Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің әкімінің 10.11.2015 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Үшқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда– Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округі әкімінің 16.04.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).1. Үшқұдық ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсазды, Жерұйық ауылдарының көшелеріне атау берілсін.
1) Ақсазды ауылының көшелеріне:
N 1 көшеге Еңбекші.
N 2 көшеге Орталық.
N 3 көшеге Мектеп.
N 4 көшеге Жасыл.
2) Жерұйық ауылының көшелеріне:
N 1 көшеге Бірлік.
N 2 көшеге Бейбітшілік.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияраланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшқұдық ауылдық округінің әкімі | С.Балгожин |