2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі N А-3/108 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 10 сәуірде N 3244 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № А-5/205

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № А-5/205

      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 cәуірдегі N 563 Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жергілікті әскери органдар арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрып, олардың қызметін қамтамасыз етсін, сондай-ақ медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
      3. Көкшетау мен Степногорск қалаларының және аудандардың шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын, шақыруды жүргізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. "Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры шақыруды өткізу басталғанға дейін қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
      5. "Ақмола облысы ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тиісті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе отырып, әскерге шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинақтау пунктінде, әскери бөлімдерге шақырушылардың жөнелтілуі мен кетуі, сондай-ақ тұлғаларды іздестіру және жеткізу бойынша тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери қызметке шақырылудан бас тартуы бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
      6. "Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақылауды және жастар командаларын жинау, қалыптастыру мен әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымдастырсын.
      7. "Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық-техникалық іс-шараларды қамтамасыз етуді жүргізсін.
      8. "Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2008 жылғы сәуір-маусым айларында және 2008 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді  әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты тапсырсын.
      9. "2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N№А-5/148 қаулысының (Мемлекеттік тіркеу тізілімінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3221 болып тіркелген, 2007 жылғы 31 мамырда "Арқа ажары" және 2007 жылғы 22 мамырда "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      11.Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2007 жылдың 3 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      12. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі

                                  Ақмола облысы әкімдігінің
      2008 жылғы 3 сәуірдегі
      N а-3/108 қаулысына 1 қосымша

ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Зейноллин             - "Ақмола облысының қорғаныс
Мұратбек Бегайдарұлы    істері жөніндегі департаменті"
                        мемлекеттік мекемесінің
                        бастығының міндетін атқарушы,
                        шақыру комиссиясының төрағасы;

Жұрынбаев             - "Ақмола облысының жұмылдыру 
Серік Кәкімбекұлы       дайындығы жөніндегі басқармасы,
                        азаматтық қорғаныс, апаттардың
                        алдын алу және жоюды ұйымдастыру
                        басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                        жұмылдыру дайындығы бөлімінің
                        бастығы, шақыру комиссиясы
                        төрағасының орынбасары;  

КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ

Тойғамбаев            - "Ақмола облысының ішкі істер
Дулат Кенжешұлы         департаменті" мемлекеттік
                        мекемесі бастығының орынбасары; 

Құттыбай              - "Ақмола облысының денсаулық 
Ерғали Өмірзақұлы       сақтау департаменті" мемлекеттік
                        мекемесінің жұмылдыру және
                        мемлекеттік құпияларды сақтау
                        бөлімінің бастығы;

Белогуб               - "Ақмола облысының қорғаныс
Николай Николаевич      істері жөніндегі департаменті" 
                        мемлекеттік мекемесінің
                        келісім-шарт бойынша әскери   
                        қызметшілерді жинау және шақыру 
                        басқармасының бастығы;                                                         
Мартазанов            - "Ақмола облысының денсаулық     
Макшарип Баматгиреевич  сақтау департаменті" мемлекеттік
                        мекемесінің жанындағы "Ақмола
                        облыстық ауруханасы" мемлекеттік
                        коммуналдық қазыналық
                        кәсіпорнының аға дәрігері -
                        медициналық комиссияның
                        төрағасы;

Субач                 - "Ақмола облысының денсаулық
Лейла Леонидовна        сақтау департаменті" мемлекеттік
                        мекемесінің жанындағы "Ақмола
                        облыстық ауруханасы" мемлекеттік
                        коммуналдық қазыналық
                        кәсіпорнының медициналық бикесі
                        - комиссияның хатшысы.

Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылы 3 сәуірдегі 
N а-3/108 қаулысына 2 қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі

р/с

қорғаныс
істері
жөніндегі басқармалар мен бөлімдер

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты - 8.30-дан 12.30-ға дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Ақкөл

7,23

5,20

2,17

1,15

3,19

1,18

2

Аршалы

11,28

6,19

5,24

3,23

7,25

5,23

3

Астрахан

7,28

2,23

6,27

9,29

11,28

3,19

4

Атбасар

11,28

15,27

12,20

2,16

4,21

12,26

5

Бұланды

3,10

7,26

4,19

7,22

6,27

8,18

6

Еңбекшілдер

7,29

12,28

9,30

10,28

10,28

2,19

7

Ерейментау

6,28

5,27

3,20

6,17

5,20

4,22

8

Есіл

8,23

12, 30

2,18

1,16

12,26

9,25

9

Жақсы

3,11

13,29

10,27

9,27

4,25

10,26

10

Жарқайың

10,30

2,21

11,26

10,24

3,21

1,22

11

Зеренді

4,22

7,26

4,30

3,30

11,26

8,29

12

Көкшетау

4,16

12,27

5,19

2,27

7,20

9,23

13

Қорғалжын

15,29

14,29

9,26

8,23

6,19

2,24

14

Сандықтау

9,10

13,28

6,25

6,17

10,24

4,25

15

Степногорск

3,21

6,22

10,23

3,29

5,18

12,24

16

Целиноград

3,9

15,30

12,24

9,28

12,24

10,22

17

Шортанды

7,23

14,23

11,23

8,27

3,18

3,19

18

Щучье

4,16

16,22

3,25

7,22

5,17

5,18

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады