Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 4 мамырдағы "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 қазандағы N 52 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасыда 2008 жылдың 20 қарашада N 3-5-82 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 176 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011.04.25 № 176 Шешімімен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.04.23 N 81 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен
      1. Аудандық мәслихаттың Ырғыз ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 7 мамырдағы № 3-5-73 болып тіркелген, 2008 жылғы 4 мамырдағы № 32 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасында «ай сайын-1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер алынып тасталсын;
      «отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға» деген сөздерден кейін «ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан I, II, III топтағы мүгедектерге ай-сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген создермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат        Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:       хатшысы:

      И.М.Сәрсенбаев            М.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады