Астана қаласының N 103 көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 67 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 148/23-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 8 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 550 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2008 жылғы 4 наурыздағы N 26 шешімінің негізінде Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. N 103 көше – Тарас Шевченко көшесі деп аталсын.
      2. Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкiмi, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешiмдi iске асыру жөнiнде қажеттi шара қабылдасын.
      3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрайымы                       К. Анасова

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады