"Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы N 23-302қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 31 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 515 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 06-285қ қаулысымен

      Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы"»N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған»"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.

      2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                              А. Мамин

Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 13 наурыздағы
N 23-302қ қаулысымен 
бекітілді      

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      Мемлекеттік қызмет жұмыссыз ретінде хабарласқан азамат тіркелген жағдайда және лайықты бос лауазым болмағанда көрсетіледі.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімімен Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
      1) жұмыссыз ретінде тіркеу;
      2) осы стандарттың 1 - 2-қосымшаларына сәйкес жұмыссыздың анықтамасын беруде немесе анықтама беруден бас тарту болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушылар).

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешікпей және жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан дәлелді бас тартқаннан кейін (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 15-бабының 6-тармағы);
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10 минут;
      3) жұмыссыз ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге ұйғарынды ең ұзақ уақыты -10 минут.

      8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет тегін.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі тағанда, сондай-ақ Астана қаласы Әкімінің: www.аstana.кz. сайтында орналастырылды.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет Департамент бойынша тұтынушылар тектерінің бастапқы әріптері жазылған операциялық залдарға бөлінген 4 терезеде жүргізіледі, олардың ыңғайлы орналасуы үшін орындар бар. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттар орналастырылған таған, отыру үшін орындарымен күту залы бар. Ғимарат пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті мына құжаттар ұсынылады (деректерді тіркеген соң түпнұсқа қайтарылады):
      жеке куәлігі (паспорт);
      шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады;
      оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады;
      әлеуметтік жеке коды (ӘЖК);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      еңбек қызметін растайтын құжаттар.

      13. Қандай да бланктерді толтыру талап етілмейді.

      14. Мемлекеттік қызмет Департаменттің жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөліміне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 9-кабинет, телефон: 21-03-37.

      15. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды тапсыру талап етілмейді.
      Хабарласу мерзімі, ақпарат алу, жұмысқа жолдама беру бағдарламалы дербес есептік карточкасында белгіленеді.

      16. Жұмыссыздың анықтама алуы үшін осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес тұтынушы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөліміне жұмыссыздың өзі келуі талап етіледі.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату не болмаса мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту мына негіздемелер бойынша:
      1) екі лайықты жұмыс ұсынылғанда жазбаша бас тартса;
      2) жұмысқа жолдама берілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде дәлелсіз себептермен келмегенде;
      3) Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне шақыруы бойынша екі жұмыс күні ішінде жұмысқа жолдама алуға дәлелсіз себептермен келмегенде;
      4) Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жолдамасы бойынша оқуды немесе қоғамдық жұмыстарға қатысуды жұмыссыз дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқанда;
      5) жұмыссыз Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне келу мерзімін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
      6) мекен-жайды ауыстырғанда;
      7) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрінде жазаға сотталғанда;
      8) зейнетақы тағайындағанда жүргізіледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Департамент қызметі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы Департаментке, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 9-кабинетке, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығына, мына телефон бойынша: 21-03-37, электрондық мекен-жайы: deptrud@at.kz. хабарласуына болады.

      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе қолма қол Департаменттің кеңсесі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 12-кабинет.
      Электрондық мекен-жайы: deptrud@at.kz.
      Бөлім бастығы, телефоны: 21-03-37, 9-кабинет.
      Директордың орынбасары, 6-кабинет, телефоны: 21-62-18.
      Тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе, ол Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым жолдауына болады.

      23. Департаментке келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған тәртібі мен мерзімінде жүзеге асырылады.
      Шағым жазған кезде тұтынушыға қабылдау туралы белгісі қойылған екінші данасы беріледі.
      Заңнамамен белгіленген тәртіпте ұсынылған өтініштер міндетті түрде қабылдауға, тіркелуге, есепке алуға және қарауға жатады. Кеңсе телефоны: 21-22-61.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Департамент директоры, 23-кабинет, телефоны 21-04-92, факс: 21-28-39.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.
      Директордың орынбасары, 6-кабинет, телефоны: 21-62-18.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлім бастығы 9-кабинет, телефоны: 21-03-37.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлімнің жұмыс кестесі: азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Астана қаласы әкімінің орынбасары, мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 11, 233-кабинет. Азаматтарды қабылдау кестесі Астана қаласы әкімдігінің жұмыс регламентіне сәйкес. Телефоны: 75-21-68.
      Астана қаласы әкімінің аппараты. Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 11, қала Әкімінің сайты www.Astana.kz.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласы, Министрлік үйі, 35 көше, 2-үй, 6-кіреберіс, сайты www.Enbek.kz.

      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат.
      Астана қаласы Әкімінің сайты www.аstana.kz.

                                                Мемлекеттік қызмет
                                               көрсету стандартына
                                                    1-қосымша

                        АНЫҚТАМА

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Заңының 15-бабына сәйкес____________________________________________
жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде___________________бастап
                                           (күні, айы, жылы)
тіркелгендігі жөнінде берілді.
______________________________________________ақылы қоғамдық
жұмыстарға қатысты.
Анықтама____________________________________________________берілді.
Қолданылу мерзімі берілген күннен бастап 1 ай.

      Департамент директорының орынбасары

                                                Мемлекеттік қызмет
                                               көрсету стандартына
                                                     2-қосымша

                                          ____________________
                                                (кімге жолданады) ____________________________________________________________________
                     (бас тарту себебін көрсету)
байланысты _________________________жұмыссыздың анықтамасын ұсынуған
бас тартылғандығы жөнінде хабардар етеміз.

      Департамент директорының орынбасары

                                                Мемлекеттік қызмет
                                               көрсету стандартына
                                                      3-қосымша

      Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің
норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсет-
кіштің
есепті
жылдағы
ағымда-
ғы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған
сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну оқи-
ғаларының % (үлесі)

90

70

70

1.2. қызмет алуды кезекте 40
минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың %
(үлесі)

100

95

95

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісі-
нің сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

80

77

2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген жағ-
дайдың (жүргізілген төлем-
дер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі
туралы сапаға және ақпаратқа
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

95

90

88

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың
% (үлесі)

100

100

100

3.3. интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат
% (үлесі)

100

90

90

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)

0,5

0,1

0,01

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттанды-
рылған негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

100

95

95

4.3. шағымданудың қолданыста-
ғы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

80

75

4.4. шағымдану мерзіміне қа-
нағаттанған тұтынушылардың %
(үлесі)

90

80

79

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайы-
лығына қанағаттанған тұтыну-
шылардың % (үлесі)

90

70

67

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады