Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.12.21 № 235 шешімімен.
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 454 бабының 1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің мөлшері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" ММ, аудандар және Ақтөбе қаласының әкімдері жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін" төлемақы ставкілерінің мөлшерін төлеушілерге жеткізсін және бұрын қабылданған нормативті құқықтық актілер осы шешімге сәйкестендірілсін.
3. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 19 сәуір N 3203 тіркелген»"Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің мөлшерін бекіту туралы" 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 343 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
К.ЖҰМАБАЕВ А.ЕСІРКЕПОВ
Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 26 наурыздағы
N 52 шешіміне
Қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкілерінің
МӨЛШЕРІ
Ойыл, Сағыз, Ембі, Елек, Қарғалы, Орал өзендерінің бассейні бойынша
р/с |
Арнайы су пайдалану түрі |
Өлшем бірлігі |
Төлем |
1 |
Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер |
тиын/м 3 |
5,28 |
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын бірге қосқанда |
тиын/м 3 |
14,99 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
тиын/м 3 |
4,23 |
4 |
Су көздерінен жиналым жасайтын тоғандық шаруашылықтар |
тиын/м 3 |
4,11 |
5 |
Су көздерінен балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылықтары мен тұтынушылар |
теңге/тонна |
106,26 |
6 |
Су энергетикасы |
тиын/квт. сағ. |
1,32 |
7 |
Су көлігі |
тиын/т.км |
0,53 |
Төрғай, Ырғыз өзендерінің бассейні бойынша
р/с |
Арнайы су |
Өлшем бірлігі |
Төлем |
1 |
Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер |
тиын/м 3 |
4,41 |
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын бірге қосқанда |
тиын/м 3 |
12,69 |
3 |
Ауыл шаруашылығы |
тиын/м 3 |
3,53 |
4 |
Су көздерінен жиналым жасайтын тоғандық шаруашылықтар |
тиын/м 3 |
3,53 |
5 |
Су көздерінен балық аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылықтары мен тұтынушылар |
теңге/тонна |
90,21 |
6 |
Су энергетикасы |
тиын/квт. сағ. |
- |
7 |
Су көлігі |
тиын/т.км |
- |