"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 23-427қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 13 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 533 болып енгізілді. Күші жойылды- Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 158-653 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.04 2017 № 158-653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы " 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек-балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 наурызда N 314 болып тіркелген; 2004 жылғы 30 наурызда N 41 "Астана хабары"; 2004 жылғы 30 наурызда N 35 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының " Неке және отбасы туралы " 1998 жылғы 17 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 13 сәуірдегі, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :";
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында :
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекен-жай бюросынан анықтамасы (түпнұсқасы мен көшірмесі)";
      4) тармақша "қажеттілігі туралы анықтама" деген сөздерден кейін "тәрбие және/немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша "түпнұсқасы" деген сөзден кейін "және көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
      "6-1) Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-не дейін Департаментке алдағы тоқсанға мектептер бөлігінде үйде тәрбиеленетін мүгедек балалардың тізімін ұсынады.";
      8, 13-тармақтар алынып тасталсын;
      11-тармақтағы "ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады және тоқсан сайын төленеді" деген сөздер "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттілігі туралы қорытындысында көрсетілген мерзіміне" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкiм
И. Тасмағамбетов
Әкiмнiң орынбасары
Т.М. Жақсылықов
Әкiмнiң орынбасары
Е.Т. Қожағапанов
Әкiмнiң орынбасары
В.Л. Крылов
Әкiмнiң орынбасары
Ә.М. Рахымжанов
Әкiмнiң орынбасары
С.М. Хорошун
Әкiм аппаратының басшысы
Ж.А. Мырзалин
"Астана қаласының Қаржы
 
департаменті" мемлекеттік
 
мекемесінің директоры
Ж.Ғ. Нұрпейісов
Мемлекеттік-құқықтық
 
бөлiмiнің меңгерушiсінің
 
міндетін атқарушы
А.А. Түсіпбаев
"Астана қаласының Жұмыспен
 
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
 
департаментi" мемлекеттік
 
мекемесінің директоры
А.Қ. Алтыбаева
КЕЛІСІЛДІ
 
"Астана қаласының Білім
 
департаменті" мемлекеттік
 
мекемесінің директоры
Ә.Т. Бимендина

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады