар орауышындағы таңбалау ______________________
15. Тауардың теңгелік құны __________________________________________
16. Есептік шот, банк бөлімшесі _____________________________________
17. Өтініш берушінің СТН ____________________________________________
18. Жетекшінің аты жөні, телефон N __________________________________
Ақысын төлеуге кепілдік береміз.
Осы өтініштегі және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің сенімділігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты боламыз.
Мөрдің орны Жетекшінің қолы
Тауардың шыққан елін айқындау және
тауардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 4-қосымша
Өтінім үлгісінің нысаны
_______________________________________________________________
(министрліктің, ведомстваның атауы)
Техникалық реттеу және
метрология комитетінің
______________ облысы
бойынша департаментінің
бастығы
______________________
(аты-жөні)
N өтінім
"____" ____________ 20___ ж.
Тауардың шығуы туралы сертификат алу үшін ___________________________
_____________________________________________________________________
(тауардың шығуына сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның атауы)
жүргізген 20___жылғы "____" ____________ N_____ сараптамалық акт негізіне және мынадай реквизиттер негізінде _____________тілінде тауардың шығуы туралы сертификат беруді сұраймыз:
1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен жайы, телефоны, факсы ______________
_____________________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекен жайы, елі ______________________________
_____________________________________________________________________
3. Тауардың атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4.
Ыдыстағы/таза
салмағы, кг ________________________________________
5. Тауар орнының саны және орау түрі ________________________________
6. Жөнелту станциясы (пункті) _______________________________________
_____________________________________________________________________
7. Алу станциясы (пункті) ___________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Көлік түрі және саны _____________________________________________
9. Экспорттауға алынған рұқсаты және/немесе лицензиясы ______________
_____________________________________________________________________
10. Тауардың теңгедегі құны _________________________________________
11. Есептік шот, банк бөлімшесі______________________________________
_____________________________________________________________________
12. Өтініш берушінің СТН-ы __________________________________________
18. Жетекшінің аты жөні, телефон N __________________________________
Осы өтінімде және ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің сенімділігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты боламыз.
Мөрдің орны Жетекшінің қолы
Тауардың шыққан елін айқындау және
тауардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
1. Жөнелтуші/экспорттаушы (атауы және почталық мекен жайы) |
4. N_________________________
|
||||
2. Алушы/импорттаушы (атауы және почталық мекен жайы) |
____________________жеткізіп беру үшін
|
||||
3. Тасымалдау көлігі және жүру бағыты (бұл қаншалықты белгілі) |
5. Қызметтік ескертулер үшін: |
||||
6. реттік N |
7. Орындар саны және орау түрі |
8. Тауар сипаттамасы |
9. Шығарылу өлшемдері |
10. Салмағы (кг, ыдыс, таза) |
11. Шот-фактураның нөмірі мен күні |
12. Куәлік:
_________ _________ __________
|
13. Өтініш берушінің декларациясы:
|
Тауардың шығу елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
N_______ тауардың шығуы туралы сертификаттың қосымша парағы |
||||||
6. Р/с N |
7. Орындар саны және орам түрі |
8. Тауардың сипаттамасы |
9. Шығарылу өлшемдері |
10. Ыдысымен/таза салмағы (кг) |
11. Шот-фак-
|
|
12. Куәлік:
|
13. Өтінім берушінің декларациясы:
|
Тауардың шығу елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
1. Goods consigned from (exporter’s business name, address, country) |
Reference N A GENERALIZED SYSTEM OF PREFERENCES CERTIFICATE OF ORIGIN (Combined declaration and certificate) FORM A Issued in………………….. (country) See notes overleaf |
|||||
2. Goods consigned to (consignee’s name, address, country) |
||||||
3. means of transport and route (as far as known) |
4. For official use |
|||||
5. Item number |
6. Marks and numbers of packages |
7. Number and kind of packages; description of goods |
8. Origin criterion (see notes overleaf) |
9. Gross weight or other quantity |
10. Number and date of invoices |
|
11. Certification It is herebery certified, on the basis of control carred jut, that the declaration by the exporter is correct.
|
12. Declaration by the export.
|
Тауардың шығу елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
1. Exporter (name, address, country) |
ORIGINAL N CERTIFICATE OF ORIGIN Issued in the Republic of Kazakhstan |
|||
2. Consigned (name, address, country) |
||||
3. Means of transport and route |
4. For official use |
|||
5. Country of origin |
6. Supplementary details |
|||
7. Item number |
8. Description of goods |
9. Number and king of packages |
10. Gross weight or other quantity |
|
11. Certification It is herebery certified, that the declaration by the exporter is correct.
|
12. Declaration by the exporter The undersigned hereby declares that the above details and statements are correct; that the goods are of the country shown in box N 5; that the goods are exported to were ________________________________________
|
Тауардың шығу елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
1. Жөнелтуші (атауы, мекен-жайы,
|
N түпнұсқа
|
|||
2. Алушы (атауы, мекен-жайы, елі) |
Қазақстан Республикасында
|
|||
3. Көлік түрі және жүру бағыты |
4. Қызметтік белгілер үшін |
|||
5. Шығу елі |
6. Қосымша мәліметтер |
|||
7. N |
8. Тауардың сипаттамасы |
9. Орындар саны
|
10. Тауардың
|
|
12. Куәлік:
|
13. Экспорттаушы декларациясы:
|
|||
Уәкілетті тұлғаның орны,
|
Уәкілетті тұлғаның орны, күні, қолы,
|
Тауардың шығу елін айқындау және
тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды
беру ережесіне 10-қосымша
Тауардың шығуы туралы акттің нысаны
_____________________________________________________________________
(министрліктің, ведомстваның атауы)
_____________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы)
_____________________________ _____________________________________
пошталық мекен-жайы телефоны
N ____тауардың шығуы туралы актісі
1. Әзірлеуші ________________________________________________________
2. Сатушы (экспорттаушы) ____________________________________________
3. Сатып алушы (импорттаушы) ________________________________________
4. N _____ келісім-шарт ________________ Келісім түрі________________
5. Сараптама мақсаты: тауарды шығу елін айқындау_____________________
6. Тауардың атауы ___________________________________________________
7. Таза/ыдысымен салмағы және басқа да тауар мөлшерлері (кг, дана)___
8. Орам түрі, орындар саны __________________________________________
9. Көлік түрі, саны жүру бағыты______________________________________
_____________________________________________________________________
10. Ұсынылатын құжаттама ____________________________________________
11. Сараптама бойынша анықталды _____________________________________
_____________________________________________________________________
12. Сарапшының қорытындысы: жоғарыда баяндалғанның негізінде тауар анықталды, осы актінің 7-тармағында көрсетілген мөлшерінде және шынайы шығу елі________________________айқындау мүмкіндігін
(тауардың шығу елін көрсету)
мәліметтейді
Тауардың коды ____________________________________________
13. Сарапшы _______________ 14. Актімен таныстым _________
___________________________ ___________________________________
/аты-жөні, қолы/ мөр орны /өтініш берушінің лауызымы,
аты-жөні, қолы/ мөр орны
Сараптаманың басталу күні Сараптаманың аяқталу күні.
________________________ _________________________
15. Уәкілетті тұлға ______________________________________
(лауазымы, аты-жөні, қолы)
Мөр орны
Тауардың шығуы туралы акт және оның уәкілетті тұлғаның түпнұсқалық қолымен куәландырылмаған және уәкілетті мемлекеттік органның мөр таңбасымен расталмаған көшірмесі жарамсыз.
Тауардың шыққан елін айқындау
және тауардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесіне
11-қосымша
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2009.01.29 N 27 Бұйрығымен.
1. Тауарды өндіруші
|
4. N __________________________
|
||
2. Тауарды алушы
|
5. Қызметтік ескертулер үшін |
||
3. Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты |
6. Нөмір |
||
7. Орындар саны және орау түрі |
8. Тауардың сипаттамасы |
9.Шығару өлшемдері |
10. Ыдысымен/таза салмағы (кг) |
11. Куәлік:
Мөрі |
12. Өтініш берушінің декларациясы:
|