Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010.03.01 № 46 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2 тармағының 10 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Әйтеке би аудандық инспекциясының ұсынысының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясымен (Б.Лекеров), мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімімен (И.Аяғанова) және аудандық орталық аурухананың бас дәрігерімен (Ж.Қасымов) Сарат селолық округі бойынша елді мекендер аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринарлық іс-шаралардың толық өткізілуіне байланысты және аудандық аумақтық инспекциясының ұсынысы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Әйтеке би ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 25 сәуірде N 3-2-36 нөмірімен тіркелген Әйтеке би аудан әкімиятының 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 154 "Сарат селолық округі бойынша ауыл шаруашылығы малдары арасында жұқпалы ауру пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын қолдану туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ыбраймұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі: Е. Есенбаев