"Өлім туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N 18-279қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 509 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 06-285қ қаулысымен

      Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558  қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Өлім туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.

      2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілетін көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылдың 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділіктің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                              А.Мамин

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 5 наурыздағы
N 18-279қ қаулысымен 
бекітілді      

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Өлім туралы анықтама беру"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік қызмет Астана қаласының медицина ұйымдарында "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" беру тәртібін анықтайды.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулысының 124-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" N 520 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесіндерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4946 болып енгізілген) негізінде жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті Департаментке қарасты келесі мекемелер көрсетеді:
      1) "N 1 қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 47а, телефон: 31 73 43;
      2) "N 1 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 28, телефон: 41 28 84;
      3) "N 2 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 164, телефон: 39 56 59;
      4) "N 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 166, телефон: 28 21 77;
      5) "N 4 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, N 103 көшесі, 1 үй, телефон: 32 79 31;
      6) "N 5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 166, телефон: 28 92 18;
      7) "N 6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 22/1, телефон: 35 84 71;
      8) "N 7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы, 133, телефон: 79 36 86;
      9) "N 8 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, мекен-жайы: Астана қаласы, Сембинов көшесі, 4/1, телефон: 37 30 82;
      10) "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Қ. Құмысбеков көшесі, 51, телефон: 23 82 78;
      11) "Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Мақтымқұлы көшесі, 2/1, телефон: 35 57 86;
      12) "N 1 қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 42, телефон: 31 75 38;
      13) "N 2 қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Манас даңғылы, 10, телефон: 36 60 65;
      14) "N 1 перзентхана" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Қадырали Жалайыри көшесі, 70, телефон: 39 58 19;
      15) "Перинаталдық орталық" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Манас даңғылы, 10, телефон: 36 60 65;
      16) "N 3 перзентхана" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Қадырали Жалайыри көшесі, 70, телефон: 30 24 93;
      17) "Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Ілияс Жансүгірұлы, 7, телефон: 35 52 87;
      18) "Қалалық туберкулезге қарсы диспансер" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Астана қаласы, Мақтымқұлы көшесі, 9, телефон: 35 54 41;
      19) "Дерматология және жыныс қатынас ауруларын алдын ала емдеу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 164/1, телефон: 22 60 92;
      20) "Қалалық онкологиялық диспансер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Мақтымқұлы көшесі, 3, телефон: 35 54 27;
      21) "Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Ілияс Жансүгірұлы, 7, телефон: 35 68 25;
      22) "Паталогоанатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Ілияс Жансүгірұлы, 10, телефон: 35 52 84;
      23) "Сенім" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Ақбидай көшесі, 15, телефон: 31 21 72;
      24) "Шипагер" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Қарасақал Ерімбет көшесі, 19, телефон: 24 00 30;
      25) "Промышленный" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Шалкөде көшесі, 2, телефон: 23 16 66;
      26) "Демеу" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 1, телефон: 27 45 15;
      27) "Интернациональный" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Астана қаласы, Интернациональный тұрғын алабы, Бейбітшілік көшесі, 16, телефон: 29 72 78.

      5. Мемлекеттік қызмет N 106/у-03 "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" беру нысанымен аяқталады.

      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға қайтыс болған мен бірге тұрған немесе оның туысқандарына (соның ішінде қала тұрғындары, басқа қаладан келгендер, шетел азаматтары), егер ондай болмаған жағдайда - мәйітті тауып алған ішкі істер органдарына және азаматтық хал актілерін жазу органдарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет бір күн ішінде көрсетіледі.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат емханаларда, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарында, стационарларда, патологоанатомиялық бюрода, Сот медицина орталықтарында және Департаментке қарасты ұйымдарда орналасқан.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күн сайын сағат 9.00-ден - 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Түскі үзіліс: сағат 13.00-ден - 14.00-ге дейін.
      Алдын ала жазылу жүргізілмейді.

      11. Мемлекеттік қызмет анықтама беретін мамандандырылған кабинеттер бар қайтыс болғаны туралы дәрілік куәлік беретін медицина ұйымдарында көрсетіледі.
      Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар кезексіз қабылданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті алу үшін:
      1) қайтыс болған адаммен бірге тұрған жеке тұлғалар олардың жеке куәлігін және өлген адамның тұлғасын, қайтыс болған адамның амбулаторлық картасын;
      2) ішкі істер органдарының және Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін жазу органдарының қызметкерлері - қызметтік куәліктерін ұсынады.

      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін бланкілерді толтыру қажет емес.

      14. Мемлекеттік қызмет қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті ұсынатын медицина ұйымдарында анықтаманы беруге арналған кабинеттерде (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары, стационарлар, патологоанатомиялық бюро, Сот медицинасының орталығы) көрсетіледі.

      15. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтердің мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсыруды растайтын құжат қажет емес.

      16. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті қайтыс болған адамның емдеген дәрігері, кезекші дәрігер (кезекші әкімшілікпен), науқас өлген бөлімшенің меңгерушісі, бас дәрігерін орынбасары, сот-медициналық сарапшысы береді.

      17. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік қайтыс болған фактісін бекіткен медицина қызметкерінің жеке фактіні көрсетпей сырттай түрде дайындалмайды.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Департаменттің және аумақтық органдарының қызметі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімдік көрсеткіштерінің нысаналы маңызы жыл сайын арнайы құралған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы:
      1) "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесі: директордың қабылдау бөлмесінің телефоны 75 27 07, 75 21 97, электронды поштаның мекен жайы - e-mail: lpozd@mail.kz.;
      2) Қайтыс болғаны туралы анықтаманы ұсынатын қала медицина ұйымдары - медицина ұйымдары басшыларының қабылдау бөлмелеріне (қосымшаға сәйкес) шағымдана алады.

      22. Шағым:
      "Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті "мемлекеттік мекемесі, 415 кабинет, емдеу - алдын-алу жұмыстары бөлімі, - e-mail: lpozd@mail.kz. қабылданады.
      Қайтыс болғаны туралы анықтаманы ұсынатын қала медицина ұйымдары басшыларының қабылдау бөлмелері.

      23. Департаменттің атына келіп түсетін азаматтардың шағымдарын қарастыру тәртібі мен уақыты Қазақстан Республикасы заңнамасының бекітілген тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте берілген шағымдар міндетті түрде қабылданады, тіркеуге алынады, есепке алынады және қарастырылады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Департаменттің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұтынушыларды қабылдау жүзеге асырылады:
      1) Департамент директоры:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, N 421 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 75 27 07.
      Электронды пошта мекен-жайы: astana_dep_zdrav@topmail.kz.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: сейсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.
      2) Департамент директорының орынбасары:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, N 412 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 75 28 78.
      Электронды пошта мекен-жайы: astana_dep_zdrav@topmail.kz.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
      Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.
      3) Астана қаласы әкімінің орынбасары:
      Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, N 225 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 75 21 47.
      Электронды пошта мекен-жайы: akimat225@mail.ru.
      Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.

      25. Қосымша ақпараттың түрлері Астана қаласы медицина ұйымдарының стендтерінде ілініп тұрады.

                                         Мемлекеттік қызмет көрсету
                                            стандартына қосымша

      Кесте. Сапа мен қолжетімдік көрсеткіштерінің маңызы

Сапа мен қолжетімдік
көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норма-
тивтік
маңызы

2008 жылы
көрсеткіш-
тің ағымда-
ғы маңызы

2007 жылы
көрсеткіш-
тің ағымда-
ғы маңызы

1

2

3

4

1. Уақытылық

1.1. бекітілген мерзімде
қызметтерді ұсыну
жағдайының % (бөлшегі)

100

100

100

1.2. 40 минуттан аспай
кезекте қызметті алуға
күтуші тұтынушылардың %
(бөлшегі)

80-85

85

85

2. Сапа

2.1. ұсынылған қызметтер-
дің сапалы үдерісімен
қанағаттанған тұтынушылар-
дың % (бөлшегі)

90

90

90

2.2. лауазымды тұлғамен
дұрыс толтырылған құжаттар
жағдайының % (бөлшегі)
(есептеу, есеп айырысу
және т.б.)

100

100

100

3. Қолжетімдік

3.1. ұсынылатын қызметтің
сапасы және тәртібі туралы
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (бөлшегі)

90

90

90

3.2. тұтынушымен дұрыс
толтырылған және бірінші
кезінен тапсырылған
құжаттар жағдайының %
(бөлшегі)

80

80

80

3.3. Интернетте ұсынылған
мемлекеттік қызмет туралы
ақпараттың % (бөлшегі)

100

50

50

4. Шағым беру үдерісі

4.1. жалпы қызмет алған
тұтынушылардың, аталған
қызмет түрі бойынша
тұтынушылардың дәлелденген
шағымдарының % (бөлшегі)

0,5

-

0,5 көп
емес

Бекітілген мерзімде
қарастырылған және
қанағаттандырылған
дәлелденген шағымдардың %
(бөлшегі)

100

-

100

Қолданыстағы шағым беру
тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (бөлшегі)

90 аса емес

-

90

Шағым беру мерзіміне
қанағаттанған тұтынушылар-
дың % (бөлшегі)

90 аса емес

-

90

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (бөлшегі)

90 аса емес

95

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады