Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармағының негізінде 2007 жылдың 19 сәуіріндегі Петровка селосының тұрғындар жиынының хаттамасына сәйкес Шортанды ауданының ономастика және тіл саясаты жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 3 шілдедегі № 4 шешімімен Петровка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Шортанды ауданы Петровка селолық округі әкімінің 23.07.2015 № 14 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Петровка селосы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Ленин көшесі - Жамбыл көшесіне,
2) Калинин көшесі - Құрманғазы көшесіне,
3) Куйбышев көшесі - Мүсірепов көшелеріне,
4) Горький көшесі - Төле би көшесіне,
5) Қазанның 70 жылдығы көшесі - Желтоқсан көшесіне.
2. Осы шешім Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа түседі.
Петровка селолық
округінің
әкімі В.Игнатов
КЕЛІСІЛДІ:
"Шортанды ауданы
мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.Бартош