"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 320-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 тамызда № 33304 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5356 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өтініш берушінің заңды мәртебесі:

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

Толық атауы

Есептік шоты (IBAN)

Банктік сәйкестендіру коды (БСК)

Байланыс нөмірі

Веб-сайт

Электрондық поштасының мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      2. Басшы туралы мәліметтер:

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Байланыс нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      3. Өтініш берушінің құрылымдық бөлімшесінің заңды мәртебесі (құрылымдық бөлімшесінің аккредиттеуге өтінім берген жағдайда):

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

Толық атауы

Есептік шоты (IBAN)

Банктік сәйкестендіру коды (БСК)

Байланыс нөмірі

Веб-сайт

Электрондық поштасының мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      4. Өтінім берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтер:

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Байланыс нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескерту:

      Өтініш беруші құрылымдық бөлімше басшысының өкілеттігін растайтын құжатты қоса береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аккредиттеу жөніндегі органмен байланысқа жауапты қызметкердің деректері:

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Лауазымы

Байланыс нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

      ";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      1-кестеде ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      1-кесте. Өтініш берушінің немесе аккредиттеу субъектісінің уәкілетті тұлғасының мәліметтері

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Байланыс нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

Лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

      ";

      2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      2-кесте. Стационарлық зертханалық үй-жайлар туралы мәліметтер

№ т/т

Үй-жайдың арналуы

Иелену негізі

Өткізілетін сынақтардың, зерттеулердің, тексерулердің, калибрлеулердің түрлері

Ауданы, шаршы метр

Температура, 0 С

Қалыпты

Нақты

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы:

Салыстырмалы ылғалдылық, пайыз

Жұмыс орындарындағы жарықтандыру, люкс

Шу деңгейі, децибел

Электромагниттік өрістердің деңгейі, килоампер/метр, киловольт/метр

Газдану деңгейі, пайыз/ миллиграмм/ текше метр

Қалыпты

Нақты

Қалыпты

Нақты

Қалыпты

Нақты

Қалыпты

Нақты

Қалыпты

Нақты

8

10

12

13

14

15

16

17

16

17

      Кестенің жалғасы:

Арнайы жабдықтың болуы (желдету, кедергіден қорғау)

Үлгілерді қабылдау және сақтау шарттары

Өндірістік орта факторларын өлшеу қорытындысы және (немесе) хаттамасы

Құжат түрі

Құжат нөмірі

Құжаттың берілген күні

18

19

20

21

22

      Кестенің жалғасы:

Өндірістік орта факторларын өлшеу қорытындысы және (немесе) хаттамасы

Беру органы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Толық атауы

Аккредиттеу және (немесе) лицензия аттестатының нөмірі

Аккредиттеу аттестатының және (немесе) лицензияның берілген күні

Аккредиттеу аттестатының және (немесе) лицензияның қолданылу мерзімі

Нақты мекенжайы (ел, облыс, аудан, көше)

23

24

25

26

27

28

      Ескерту:

      1) Стационарлық зертханалық үй-жайлар туралы мәліметтерді сынақ зертханалары/орталықтары, тексеру/калибрлеу/медициналық зертханалар, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, инспекциялық органдар және біліктілікті тексеру провайдерлері толтырады;

      2) 2-бағанда үй-жайдың мақсаты (Арнайы немесе бейімделген) көрсетіледі;

      3) 3-бағанда иеленудің негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты) көрсетіледі;

      4) 20-бағанда құжаттың түрі (қорытынды немесе хаттама) көрсетіледі;

      5) кесте аккредиттелген зертхана мамандары орындаған өндірістік факторлар деңгейлерін өлшеу хаттамаларының негізінде толтырылады. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істейтін зертханалар үшін нысанға эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі қоса беріледі;

      6) кестеге бекітілген сканерленген схема/еден/ғимарат жоспары қоса беріледі;

      7) далада сынақтар жүргізетін сынақ зертханалары үшін өндірістік орта факторларын өлшеу қажет емес (қажет болған жағдайда).";

      6-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-кесте. Арнайы көлік құралымен жарақтандыру жөніндегі мәліметтер

Аты

Типі

Маркасы

Шығарылған жылы

Пайдалануға берілген жылы

Мақсаты

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Иелену негізі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      ";

      7-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-кесте. Біліктілікті тексеру үлгілерін іріктеу, буып-түю, сақтау үшін қолданылатын жабдықпен жарақтандыру жөніндегі мәліметтер

Жабдықтар санаты

Атауы

Типі (Маркасы)

Өндіруші

Ел

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Негізгі техникалық сипаттамалары

Ескерту

Иелену негізі

Жабдықтың орналасқан нақты мекенжайы (обласы, ауданы, көше)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      ";

      9-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-кесте. Пайдаланылатын эталондардың тізбесі

Аккредиттеу жөніндегі орган беретін жабдықтың бірегей нөмірі (ақпараттық жүйемен жасалады)

Эталон
түрі

Шығарылған жылы

Атауы

Типі

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Өлшеу диапазоны/өлшеу шегі

Дәлдік класы

Разряд

Қате

Кеңейтілген белгісіздік

Қазақстан Республикасының өлшем құралдарын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі нөмір

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      Кестенің жалғасы:

Тексеру/калибрлеу/метрологиялық аттестаттау туралы құжат

Пайдалануға берілген жылы

Аккредиттеу саласына сәйкес тағайындау

Иелену негізі

Эталондардың нақты мекенжайы (ел, облыс, аудан, көше)

Өлшеу түрі

Құжат типі

Құжат нөмірі

Құжаттың күні

Жарамдылық мерзімі





14

15

16

17

18

19

20

21

22

      Ескертпе:

      1) Пайдаланылатын эталондар тізбесі тексеру және калибрлеу зертханаларын толтырады.

      2) 2-бағанда эталонның түрі (бастапқы, бағынышты) көрсетіледі.

      3) 4-баған калибрленетін эталондар үшін толтырылмайды.

      4) 14-бағанда құжаттың типі (куәлік, сертификат) көрсетіледі.

      5) 20-бағанда иеленудің негізі (сатып алу-сату шарты, жалдау шарты немесе сенімгерлік/жедел басқару шарты не негізгі құралдардың/тауар-материалдық қорлардың болуы ведомосы және басқа да растайтын құжат) көрсетіледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      2.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.5. Аккредиттеу жөніндегі орган:

      1) Заңда белгіленген тәртіппен шарт жасалған және төлем жасалған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімге сараптама жүргізуге;

      2) өтінімді сараптау нәтижелері бойынша сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;

      3) Өтінім берушінің өтінімін сараптау кезінде сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім беруші оларды жою туралы хабарлама алған жағдайда, мұндай хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда және тараптардың келісімі бойынша өтінімге қайта сараптама жүргізу және өтінімді сараптау нәтижелері бойынша Өтінім берушіге аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысымен қабылданған шешім туралы хабарлама сараптама бойынша шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдауға;

      4) заңда белгіленген тәртіппен тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша Өтінім берушіге тексеру жүргізуге;

      5) Өтінім берушінің орналасқан жері бойынша тексеру нәтижелері бойынша тексеру аяқталған күні есеп беруге міндетті. 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушінің ескертулерін ескере отырып, тиісті шешім қабылдау (олар болған жағдайда) және Өтінім берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жолдауға;

      6) сәйкессіздіктер анықталған және Өтінім берушінің оларды жою туралы хабарламасы алған кезде, қажет болған кезде және Тараптардың келісуі бойынша оны қайта зерттеп-қарауды жүргізуге міндетті. Өтінім берушіні немесе оның құрылымдық бөлімшесін қайта тексеру мерзімі тексеру жөніндегі топ Өтінім берушінің орналасқан жеріне келген сәттен бастап есептелетін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

      7) заңда белгіленген тәртіппен жиналған материалдар аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауға;

      8) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда соңғысымен аккредиттеуден кейінгі шарт жасасуға және шартқа қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты бекітуге;

      9) аккредиттеуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге ақпараттық жүйеде дәлелді бас тартуды жолдауға;

      10) өтінімді қараудың немесе бағалауды жүргізуді бастаудың барлық кезеңдерінде, егер алдау мінез-құлық куәлігі пайда болса немесе Өтінім берушінің жалған ақпаратты әдейі ұсынғаны, сондай-ақ ақпаратты жасырғаны үшін, аккредиттеу жөніндегі орган өтінімді қабылдамауға немесе бағалау процесін тоқтатуға және осы Шартты бұзуға;

      11) өтінімді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде Өтінім берушіге шарттың жобасын, есеп айырысулардың калькуляциясын (сұрау салынған жағдайда) жолдауға;

      12) Өтінім берушіні аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда жеті жұмыс күні ішінде Өтінім беруші туралы ақпарат аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізуге;

      13) ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінде техникалық ақаулар болған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша аккредиттеу материалдарын коммуникацияның басқа тәсілдері арқылы қарауды қамтамасыз етуге міндетті.";

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2. Өтінімге қайта сараптама және (немесе) оның орналасқан жері бойынша қайта зерттеп-қарау жүргізілген жағдайда, оның төлемі төлемге шот берілген күннен бастап 5 (бес) операциялық банктік күн ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте, мұндай сараптаманың немесе зерттеп-қараудың құнын құн калькуляциясын қоса бере отырып, Тараптар жасасатын қосымша келісіммен (сұрау салынған жағдайда) айқындайды. Қосымша келісімге Өтінім беруші оны аккредиттеу жөніндегі органнан ақпараттық жүйеде оны алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қол қояды.";

      6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.1. Өтінім беруші осы Шарттың талаптарын бұзған және оның осы Шартта белгіленген мерзімдерде қосымша келісімге қол қоюынан негізсіз бас тартқан жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган бұл туралы Өтінім берушіні бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген күн осы шартты бұзу күні болып есептеледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шарт аккредиттеуден кейінгі кезеңде аккредиттеу жөніндегі орган мен аккредиттеу субъектісі арасындағы қатынастарды реттейді:

      1.1.1. аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу;

      1.1.2. аккредиттеу материалдарын өзектендіру;

      1.1.3. жоспарлы бағалау;

      1.1.4. куәгерлердің бағалары;

      1.1.5. аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу;

      1.1.6. аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату;

      1.1.7. аккредиттеу аттестатының күшін жою;

      1.1.8. аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру;

      1.1.9. аккредиттеу аттестатынан айыру және аккредиттеу белгісін пайдалану.

      1.2. Жұмыс жүргізу тілі ________________________. (қазақ немесе орыс тілі)";

      2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2. Аккредиттеу субъектісі:

      1) ақпараттық жүйеде жеке кабинетті тұрақты негізде бақылауға және тексеруге;

      2) нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарын орындауға міндетті;

      3) аккредиттеу өлшемшарттарының талаптарын үздіксіз орындауға;

      4) құзыреттілікті бағалау және аккредиттеуді сақтау үшін қажетті ақпаратқа, құжаттарға және есептерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      5) тіркелген, берілген, айналысқа енгізілген, күші жойылған және күші жойылған, оның ішінде сәйкестікті бағалау саласындағы ресми құжаттарды беруден бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыруға;

      6) осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қоюға не субъект аккредиттеуді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде дәлелді бас тартуды ақпараттық келісімге жолдауға;

      7) ақпараттық жүйеде аккредиттеу жөніндегі органмен коммуникация құралдарын қолдауға және бақылауға;

      8) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға және аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;

      9) аккредиттеуден тыс жұмыстарды жүргізу кезінде аккредиттеуге кез келген сілтемелерді алып тастауға;

      10) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде аккредиттеу саласына кіретін объектілерге ғана сертификаттар беруге;

      11) осы Шартқа сәйкес аккредиттеу белгісін және бірлескен белгіні пайдалануға;

      12) заңды тұлға таратылған немесе аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған кезде сәйкестікті бағалау жөніндегі басқа аккредиттелген органға беруге, не сәйкестікті бағалау жөніндегі барлық берілген құжаттарды кері қайтарып алуға;

      13) ұлттық заңнамаға сәйкес аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімдерде аккредиттеу өлшемшарттарына анықталған сәйкессіздіктерді жоюға;

      14) Аккредиттеу жөніндегі органына инспекциялық тексеру және орында тексеру жүргізуді, оның ішінде үй-жайға (үй-жайларға), жабдықтарға, ақпаратқа қол жеткізуді, Аккредиттеу субъектісі персоналдарының қатысуын, куәгерлік бағалау жүргізуді, инспекциялық тексеру жүргізу бойынша жұмыстардың құнын төлеуді, сондай-ақ өзге қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;

      15) аккредиттеу жөніндегі органның сұрау салуы бойынша аккредиттеу субъектісі тарапынан негізді бас тарту болмаған кезде сәйкестілікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде олар белгілеген тұлғалардың қатысуына рұқсат беруге;

      16) салыстырмалы сынақтарға қатысуға (өлшем құралдарын тексеру (калибрлеу) нәтижелерін салыстыруға) (зертханалар үшін);

      17) аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған, күші жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауды тоқтатуға;

      18) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға;

      19) осы Шартта белгіленген тәртіпте, мерзімдерде және сомада жұмыстарға ақы төлеуге;

      20) Заңның 23-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде аккредиттеу жөніндегі органға өзектендіруге арналған материалдар жолдауға;

      21) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімінің Ұлттық бөлігін қалыптастыру және жүргізу үшін деректерді ұсынуға;

      22) аккредиттеу жөніндегі органға осы Шартқа қосымшаға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған кері байланыс сауалнамасын ұсынуға;

      23) аккредиттеу жөніндегі органның аккредиттеу материалдарын өзектендіру, инспекциялық тексеру, куәгерлік бағалау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге;

      24) аккредиттеу жөніндегі органмен даулы мәселелерді шешудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға;

      25) аккредиттеу жөніндегі органды бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметті тоқтату немесе алдағы тарату туралы, аккредиттеуге, субъектінің мәртебесіне немесе қызметіне қатысы бар өзгерістер туралы осындай шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге;

      26) аккредиттеу субъектісінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарды сараптау және кезектен тыс инспекциялық тексеру жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті.";

      2.5 және 2.6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.5. Аккредиттеу жөніндегі орган:

      1) аккредиттеу субъектісі ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін өз құзыреті шегінде қосымша ақпаратты сұратуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуға;

      3) Шартты бұзған жағдайда, Аккредиттеу субъектісі төлеген сомадан нақты орындалған жұмыстар құнын ұстап қалуға;

      4) өтінімдерді, шағымдарды қарау, бағалау және мониторинг жүргізу кезінде осы аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкестігі және/немесе осы Шарттың талаптарын орындау мәніне мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.";

      2.6. Аккредиттеу жөніндегі орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) аккредиттеу субъектісінің өтінімі бойынша бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге;

      3) заңда көзделген негіздер туындаған жағдайда аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға;

      4) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және ақпараттық жүйеде тиісті хабарламамен жолдауға;

      5) негіз пайда болған сәттен бастап аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде енгізуге;

      6) өзектендіру материалдарына сараптама және қайта сараптама (негізделген қажеттілік жағдайында) жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушы ауыстырылған жағдайда бастапқы сараптама кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бөлігінде ғана қайта сараптама жүргізу. Өзектендірілген материалдарды қарау мерзімі олар келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;

      7) 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімді қарауға және аккредиттеу саласын кеңейтуге сараптама жүргізуге міндетті.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жоспарлы бағалау жүргізу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, аккредиттеу материалдарын өзектендіру мерзімдері.";

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2. Жоспарлы бағалау жоспарлы тексеру жүргізудің нақты күні айқындалатын Тараптар арасында жасалатын қосымша келісім негізінде Заңда көзделген мерзімдерде жүргізіледі.";

      4.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.3. Жоспарлы бағалау құнын Тараптар қосымша келісім жасасу жолымен айқындайды.";

      4.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.5. Аккредиттеу жөніндегі орган басқа өңірлерден техникалық сарапшыларды тартқан жағдайда, аккредиттеу субъектісі Тараптар жасасатын қосымша келісімдерге сәйкес аккредиттеу жөніндегі органның есеп айырысу шотына аудару жолымен көрсетілген сарапшыларға жол жүру, тұру құнын және тәуліктік шығыстарды қосымша төлейді.";

      6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      6.1. Аккредиттеу субъектісі:

      1) аккредиттеу жөніндегі органға ұсынылған деректердің дұрыстығы;

      2) аккредиттеу саласы шеңберінде аккредиттеу белгісін және бірлескен белгіні дұрыс пайдалану;

      3) аккредиттеу жөніндегі органға оның кінәсінен келтірілген залалдар;

      4) аккредиттеу өлшемшарттарының талаптарын орындаудың үздіксіздігі;

      5) аккредиттеу жөніндегі органның қызметтеріне ақы төлеу мерзімдері үшін жауапты болады.";

      7.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.1. Аккредиттеу субъектісі осы Шарттың талаптарын бұзған және оның осы Шартта белгіленген мерзімдерде қосымша келісімге негізсіз қол қоймаған жағдайда, аккредиттеу жөніндегі Орган бұл туралы аккредиттеу субъектісін бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ете отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламада көрсетілген күн осы шартты бұзу күні болып есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады