Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы N 51 "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 82 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 4 мамырда N 3252 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 135 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008.12.10 N 135 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы", 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы", 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 344 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулыларына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 4 сәуірде N 3241 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі N 42-43 сандарында жарияланған 2008 жылғы 26 наурыздағы N 51 "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің 4 тармағындағы "2008 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған" деген сөздерден кейін "2008 жылғы 9 ақпаннан бастап 30567,3 ставка осы шешім қолданысқа енгізілгенге дейін әрекет ететін туындаған қатынастарға таралатын осы шешімге қосымшаның 2 тармақшасын қоспағанда "заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары" деген мазмұндағы сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген шешімге қосымшада:
      реттік номері 2 жолдың 5 бағанындағы "30567,3" сандар "12000" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) ескертпеде:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:
      энергия өндіруші ұйымдар;
      табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін
мынадай коэффициенттер енгізіледі:
      1 0,3 коэффициенті;
      2 0,43 коэффициенті;
      4 0,25 коэффициенті;"
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың             Облыстық
       сессия төрағасы             мәслихаттың хатшысы

         Ғ. НҰРЫШЕВ                   А. ЕСІРКЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады