2008 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімиятының 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 140 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 29 сәуірде N 3250 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 03-4/778 хатымен

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009.02.27 N 03-4/778 хатымен.

       "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңының 19, 20 бабтарына cәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді заспасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2008 жылғы 01 сәуірдегі N 563 Жарлығын іске асыру мақсатымен облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1."Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттiк мекемесi (Т.Б.Еренчиев) 2008 жылғы сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейiнгі 18 жастағы, мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан кейiнге қалдырылуға немесе босатылуға құқы жоқ ер азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
       2. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментiне (С.Е. Аманбаев), "Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" (М.Е.Ибрашев), "Ақтөбе облысының денсаулық департаменті" (Қ.Қ.Сабыр), "Ақтөбе облысының ішкi iстер департаменті" (П.К. Нокин), Ақтөбе станциясы желiлiк iшкi iстер бөлiмiне (С.Ж.Сарсенов), мемлекеттік мекемелеріне Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі (басқарма) бөлімдерін жабдықталған әскерге шақыру (жинау) қостарымен, дәрi-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлiктерiмен, автомобиль көлiктерiмен, байланыс құралдарымен, қоғамдық тәртіп күзетімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
       3. Облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
       4. "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" мемлекеттiк мекемесi (С.Еңсегенұлы) әскерге шақыру жөніндегі iс-шараларды орындауға байланысты шығындарға 2008 жылы әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларға сәйкес 25498000 (жиырма бес миллион төрт жүз тоқсан сегіз мың) теңге бөлсiн.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.А.Серікбаевқа жүктелсiн.
       6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi м.а.                         І.Өмірзақов

Облыс әкiмдiгінiң
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 140 қаулысымен бекiтiлген

Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

Еренчиев                    - "Облыстық қорғаныс істері
Тынышпек Байжұмаұлы           жөніндегі департаменті" ММ
                              бастығы, комиссия төрағасы

Мұқанов                     - "Облыстық жұмылдыру дайындығы,
Кенжетай Баяшұлы              азаматтық қорғаныс, авариялар
                              мен дүлей апаттардың алдын
                              алуды және жоюды ұйымдастыру
                              басқармасы" ММ бастығының
                              орынбасары, комиссия
                              төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

Қарасай Берденұлы Күшелеков - "Ақтөбе облысының ішкі істер
                              департаменті" ММ бастығының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Көшеров Ықсан Көшерұлы      - "Бiлiм департаменті" ММ бас
                              маманы

Нармұхамедов Жәнiбек        - "Ақтөбе облысының денсаулық
Қарайұлы                      сақтау департаменті"
                              ММ бастығының орынбасары

Аманшиев Бауыржан           - "Қорғаныс істері жөніндегі
Килбайұлы                     департаменті" ММ бастығының
                              орынбасары - келісім-шарт
                              бойынша әскери қызметкерлерді
                              жинау және шақыру
                              басқармасының бастығы
                              (келісім бойынша)

Есмақанов Есенгелдi         - "Қорғаныс істері жөніндегі
Бимәліұлы                     департаменті" ММ бастығының
                              көмекшісі - дәрігер
                              (медициналық комиссиясының
                              төрағасы) (келісім бойынша)

Шатаева Инабат              - N 2 консультативті
Көбенқызы                     диагностикалық емхана
                              медбикесі, хатшы

Лұқманов Роберт             - "Ақтөбе облысының қорғаныс
Николайұлы                    істері жөніндегі департаменті"
                              ММ бастығының тәрбие,
                              әлеуметтік және психологиялық
                              жұмыстар бойынша орынбасары -
                              ТӘжПЖ бөлімі бастығы (келісім
                              бойынша)

Бахтиярова Ольга            - ТӘжПЖ бөлімі бастығының аға
Сергеевна                     әскери маманы (психолог)
                              (келісім бойынша)

Сыдықов Жанат               - "Ақтөбе облысының қорғаныс 
Выратбекұлы                   істері жөніндегі департаменті"
                              ММ заңгер-кеңесшісі (келісім
                              бойынша)

      Шақыру бөлімі бастығы              Сундетов К

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады