"Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 16-277қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 31 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 512 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 9 шілдедегі Азаматтық кодексін (Ерекше бөлім) басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы" N 336 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2007 жылғы 8 қазандағы қаулысын ескере отырып, Астана қаласының коммуналдық меншігін басқару және оған иелік ету тиімділігін арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына (2005 жылғы 1 тамызда нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 404 тіркелген, "Астана Хабары" газетінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 112-нөмірінде жарияланған, "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 122-нөмірінде жарияланған), "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы N 16-1008қ қаулысына (2007 жылғы 16 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 453 тіркелген, "Астана Хабары" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22-нөмірлерінде жарияланған, "Вечерняя Астана" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22-нөмірлерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидасына қосымшада :
      қосымшаның екінші азат жолы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейін ", Астана қаласының мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Астана қаласының Қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен енгізілген толықтыруды мемлекеттік тіркеуді және Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде оның орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Смағұловқа жүктелсін.

      Әкім                                       А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады