Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 177 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 439 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 340 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 714 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 439 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3129 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 5 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4047 тіркелген) қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктердiң жұмысын доғару ережесінде:
18-тармақта:
7) тармақта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) уәкілетті органмен келісу бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілдік берілетін депозиттер бойынша банктің мүлігі мен міндеттемелерін Банктер туралы Заңның 73-1-бабына сәйкес басқа банкке (банктерге) беруге құқылы.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Уәкілетті орган уақытша әкімшілікті (банктің уақытша басқарушысы) оның қызметкерлері, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері не Банктер туралы Заңның 20-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге тұлғалар арасынан тағайындайды.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (М.С.Бөбеев):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова