1. Үшқұдық селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі "Көшелерге атау беру туралы" 2008 жылдың 10 қарашадағы № 27 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3-3-63 болып тіркелген, 2009 жылы 17 ақпанда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі көрсетілген шешімнің деректемелеріндегі және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық"сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданыска еңгізіледі.
Үшқұдық ауылдық округінің әкімі | М. Жармуханов |