Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 15/3 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфорграфия және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы “Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы” Кодексінің 3, 373 баптарын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының 2003 жылғы 9 қаңтардағы №23/8 “Есіл ауданы аумағындағы бір реттік талон құнының мөлшерін бекіту туралы” шешіміне өзгертулер енгізу туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде 2003 жылғы 14 қаңтарда 1483 нөмірімен тіркелген), Есіл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 15/4 “Есіл ауданы аумағындағы бір реттік талон құнының мөлшерін бекіту туралы” шешіміне өзгертулер енгізу туралы” (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде 2005 жылғы 06 мамырда 1-11-5 нөмірімен тіркелген, 30 мамыр 2005 жылы № 7 “Жаңа Есіл” газетінде жарияланған) шешімімен өзгертулер енгізілген шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
№ 1 қосымшадағы “Аяқ-киім сату” жолындағы “150” цифры “420” цифрына ауыстырылсын;
№ 2 қосымшадағы “Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдарын сату (көшеттер, егу)” жолындағы “50” цифры “130” цифрына ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Жаңабергенов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ж.Қажыбаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Есіл ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы Т.Салықбаев