Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 272 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының 8-бабының д-2) тармақшасын және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытынды беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 112 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік
кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін
автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы
қорытынды беру ережесін бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже " Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы және " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) осы Ережеде көзделген бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) банк операцияларын жүргізуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясын алу үшін екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банк) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4787 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының " Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуін автоматтандыру ережесін бекіту туралы " 2007 жылғы 28 мамырдағы N 59 қаулысымен (бұдан әрі – N 59 қаулы) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Қорытындыны беру тәртібі
3. Қорытындыны алу үшін банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес сауалнама-өтініш;
2) қорытындыны беру туралы еркін нысанда өтініш;
3) автоматтандырылған банк жүйесін сатып алу туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) бизнес-жоспардың бір данадағы нотариат куәландырған көшірмесі.
4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды берген күннен бастап Ұлттық Банк банктің бастамасы бойынша автоматтандырылған банк жүйесін тексеруді жүргізеді.
5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде банкке қорытынды беріледі. Осы Ереженің 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қорытындының көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі.
6. Уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясын алғанға дейін автоматтандырылған банк жүйесін ауыстырған жағдайда, банк жаңа автоматтандырылған банк жүйесін өндірістік пайдалануға енгізген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде автоматтандырылған банк жүйесін ауыстыру туралы Ұлттық Банкті жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.
7. Жаңа (жаңартылған) автоматтандырылған банк жүйесі N 59 қаулыға сәйкес келуі тиіс.
3-тарау. Банк қорытындыны алу үшін бухгалтерлік есепті
және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын
талаптар
8. Банк бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарды сақтау үшін:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және банк басшысы немесе оның орнындағы тұлға бекіткен банктің бизнес-жоспарында көзделген операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін реттейтін ішкі құжаттардың бар болуын;
2) банк басшысының бекітуі және алаяқтық фактілер мен қателерге жол бермеу мақсатында банк бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары бір бөлімше қызметкерінің бір операцияны басынан аяғына дейін жүргізу процесіне толық қатысуға (басқаруға) мүмкіндік бермейтіндей етіп бөлінуі көзделген банктің бизнес-жоспарына сәйкес банкте жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, банктің фронт-офиспен және бэк-офиспен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібін реттейтін ішкі құжаттарының бар болуын;
3) бизнес-жоспарға сәйкес банктің барлық операциялары бойынша, сондай-ақ есеп айырысу-кассалық операциялар, кадрларды және жалақыны есепке алу, негізгі құрал-жабдықтарды, материалдық емес активтерді, қорларды есепке алу құрамына кіретін әкімшілік-шаруашылық қызмет бойынша және банктің бөлімшелері, филиалдары жүргізетін басқа операциялар бойынша автоматтандырылған ақпарат жүйесін пайдалана отырып бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуын;
4) Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі (олар бар болған жағдайда) бойынша барлық операциялар бойынша Бас бухгалтерлік кітапты жасауды қамтамасыз етеді.
9. Автоматтандырылған банк жүйесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
4 -тарау. Қорытынды ережелер
10. Егер автоматтандырылған банк жүйесі осы Ереженің талаптарына сәйкес келмесе, Ұлттық Банк бұл жайлы уәкілетті органды хабардар етеді.
11. Банктің осы Ережеде көзделген тәртіппен қорытындыны алу үшін қайта өтініш жасауға құқығы бар.
12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
Ұлттық Банктің бухгалтерлік
есепті және Бас бухгалтерлік
кітапты автоматтандыруға
қойылатын талаптарға сәйкес
келетін автоматтандырылған
банк жүйесінің бар болуы
туралы қорытынды беру ереже
1-қосымша
Сауалнама-өтініш
Өтініш берушінің атауы __________________________________________
_________________________________________________________________
СТН ________________________
Өтініш берушінің орналасқан жері
Облыс _____________ Қала _________________ Аудан ________________
Көше _______________________________________ Үй _________________
Автоматтандырылған банк жүйесінің атауы
_________________________________________________________________
Автоматтандырылған банк жүйесін әзірлеуші
_________________________________________________________________
_____________________________________________________
Нұсқасы _____________________ Автоматтандырылған банк жүйесін жасау
күні ______________________
Әзірлеушінің орналасқан жері
Облыс _____________ Қала _________________ Аудан_________________
Көше _______________________________________ Үй__________________
Өтініш беруші пайдаланылып отырған автоматтандырылған банк жүйесінің бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретіндігін растайды.
Басшы ______________________ қолы
(Аты-жөні)
Мөр орны
Ұлттық Банктің бухгалтерлік
есепті және Бас бухгалтерлік
кітапты автоматтандыруға
қойылатын талаптарға сәйкес
келетін автоматтандырылған
банк жүйесінің бар болуы
туралы қорытынды беру ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автоматтандырылған
банк жүйесінің бар болуы туралы қорытындысы
Алматы қаласы 2008 жылғы "____"__________
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_________________________________________________________________
(банктің атауы және орналасқан жері)
_________________________________________________________________
бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуын растайды.
2. Қорытынды 3 айға дейін жарамды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төраға орынбасары)
_________________________________________ ______________
(Аты жөні) (қолы)
Мөр орны