Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Бекмағамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Рау
Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 7 қазандағы
N А-7/428 қаулысымен
Бекітілген
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді (мәтін бойынша бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай төлемдер түрінде берілетін әлеуметтік көмек.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексінің 53-бабындағы 1-тармағының 4) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14), 1-3) тармақшалары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет "Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен" мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – Бөлімдер) көрсетіледі. Бөлімдердің толық атауы, қызметті көрсету орны және электрондық мекен-жайы және веб-сайттары осы Стандарттың 1 -қосымшасында көрсетілген.
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы шешім мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалардың санаттары аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар шешімдеріне белгіленеді.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет әлеуметтік көмек жөніндегі комиссияның шешімін алған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмей көрсетіледі;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 40 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алуда кезек күтуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт 40 минуттан аспауы тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімдердің веб-сайттарында және ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланады.
10. Мемлекеттік қызмет 09.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі, демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімдермен көрсетіледі. Бөлімдердің үй-жайларында күту залдары бар, құжаттарды толтыруға арналған орындар оларды толтыру үлгілерімен және қажетті құжаттардың тізбелері берілген стендтермен жабдықталған, қауіпсіздік қамтамасыз етіледі және мүмкіндіктері шектеулі адамдар қолайлы жағдайлар жасалған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды тапсырады:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің есеп-шоты;
4) салық төлеушіні тіркеу нөмірінің куәлігінің көшірмесі;
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
6) жеңілдік санатына кіретіндігін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі және мүгедекті жеке оңалту бағдарламасынан үзінді;
8) санаторлық-қурорттық емделуге мұқтаж мүгедектер үшін санаторлық-курорттық карта;
9) операция жасау фактісін растайтын ауру тарихынан үзінді;
10) мұқтаж мүгедектер үшін емделуге бару үшін жол билеттері немесе жолақы құнын растайтын анықтама;
11) қайтыс болған азаматтың қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі, қайтыс болғандығы туралы куәлік;
12) ауруханада емделіп жатқандығы туралы анықтама;
13) амбулаторлық емделуде екендігі туралы фтизиатрдан анықтама;
14) отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;
15) Қазақстан Республикасының санаторийлері көрсетілген санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы емдеу мекемесінің дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы;
16) туы туралы куәлігінің көшірмесі.
13. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері еркін нысанда ресімделген өтініштің негізінде көрсетіледі. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1 -қосымшасында көрсетілген.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Бөлімге тапсырылады. Бөлімдердің мекен-жайлары мен веб-сайттары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Өтініш берушімен барлық қажетті құжаттар тапсырылғандығын тіркеу күні мен уақыты, құжаттарды қабылдап алған маманның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон растайды.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу үшін өтініш беруші тұрғылықты жеріндегі Бөлімге бару арқылы немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бөлімдердің мекен-жайлары осы Стандарттың 1 -қосымшасында көрсетілген.
17. Өтініш берушінің құжаттарды берген кезде толық емес мәліметтерді және (немесе) дәйексіз мағлұмат беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
18. Бөлімдердің қызметі келесі қағидаттарға негізделеді:
1) адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын сақтау;
2) заңдылық;
3) сыпайылық;
4) толық және барынша толық ақпарат беру;
5) ақпараттың қорғалуы және сақталу құпиялығы;
6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
19. Бөлімдер жұмысының нәтижелері осы Стандарттың 2 -қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Бөлімдер жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі бойынша түсініктемені және шағым дайындауға жәрдемді Бөлімдердің бастықтарынан немесе оның орынбасарларынан алуға болады. Электрондық поштаның мекен-жайлары, телефон нөмірлері осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
22. Шағымдар байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Бөлімдерге, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Басқарма) беріледі. Мемлекеттік органдардың атаулары, электрондық поштаның мекен-жайлары, атына шағым берілетін лауазымды тұлғалар осы Стандарттың 24-тарауында көрсетілген.
23. Өтініш берушіге берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны және оның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайды.
24. Бөлімдер мен Басқарма бастықтарының және олардың орынбасарларының, жоғары тұрған ұйымдардың байланыс деректері:
1) веб-сайт, электрондық поштаның мекен-жайы, заңды мекен-жайы, телефоны, Бөлім бастықтарымен және олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген;
2) "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А.С.Пушкин атындағы көше, 23, 301- кабинет, веб-сайты www.akmo.kz, электрондық поштаның мекен-жайы akmout@mail.online.kz, телефоны 8(7162)7636 90.
Қабылдау кестесі:
басқарма бастығы - дүйсенбі, бейсенбі 15.00-ден 18.00-ге дейін;
басқарма бастығының орынбасары - сәрсенбі, бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
басқарма бастығының орынбасары - бейсенбі, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
3) Ақмола облысының әкімдігі, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, веб-сайты www.akmo.kz.
25. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу мәселесі бойынша қосымша ақпаратты "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ала алады.
"Жергілікті ө кілетті органдарды ң
шешімдері бойынша м ұқ таж азаматтарды ң
жекелеген санаттарына ә леуметтік к ө мек
та ғ айындау ж ә не т ө леу" мемлекеттік
қ ызмет к ө рсетуді ң стандартына 1 қ осымша
Ақмола облысының аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің байланыс деректері
N р/с |
Ауданды қ ( қа лалы қ) |
За ң ды мекенжайы, қ абылдау уа қ ыты Б ө лімдерді ң басты қ тары мен |
Байланыс телефоны |
Электронды қ мекен-жайы, веб-сайт |
1 |
"Ақ к ө л ауданыны ң ж ұ мыспен қ амту ж ә не |
Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 |
(8-71638)2-10-48 |
Sobes_akkol@gcvp.kz , www.akmol.kz |
2 |
"Аршалы ауданының |
Аршалы ауданы, Аршалы селосы, |
(8-71644)2-13-76 |
Arshaly_rotz@rjrshetau.online.kz , www.akmol.kz |
3 |
"Астрахан ауданының |
Астрахан ауданы, |
(8-71641)2-25-34 |
Astr_socz@kokshetau.online.rz , www.akmol.kz |
4 |
"Атбасар ауданының |
Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, |
(8-71643)4-28-07 |
Atb_rotzisn@kokshetau.online/kz www.online.kz |
5 |
"Бұ ланды ауданыны ң |
Бұланды ауданы, Макинск қаласы, |
(8-71646)2-21-38 |
Bulandy_rozsp 15k@mail.kz |
6 |
"Егіндікө л ауданыны ң ж ұ мыспен қ амту ж ә не ә леуметтік |
Егіндікөл ауданы, Егіндікөл селосы, |
(8-71642)2-15-44 |
Egindykol_ozsp@mail.ru , |
7 |
"Ең бекшілдер |
Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі,64, азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
(8-71639)2-21-29 |
enbekrotz@mail.kz , www.akmol.kz |
8 |
"Ерейментау ауданының ж ұ мыспен қ амту ж ә не |
Ерейментау ауданы, |
(8-71633)2-11-73 |
eremzsp@kokshetau.online.kz http://www.ereymen.kz/ |
9 |
"Есіл ауданының |
Есіл ауданы, |
(8-71647)2-16-57 |
sobes@kokshetau.online.kz , |
10 |
"Жақ сы ауданыны ң |
Жақсы ауданы, Жақсы селосы, |
(8-71635)2-13-00 |
soc_zanita_21@kokshetau.online.kz |
11 |
"Жарқ айы ң ауданыны ң |
Жарқайың ауданы, Державинск қаласы |
(8-71648) |
Sobes_derzhavinsk@gcvp.kz |
12 |
"Зеренді ауданының |
Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Бейбітшілік көшесі, 64, |
(8-71632) |
zer_cz@kokshetau.online.kz byx@kokshetay.online.kz |
13 |
"Қор ғ алжын ауданыны ң ж ұ мыспен қ амту ж ә не ә леуметтік |
Қорғалжын ауданы, Коргалжын селосы, |
(8-71637)2-11-83 |
kszn@kokshetau.online.kz , http://akmol.kz/admin.html |
14 |
"Сандық тау ауданыны ң ж ұ мыспен қ амту ж ә не ә леуметтік |
Сандықтау ауданы, |
(8-71640) |
Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz , www.sand.akmol.kz |
15 |
"Целиноград ауданының ж ұ мыспен қ амту ж ә не ә леуметтік |
Целиноград ауданы, Ақмол селосы, Гагарин көшесі,15, |
(8-71651)3-11-10 |
Otdel_zan@mail.kz , |
16 |
"Шортанды ауданының |
Шортанды ауданы, Шортанды кенті, |
(8-71631) |
shortsobez@mail.ru , www.akmol.kz |
17 |
"Щучье ауданының |
Щучье ауданы, Щучинск қаласы, |
(8-71636) |
depart@kokshetau.online.kz www.burabau-akimat.kz |
18 |
"Степногорск |
Степногорск қаласы, 4-ықшам ауданы, азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін |
(8-71645) |
soc-progr@yandex.ru |
19 |
"Кө кшетау қ аласыны ң |
Көкшетау қаласы, Локомотивная көшесі, 9а, |
8(7162) |
sobes_kokshe@kokshetau.online.kz http://www.zakupki.akmol.kz |
"Жергілікті өкілетті органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу" мемлекеттік
қызмет көрсетудің стандарты 2 қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есептегі жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақытылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі) |
100 |
94,6 |
89,8 |
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
95 |
85,8 |
81,4 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
95 |
92,5 |
88,5 |
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100 |
92,9 |
89,7 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
95 |
89,7 |
85,6 |
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші ретте тапсырған оқиғалардың %(үлесі) |
85 |
80,4 |
75,9 |
3.3.Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі) |
50 |
34,9 |
26,1 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0,1 |
0,1 |
0,2 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100 |
93,7 |
87 |
4.3.шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
78,4 |
71 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90 |
82,3 |
76,5 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі) |
100 |
96,2 |
92,3 |