"Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 237-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 3 қарашадағы N 336-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5378 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі басқармасының 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 1 қаулысының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 237-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде N 4972 нөмірмен тіркелген, "Заң" газетінде 2007 жылғы 23 қарашадағы N 180 нөмірінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
       2-тармақта :
      "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне" деген сөздерден кейін "және оның аумақтық органдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тиісті аумақтық органдарына деректер береді.
      Екі және одан көп облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарына қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне деректер береді.".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                    Н.Алдабергенов

      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі
      ______________В.С. Школьник
      2008 жылғы 12 қараша

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________А.Қ. Күрішбаев
      2008 жылғы 11 қараша

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      ______________С.Н. Ахметов
      2008 жылғы 7 қараша

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      ______________С.М. Мыңбаев
      2008 жылғы 18 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады