Отрадное селосы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Отрадный ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы N 5 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 30 маусымда N 1-12-90 тіркелді.

      Отрадное селосының тұрғындары пікірлерінің есепке алуына байланысты (хаттаманың үзіндісі қоса тіркеледі), Қазақстан Республикасының «1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылғысы туралы» Заңының 4 тармағының 14 бабаның негізінде ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Отрадное селосындағы келесі көшелердің аттары өзгертілсін:
      1) Воронежская көшесі Савин Петр Александрович атындағы        көшесіне;
      2) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      3) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
      4) Набережная көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
      5) Садовая көшесі Бақ көшесіне;
      6) Целинная көшесі Тың көшесіне;
      2. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.

      Отрадный ауылдық
      округінің әкімі                               Ғ. Айтмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады