2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 135 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 3277 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 234 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.12.21 № 234 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" Кодексінің (Салық Кодексі) 495 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырылсын.
      Қосымшаның 6 тармағының 1.3.6. тармақшаларынан басқа 2, 4, 5, 6 тармақтарындағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары екі есеге арттырылсын.
      Қосымшаның 3 тармағындағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары он төрт рет есеге арттырылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.07.15 N 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2. "Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын төлеушілерге жеткізсін.

      3. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 4 сәуірде N 3241 тіркелген "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 26 наурыздағы N 51 және Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 4 мамырда N 3252 тіркелген "2008 жылғы 26 наурыздағы N 51 "2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 82 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың          Облыстық
        сессия төрайымы       мәслихаттың хатшысы

           М. ТҰЯҚОВА            А. ЕСІРКЕПОВ

Облыстық мәслихаттың
2008 жылғы 10 желтоқсандағы
N 135 шешіміне қосымша

2009 жылға арналған қоршаған ортаға ластағаны
үшін төлем ставкалары

      1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.

      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с

N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртек тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Ластағыш заттардың түрлері

1 тоннаға
төлемақы ставкасы
(АЕҚ)

1

2

3

1.

Көмір сутегі

31,22

2.

Коміртегі тотықтары

10,22

3.

Метан

0,56

4.

Күкірт диоксиді

140

5.

Азот диоксиді

140

6.

Күл

168

7.

Күкіртті сутегі

868

8.

Меркаптан

139524

      Ескерту. 3 тармақтың кестесіне өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.07.15 N 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2 тармақтан қараңыз) шешімімен

      4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с

N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

      5. Ластағыш заттардың төгінділері үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с

N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттекке биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с

N

Қалдықтардың түрлері

Төлем ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы

0,38


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"янтарь" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

Жіктелмеген

0,9


1.3.

Өзге қалдықтар:



1.3.1.

Аршынды жыныстар

0,004


1.3.2.

Сыйғызу жыныстары

0,026


1.3.3.

Байыту қалдықтары

0,02


1.3.4.

Шлактар, шламдар

0,038


1.3.5.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.3.6.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009


1.3.7

Техникалық және элементарлық күкірт

7,54


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті


0,38

      Ескерту. Шешімнің 6 тармақтың кестесіне өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.03.13 N 176 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады