"Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 70 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 555 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5524 болып енгізілді.

       "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 70 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4619 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы, N 5, 257-құжат, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары актілерінің жинағы 2007 жылғы, наурыз-сәуір) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуді ұсыну ережесінде:
      2-тармақта:
      3) тармақша "магистральдық темір жол желісі операторының" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – МТЖ операторы)" деген сөздермен толықтырылсын және бүкіл мәтін бойынша "магистральдық темір жол желісі операторының", "магистральдық темір жол желісі операторы", "магистральдық темір жол желісі операторына", "магистральдық темір жол желісі операторы" деген сөздер тиісінше "МТЖ операторының", "МТЖ операторы", "МТЖ операторына", "МТЖ операторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақша "жұмыс істеуге" деген сөздерден кейін "оператор растаған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) МТЖ операторының ақпараттық-есептеу орталығы – тасымалдау процесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын және темір жол көлігін автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу, үздіксіз жұмыс істеу және дамыту, сүйемелдеу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ететін МТЖ операторының бөлімшесі.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Оператор тасымалдаушы мен МТЖ операторына мыналарды растайды:
      1) меншікті (жалға алынған) локомотивтердің және мотор-вагондық жылжымалы құрамның (МВЖҚ), құжаттардың (темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің), соның ішінде МТЖ операторының ақпараттық-есептеу орталығында тіркеу құжаттарының болуын;
      2) локомотивтік бригадалардың саны туралы анықтаманы (өтілі, локомотивті басқару құқығына куәліктің болуын, МТЖ операторы белгілеген нысандағы біліктілік сыныбы);
      3) локомотивтердің және МВЖҚ-ның техникалық сипаттамаларын (қуаттылығы, конструктивті жылдамдығы, білікке түсетін жүктеме, ток түрі, қауіпсіздік және байланыс аспаптарының, құрылғыларының болуын);
      4) техникалық байқауды, техникалық қызмет көрсетуді және локомотивтерді (МВЖҚ) жабдықтауды, жөндеуді жүргізуге арналған материалдық-техникалық базасы туралы немесе осы қызметтерді көрсетуге тиісті рұқсаты (лицензиясы) бар ұйымдармен шарттың болуын;
      5) айналу пункттерінде локомотивтік бригадалардың демалуы үшін орындар ұсыну бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұйымдармен шарттың болуын;
      6) локомотивтік бригадалардың қызметкерлеріне рейс алдындағы медициналық тексеру және мерзімдік медициналық куәландыру жүргізуге шарттың болуын.";
      14-тармақтың 7-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "локомотивтік бригадалардың қызметкерлерін рейс алдындағы медициналық тексеруді және мерзімдік медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы.";
      15-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) локомотив машинисі, машинист көмекшісі мамандықтарын беруге сынауларды өткізуді, машинистерге біліктілік сыныбын беруді, локомотивтерді басқару құқығына куәлік жазып беруді және локомотивтік бригадалардың біліктілік сыныбын беруді;";
      9) тармақшадағы "қамтамасыз етеді" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) операторлардың локомотивтік бригадаларын жоспармен, қызмет көрсетілетін учаскелердің пішінімен және сигналдардың, сигналдық көрсеткіштердің орналасуымен, станцияның техникалық-басқарушылық актілерімен, жолаушылар (қала маңындағы) поездарының қозғалыс кестесімен таныстыруды қамтамасыз етеді.";
      16-тармақта:
      4) тармақша "жүргізілуін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) локомотивтік бригадалардың қызметкерлерін оқытуды, біліктіліктерін көтеруді ұйымдастырады және МТЖ операторының келісуі бойынша оларды аттестаттаудан өткізеді;
      6) машинистің бағдарғысын ресімдейді және оның деректерін МТЖ операторының ақпараттық-есептеу орталығына беруді қамтамасыз етеді;";
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) локомотивтік бригадалардың мерзімдік медициналық куәландырудан және рейс алдындағы тексеруден өтуін белгіленген мерзімде қамтамасыз етеді.".
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады