Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 23-1097қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.22 N 23-1097қ қаулысымен

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "департаменті" деген сөз тиісінше "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 N 23-698қ, өзгерту енгізілді - 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі),  2009.06.17 N 23-569қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      1. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3. Астана қаласының Қаржы басқармасы қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 3-1-576қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылдың 7 сәуірінде N 254 болып тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі N 47 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 19 сәуірде N 43 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

      Визалар:

      Келісілді

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы 
N 3-1-618қ қаулысымен  
бекітілген        

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент" деген сөздер "басқармасы", "Басқарма" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.06.17 N 23-570қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.               

Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік қолдау көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 N 23-698қ, өзгерту енгізілді - 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.06.17 N 23-569қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектерді ертіп жүруге көрсетіледі.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) әкімгері тиісті қаржылық жылға сәйкес "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы " мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) болып табылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2006.08.08 N 23-698қ, өзгерту енгізілді - 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      3. Бағдарламаны қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      4. Әлеуметтік қолдау көрсету осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) жеке куәліктің көшірмесі;
      2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі берген мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      4) банктік шот ашылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі.
      Әлеуметтік қолдау көрсету өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.24 N 23-562қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражатты Астана қаласы банктерінің бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карт-шоттарына аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5-1. Әлеуметтік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген жеке көмекшілер қызметін пайданалатын адамдарға таратылмайды.
      Ескерту. 5-1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.11.11 N 23-1045қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      6. Астана қаласының Қаржы басқармасы қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде Бағдарламаны қаржыландыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2008.02.28 N 23-266қ (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек
      және халықты әлеуметтік қорғау
      министрлігінің "Мемлекеттік
      зейнетақы төлеу орталығы"
      Республикалық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
      филиалының директоры

      Астана қаласы Еңбек,
      халықты жұмыспен қамту
      және әлеуметтік қорғау
      департаментінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады