"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы N 23-298қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 31 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 520 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 06-285қ қаулысымен

      Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы"»N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған»"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.

      2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                               А. Мамин

                                           Астана қаласы әкімдігінің
                                            2008 жылғы 13 наурыздағы
                                               N 23-298қ қаулысымен
                                                     бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 1949-1965, 1966-1990 жылдарда радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) атқарған азаматтар жатады.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 12-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 110 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) ардагерлер мен мүгедектер жұмысы жөніндегі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлімдерімен Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, N 3, 4, 9 кабинеттерде көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
      1) Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса танудан бас тарту туралы шешімі;
      2) Осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса оларды танудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама;
      3) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың іс қағаздарының макетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Астана қаласы бойынша Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК (бұдан әрі - МЗТО) жолдау.

      6. Мемлекеттік қызмет 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде төтенше және ең жоғары және ең төмен радиациялық қатер аймағына жататын аумақтарда, сондай-ақ жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта жұмыс iстеген (жұмыс iстемеген), тұрған немесе әскери қызмет атқарған азаматтарға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушылар).

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса танудан бас тарту туралы арнайы комиссияның шешімі жиырма күннен кем емес мерзімде қабылданады, қосымша сұрау салулар, тексерулер жүргiзу қажет болған жағдайларда, арнайы комиссиялардың iс қағаздарының макеттерiн қарау мерзiмiн оның төрағасымен бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 110 қаулысының 10, 11-тармақтары);
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 30 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - қажет етпейді, өйткені хабарлама жазбаша түрде пошта байланысы арқылы жолданады.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесіндегі тағанда, сондай-ақ Астана қаласы Әкімінің: www. аstana. кz. сайтында орналастырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет тұратын ауданына қарай Департаменттің 3-кабинетінде ұсынылады. Өтініштердің үлгісімен, қажетті құжаттар тізімімен, ақпараттар мен хабарландырулар ілінген тағандар, кезек күту үшін орындықтар бар, ғимарат мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет (түпнұсқада және көшірмеде):
      1) жеке куәлік (паспорт);
      2) Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюросынан анықтамасы (мекен-жай бюросы мына мекен-жайда орналасқан: Астана қаласы, Иманов көшесі, 7, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін, жексенбі күні - демалыс);
      3) радиациялық қатер аумағында тұру айғағы мен кезеңiн растайтын құжаттар (туу туралы куәлік, орта білімі туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік, оқу орнын бітіру туралы диплом, әскери билет, еңбек кітапшасы, мұрағаттық анықтамалар, халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары);
      4) әлеуметтік жеке коды (ӘЖК);
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      6) екінші деңгейдегі банктердегі шотының бар болуы туралы құжат.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Департамент ғимараты, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 3, 4, 9-кабинеттер (хабарласқан азаматтардың санатына қарай).

      14. Құжаттар хабарласқан азаматтардың санатына қарай - Департаменттің заң бөлімі, мүгедектер мен ардагерлермен жұмыс жөніндегі бөлімі, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бөліміне мынадай мекен-жай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 3, 4, 9-кабинеттер.

      15. Істер макетін (құжаттарды) қабылдауды растау айғағы осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес (жұмыс істейтін азаматтар үшін) құжаттарды қабылдау күні көрсетілген іс қағаздар макетін тапсырған азаматтардың тізімімен, жәрдемақы және зейнетақы алушылар мен жұмыс істемейтін азаматтар үшін осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес - өтініштің төменгі бөлігінде тұтынушыда қалдырылатын құжаттарды қабылдаған маманның қолымен расталады (жыртылмалы талон).

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша арнайы комиссиясының шешімі (бұдан әрі - арнайы комиссия);
      Департаменттің заң бөлімі (3-кабинет) - іс қағаздарының макетін (құжаттарды) тапсырған барлық заңды және жеке тұлғаларға еркін жазбаша нысанда пошта арқылы арнайы комиссияның шешімі туралы хабарламалар жолдайтын қалалық арнайы комиссияның жұмыс органы.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеуді белгілеу айғағы болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Департамент қызметі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы Департаментке, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 3, 4, 9-кабинеттер (азаматтардың санаттарына қарай), бөлім бастықтары, телефондары: 21-00-60, 21-09-48, 21-03-37 электрондық мекен-жайы: deptrud@at. kz. хабарласуына болады.

      22. Шағымдар жазбаша түрде поштамен немесе қолма қол Департаменттің кеңсесі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 12 кабинет.
      Электрондық мекен-жайы: deptrud@at. kz.
      Бөлім бастықтары, (азаматтардың санаттарына қарай) телефондары: 21-11-60, 21-09-48, 21-03-37, 3, 4, 9-кабинеттер.
      Директордың орынбасары 25-кабинет, телефоны: 21-91-67.
      Тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе, ол Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым жолдауына болады.

      23. Департаментке келіп түскен шағымды қарау белгіленген тәртіппен және мерзімінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қаралады.
      Шағым жазған кезде тұтынушыға қабылдау туралы белгісі қойылған екінші данасы беріледі.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Кеңсе телефоны: 21-22-61.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Департамент директоры, 23-кабинет, телефоны: 21-04-92, факс: 21-28-39.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.
      Департамент директорының орынбасары, 25-кабинет, телефоны 21-91-67.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлім бастықтары 3, 4, 9-кабинеттер (азаматтардың санаттарына қарай) телефондары: 21-11-60, 21-09-48, 21-03-37.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлімдердің жұмыс кестесі: азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Астана қаласы әкімінің орынбасары. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 233 кабинет. Азаматтарды қабылдау кестесі - Астана қаласы әкімдігінің жұмыс регламентіне сәйкес. Телефоны: 75-21-68.
      Астана қаласы әкімінің аппараты. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, қала Әкімінің сайты www. Astana. kz.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласы, Министрлік үйі, 35 көше, 2-үй, 6-кіре беріс, сайты www. Enbek. kz.

      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат
      Астана қаласы Әкімінің сайты www. аstana. kz.

                                                  Мемлекеттік қызмет
                                                 көрсету стандартына
                                                       1-қосымша

                 Ауданы (қаласы) әкiмiнiң жанындағы
      _______________арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
         азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
             сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану
                  (танудан бас тарту) туралы шешiмi

      N _____ хаттамаға                 күнi___________

      1. Азамат___________________________________________________
___________бастап __________ дейiн ____________ радиациялық қатер
аймағында;
___________бастап __________ дейiн ____________ радиациялық қатер
аймағында;
___________бастап __________ дейiн ____________ радиациялық қатер
аймағында тұрған кезеңi iшiнде Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп саналсын.
      2. "Қазақстан Халық Банкi" АҚ-мен салыстырып тексеру
қорытындылары бойынша_______теңгерiмнен тыс шотты жабу қажет деп
саналады.
      3. Азамат_______________________:
      1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
төлеу жүргiзілген жоқ/жүргiзiлдi (қажеттiсiнiң астын сызу).
      _______________теңге___________сомасында жүргiзiлген.
      2) _______________теңге___________жалпы сомасында теңгерiмнен
тыс арнайы шотқа есептелген, бiрақ төленбеген.
      4. Азамат__________________________Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат
ретiнде тiркеуден бас тартылсын.
      5. Қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiш берушi хабардар етiлсiн.
      Комиссияның төрағасы______________________
      Комиссияның мүшелерi______________________

      Мөрдiң орны

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      2-қосымша

                                                ___________________
                                                      (атауы)

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша
Астана қаласының "____________" ауданының арнайы комиссия
отырысының 200 _____ жылғы "____" ___________ N ____ хаттамасы
негізінде ____________________________________________________шешім
(егер бас тарту - бас тарту негіздемесі зардап шеккенді тану не
болмаса танудан бас тарту туралы) шешімін қабылдағанын хабардар
етеміз.
      Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін іс қағаздар макеті
өтемақы төлеу бойынша уәкілетті органға (МЗТО) жолданды.

      Департамент директорының орынбасары

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      3-қосымша

      Кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң комиссияларына
       _______________________________________________________,
              (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)
        iс қағаздарының макетiн тапсырған азаматтардың тiзiмi

Р/с
N

Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.

Туған жылы

Тұратын жерi

Іс қағазын-
дағы парақ
саны

1

2

3

4

5

Берген:
Комиссияның төрағасы:_____________________
Комиссияның хатшысы:______________________
Күні ___________________________
М.О. (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң)
Қабылдап алған:___________________________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________
Күні ___________________________
М.О.

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      4-қосымша

                                    Астана қаласы бойынша Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрлігі департаментінің
                                    директорына
                                    _______________________________
                                    _______________________________
                                    мекен-жайы бойынша тұратын
                                    _______________________________
                                    жеке басын куәландыратын құжат
                                    СТН____________________________
                                    жеке шоты N____________________
                                    банктiң атауы__________________

                          ӨТІНІШ

      Семей ядролы сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы мемлекеттiк ақшалай
өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) тағайындауды сұраймын.
____________жылдан__________жылды қоса алғанда_____________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
____________жылдан__________жылды қоса алғанда_____________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
____________жылдан__________жылды қоса алғанда_____________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
____________жылдан__________жылды қоса алғанда_____________________
радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.
      Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру айғағын
растайтын мына құжаттарды қоса берiп отырмын:___________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапкершілік аламын.
      1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
алған жоқпын (алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Күні ______________________ Қолы__________________________

     --------------------------------------------------------------------
                           (кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен
"__"____________200__жылы______данада қабылданды.
Қолы____________    ________________________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      5-қосымша

       Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіш-
тің норма-
тивтік мәні

Көрсеткіштің
келесі жыл-
дағы нысана-
лы мәні

Көрсеткіш-
тің есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған
сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну
оқиғаларының % (үлесі)

90

45

42

1.2. қызмет алуды кезекте
40 минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың %
(үлесі)

100

90

90

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдері-
сінің сапасына қанағаттан-
ған тұтынушылардың %
(үлесі)

80

70

62

2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген
жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп айырысулар
және т.б.) % (үлесі)

90

75

72

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәрті-
бі туралы сапаға және
ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

85

83

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған
оқиғалардың % (үлесі)

90

50

35

3.3. интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)

100

90

85

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы
санына негізделген
шағымдардың % (үлесі)

0,5

0,1

0,01

4.2. белгіленген мерзімде
қаралған және қанағаттан-
дырылған негізделген
шағымдардың % (үлесі)

90

80

78

4.3. шағымданудың қолда-
ныстағы тәртібіне қана-
ғаттанған тұтынушылардың %
(үлесі)

95

80

76

4.4. шағымдану мерзіміне
қанағаттанған тұтынушы-
лардың % (үлесі)

95

80

76

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

85

75

73

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      6-қосымша

          Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін
             азаматтардың өтiнiштерiн тiркеу журналы

Р/с
N

Өтiнiш
берушi-
нiң
Т.А.Ә.,

Өтiнiш
берушiнiң
туған
жылы

Радиациялық қатер
аймағында тұруы

Ұсынылған
құжаттардың
тiзбесi
(нөмiрiн,
күнiн және
берудi
жүзеге асыр-
ған органды
көрсете
отырып)

Арнайы комиссия-
ның шеші-
мі

жылдар

аймақтар



1

2

3

4

5

6

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады