Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту" туралы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 23-266қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 28 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 513 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 23-1097қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.22 N 23-1097қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына, "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 40 нөмірінде жарияланған) "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 23-698қ қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 448 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 151 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 164 нөмірінде жарияланған) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен мынадай өзгерістер енгізілсін:
      преамбуладағы ", Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.";

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидасында:
      преамбуладағы ", Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне" деген сөздер алынып тасталсын:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектерді ертіп жүруге көрсетіледі.";

      2-тармақта:
      "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер"," деген сөздер алынып тасталсын;
      бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар)" деген сөздер "бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Бағдарламаларды" деген сөз "Бағдарламаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "мен Астана қаласы мәслихаты берген құрметті азаматтардың тізімдері" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     «"5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражатты Астана қаласы банктерінің бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карт-шоттарына аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.";

      5-1-тармақтағы "1-тармағы 1-тармақшасында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Бағдарламаларды" деген сөз "Бағдарламаны" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 23-1194қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.

       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                             А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады