Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйекте N 237-нқ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 22 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4972 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5-НҚ Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5-НҚ Бұйрығымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді ------------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1."Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 237-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       Н. Алдабергенов

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-5) тармақшасына және "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сай нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сай мемлекеттік органдар реттеуші органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандары бекітілсін.

      2. Нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жартыжылдық қорытындылар бойынша деректерді жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне және оның аумақтық органдарына ұсынсын.
      Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тиісті аумақтық органдарына деректер береді.
      Екі және одан көп облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының шекараларындағы тиісті тауар нарықтарына қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін нарық субъектілері және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне деректер береді
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 3 қарашадағы N 336-НҚ Бұйрығымен.

      3. Индустрия және сауда, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, энергетика және минералдық ресурстар министрліктері осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жартыжылдық қорытындылар бойынша деректерді жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі
      2007 жылғы 2 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы»21 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2007 жылғы»15 қыркүйек

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      2007 жылғы»28 қыркүйек

                                    Қазақстан Республикасы Табиғи
                                  монополияларды реттеу агенттігінің
                                         2007 жылғы 6 қыркүйектегі
                                          N 237-нқ бұйрығына
                                              1-қосымша

        Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына
       (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және
    инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету
         мақсатында нарық субъектілері мен олардың
      бірлестіктері реттеуші органға оның тиісті тауар
         нарықтарына талдау жүргізуі үшін ұсынатын
                   деректердің нысандары*

Субъек-
тінің
атауы

Субъек-
тімен
аффилир-
ленген
тұлғалар
(осы
субъекті
қабылда-
ған ше-
шімдерге
әсер ету-
ге құқығы
бар кез
келген
жеке не-
месе заң-
ды тұлға)

Тауарлар-
дың (жұ-
мыстар-
дың, көр-
сетілетін
қызмет-
тердің)
түрлері

Ақпараттық
ашықтығы
(бағалар
туралы
ақпаратқа
қол жетім-
ділігі,
тауарларды
(жұмыстар-
ды, көрсе-
тілетін
қызметтер-
ді) алу
шарттары)

Техникалық
мүмкіндік-
тері (қуат-
тылығы, өт-
кізу қабі-
леттігі,
жүктелуі)
(тәулікте/
жарты жылда)

Тауарларды
(жұмыстар-
ды, көрсе-
тілетін
қызметтер-
ді) алуға
тұтынушы-
лардан Түс-
кен өтінім-
дердің саны

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Қана-
ғат-
танды-
рылған
өті-
нім-
дердің
саны
(тұты-
нушы-
лардың
жалпы
саны)

Бас тарту
себептері

Тұтынушы-
лардың
өндіріле-
тін/өткі-
зілетін
тауарлар-
дың (жұ-
мыстар-
дың, көр-
сетілетін
қызмет-
тердің)
(жалпы
көлемнен
10%-дан
асатын)
тізбесі**

Тізбеде
заттай
көрсеткіш-
те көрсе-
тілген тұ-
тынушылар
бойынша
тауарларды
(жұмыстар-
ды, көр-
сетілетін
қызметтер-
ді) өнді-
ру/өткізу
көлемі**

Тізбеде
көрсетілген
тұтынушылар
бойынша босату
бағалары **

Ақы төлеу
шарттары
(шарт
бойынша)

7

8

9

10

11

12

      * - темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына енгізілген нарық субъектілері бойынша
      ** - жеке тұлғалар бойынша жалпы көрсеткіш көрсетілуі мүмкін.

                                    Қазақстан Республикасы Табиғи
                                  монополияларды реттеу агенттігінің
                                         2007 жылғы 6 қыркүйектегі
                                          N 237-нқ бұйрығына
                                              2-қосымша

          Тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына
         (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және
       инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз
           ету мақсатында мемлекеттік органдар реттеуші
           органға оның тиісті тауар нарықтарына талдау
          жүргізуі үшін ұсынатын деректердің нысандары*

Тауар-
лардың
(жұмыс-
тардың,
көрсе-
тілетін
қызмет-
тердің)
түрлері

Тауарларды
(жұмыстар-
ды, көр-
сетілетін
қызметтер-
ді) өнді-
ретін/өт-
кізетін
нарық су-
бъектілері

Субъекті-
мен аффи-
лирленген
тұлғалар
(осы су-
бъекті
қабылдаған
шешімдерге
әсер етуге
құқығы бар
кез келген
жеке неме-
се заңды
тұлға және
субъекті
қатысатын
заңды
тұлғалар)
(мемлекет-
тік орган-
да осы
ақпарат
болған
жағдайда)

Тұтынушы-
ларға тауарлар-
ды өткі-
зуді шек-
тейтін
фактордың
болуы**

Тауарларды
енгізу
(шығару)
бойынша
шектеудің
болуы**

Тауар
нарықтарына
қатысушылар
үшін белгі-
ленген
жеңілдік-
тер, артық-
шылықтар**

1

2

3

4

5

6

      * - темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына енгізілген нарық субъектілері бойынша
      ** - мемлекеттік органдардың актілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады