Ескерту. ҚР Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 Бұйрығының күші жойылды - ҚР Индустрия және Сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 59 Бұйрығымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабы
11-1) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі
N 374
"Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 5347 тіркелген, 2008 жылы 7 қарашада N 170 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Тауарлар шығарылған елді анықтау және тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттар беру ережелеріне:
1-бөлімнің 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігіне" деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлардың қазақстанда шығарылғаны туралы сертификат алуға мүдделі шаруашылық субъектілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлімде:
9-тармақта:
1) тармақшада "сондай-ақ мамандандырылған экономикалық аймақтардың аумақтарынан және Қазақстан Республикасының кедендік аумақтарының қалған бөлігіндегі бос қоймалардағы тауарларға" сөздері алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "СТ-КЗ" нысанды сертификат – мына тауарларға:
- жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкелінетін тауарларға;
- Қазақстан Республикасының аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға.";
10-тармақта:
бірінші абзацтағы "СТ-1", "А", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшада "СТ-1", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен және "СТ-1" нысанды тауардың шығарылуы туралы" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
3-бөлімде:
14-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алынып тасталсын, "арнайы" деген сөздің алдына "Қазақстан Республикасының аумағында және" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы тармақтың 2) және 3)-тармақтарында көрсетілген құжаттар:
арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне тауарлар шығару;
Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлар шығарылған елді анықтау кезінде көрсетілмейді;
38-тармақта:
1) және 2) тармақшаларда "тіркелуі" сөзінен кейін "(қайта тіркелуі)" сөзімен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "Көлік құралдары және жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы "Шығарылу өлшемі" деген сөзі "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақтың 4)-тармақшасындағы "
экспорт жүгімен қоса жүру (бұл қаншалықты белгілі
" деген сөздер алып тасталсын;
4-бөлім мынадай мазмұндағы 41-1-тармағымен толықтырылсын:
"41-1. Осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес "СТ-КЗ" нысанды сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында оның берген тауарлары туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған – "Тауарды өндіруші (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды өндіруші болып табылатын жеке және заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландырылатын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес. Соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауар өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтардың және еркін қоймалардың атауы көрсетіледі;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің почталық мекен-жайы көрсетіледі;
3) 3-баған - "Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығарылуы туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған – тауардың шығуы, оның пішіні туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификат берген ел (Қазақстан Республикасы);
5) 5-баған – "Қызметтік ескертулер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік ескертулері, сондай-ақ мынадай жазбалар: "Түпнұсқа", "Сертификаттың орнына берілді" - жазылады. Егер, тауарды алушы болған жағдайда тауарды өндіруші мен тауарды алушы арасында тауарды алуға арналған келісім-шарт көрсетіледі;
6) 6-баған – "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7) 7-баған – "Орындар саны және орауыштың түрі". Тауар орауышының түрі (партиясы) және орындар саны көрсетіледі;
8) 8-баған – "Тауардың сипаты" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір мәнде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
9) 9-баған – "Шығарылу өлшемдері". Мынадай тауарлардың шығарылу өлшемдері көрсетіледі:
П – Тауар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген. Егер, тауар Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен жағдайда белгіленеді және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға;
Д – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің соңғы өнім кодының алғашқы төрт цифрі көрсетіліп, жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен тауар;
К – шығарған елі кумулятивтік принцип негізінде анықталған тауар.
Егер сертификатта Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің әр түрлі тауарлық позицияларында жіктелген және әр түрлі шығарылу критерийлері бар тауарлар мәлімделсе, онда 9-бағанда шығарылу өлшемдері барлық мәлімделген тауарлар үшін дифференцияланып көрсетіледі.
10) 10-баған – "Жалпы/таза салмағы (кг)" тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген сан арасындағы айырмашылық 5% аспауға тиіс;
11) 11-баған – "Куәлік". Уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және ішіне атауы, мекенжайы, мөрі және сертификатта көрсетілген мәліметтердің куәландырылған күні, сондай-ақ сертификаттауды растауға уәкілетті тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні;
12) 12-баған – "Өтінім берушінің декларациясы". Тауардың шығарылған елдің атауы, тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің декларацияланған жері мен күні өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні, өтінім берушінің қолы мен мөрі.";
5-бөлімінің
42-тармағындағы "СТ-1" нысанды сертификаттың 5 бағандағы" деген сөздерден кейін "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын және "СТ-1 нысанды тауардың шығарылуы туралы сертификаттың 12-бағанында" деген сөздердің алдына "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын;
5-қосымшада:
3-бағанда "қоса жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-қосымшада:
9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-қосымшада:
3-баған деген
"means of transport and route (as far as known)"
жаңа редакцияда жазылсын;
12-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Declaration by the export.
The undersigned hereby declares that the above details and statements are correct that all the goods were
produced in_______________________________________________
(country)
and that they comply with the origin requirements specified for those goods in the generalized system of preferences for goods exported to
________________________________________________________________
(importing country)
________________________________________________________________
Place and date signature of authorized signatory";
8-қосымшада:
12-бағанда:
"5" цифрінің алдына "N" белгісімен толықтырылсын;
"exported to" деген сөздерден кейін "authorized" деген сөз алып тасталсын;
9-қосымшада:
1-бағандағы ", ел" деген сөзден кейін ")" белгісімен толықтырылсын;
3-бағандағы "экспорт жүгімен қоса жүру" деген сөздер алып тасталсын;
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.Қ. Мамытбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев __________
2009 жылғы 29 қаңтар
"Тауардың шыққан елін айқындау
және тауардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 24 қыркүйектегі
N 374 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Идустрия және сауда министрінің
бұйрығына қосымша
Тауардың шыққан елін айқындау
және тауардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесіне
11-қосымша
1. Тауарды өндіруші
|
4. N __________________________
|
||
2. Тауарды алушы
|
5. Қызметтік ескертулер үшін |
||
3. Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты |
6. Нөмір |
||
7. Орындар саны және орау түрі |
8. Тауардың сипаттамасы |
9.Шығару өлшемдері |
10. Ыдысымен/таза салмағы (кг) |
11. Куәлік:
Мөрі |
12. Өтініш берушінің декларациясы:
|