Көшелерді қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 04 шілдеде N 3-2-48 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 24.06.2016 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Сұлукөл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 24.06.2016 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      1. Сұлукөл ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Сұлукөл ауылының кейбір көшелері қайта аталсын.
      1) Гагарин көшесі – Д.А. Қонаев есімімен;
      2) Ленин көшесі – Тың дала көшесі;
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сұлукөл ауылдық округ әкімі: Ә.Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады