Сұлукөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 22 шілдеде № 5008 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сұлукөл селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 мемлекеттік тіліндегі "Көшелерді қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-48 болып тіркелген, 2008 жылдың 7 тамызында аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспесіндегі ",Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2) 2011 жылғы 22 тамыздағы № 3 "Сұлукөл селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-113 болып тіркелген, 2011 жылдың 20 қазанында аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сұлукөл ауылдық округінің әкімі Б. Бирлепесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады