"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № а-6/341 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № А-9/574 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 2 ақпанда № 3305 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № А-6/358 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
       «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы №а-6/341 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3272 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
      орыс тіліндегі 6-тармағындағы «қызмет көрсетілетін» сөзі «оқитын» сөзімен ауыстырылсын;
      12-тармақтың 4)-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
      «4) азаматтардың тіркеу кітабы;»;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқаларында ұсынылады, сонан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».
      2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысының әкімі                   А. Рау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады