Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге тұрғызу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 9 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 9 қаңтарда N 3-6-75 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімінің 2009.12.29 № 8 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-III ҚР "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17,18 баптарына,2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасы, 37 бабының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. 1992 жылы туған азаматтарды және тіркеуден әртүрлі себептермен өтпеген жастары асып кеткен азаматтарды Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2009 жылдың 14 қаңтарынан 31 наурызына дейін жүргізілсін.

      2. Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-ІІI ҚР "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының 1998 жылғы 7 наурыздағы N 15 нұсқауларын қатаң басшылыққа алсын.

      3. Селолық округтердің әкімдері,кәсіпорындар,мекемелер мен оқу орындарының басшылары өз селолық округтері аумағында тіркеуге жататын азаматтарға олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғаны туралы хабарласын және оларды уақытылы жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Берденова Ұ.А.):

      1) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери міндетті мүгедек азаматтар мен шақырушылар туралы хабарласын;

      2) тіркеу жұмысын өткізу кезінде шақыру пунктінің қызметін қамтамасыз ету үшін қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер бөлсін.

      5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Ә.К.Бахонов):

      1) дәрігер-мамандарды бөлу;

      2) дәрігер – мамандарды, антрометрия кабинетін орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету;

      3) 2009 жылғы 1 ақпаннан бастап 31 наурыз аралығында күн сайын (демалыс және мереке күндерінен басқа) емханада ең кем дегенде 50 әскерге дейінгілерге анализ тапсыру,электрокардиограмма жасау,қанның тобын,резус-фактор анықтау,флюорографиялық тексеріс жүргізу;

      4) 2009 жылдың 1 ақпанына дейін амбулаториялық аурудың ішіне жасөспірімнің қосымша қағазы салынған медициналық картасын,оған қосымша диспансерлік есепте тұрған нервті-психикалық,туберкулез, тері-венерология,жұқпалы аурулар,трахома,ішкі органдардың,сүйек, бұлшық ет,буындардың созылмалы түрлері бойынша ауыратындардың тізімін және азаматтардың денсаулық жағдайын мазмұндайтын дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік қадағалаудың берген ауру тарихынан үзінділерін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру;

      5) 2009 жылдың 1 ақпанына дейін стационарлық(амбулаториялық) емделуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау;

      6) шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына(А.Қ.Исмаилов):

      1) тіркеу науқанын өткізу кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін құрамында 2 адамнан тұратын полиция нарядын бөлу;

      2) әскери міндеттіліктен қашқан тұлғаларды іздестіру және ұсталғандарды іздестіру мен жеткізу бойынша төлемдерді сол адамдардың есебінен жүргізу;

      3) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылатындарға қатысты жауап алынып немесе алдын ала тексерулер жүргізіліп жатқаны туралы хабарлау;

      4) 2009 жылдың 1 ақпанына дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әр түрлі қылықтары бойынша есепте тұратын және полицияға әкелінген 1992 жылы туған жастардың тізімін беру ұсынылсын.

      7. Қарғалы ауданы әділет басқармасы бастығына (Г.Қ. Сүлейменова):

      1) әскери міндеттілер мен шақырылушыларды тұратын жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығаруды әскери-есептік құжаттарында олардың әскери есепке алынғаны немесе әскери есептен шығарылғаны туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің белгісі болған жағдайда ғана іске асыру;

      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеті күн мерзім ішінде әскери міндеттілердің, шақырылуға дейінгілер мен шақырылатындардың аты-жөнін,туған күні мен жылын өзгерткені,азаматтық хал актілеріне олардың туған күні мен туған жері туралы өзгертулер енгізілгені туралы,сондай-ақ қайтыс болған әскери міндеттілер мен шақырылатындардың тіркелу жағдайы туралы хабарлау ұсынылсын.

      8. Аудандық сот төрағасына(Бақтыгереев О.Ә.):

      1) жеті күн мерзім ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қылмыстық істері сотпен қаралатын шақырылушылар туралы,сондай-ақ әскери міндеттілер мен шақырылушыларға қатысты сот үкімі күшіне енгені туралы хабарлау;

      2) 2009 жылдың 1 ақпанына дейін әр түрлі себептермен аудандық сотпен сотталған 1992 жылғы азаматтардың тізімін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.

      9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы(Құмаров А.М.) аудандық білім(Мұқатова А.С.),ішкі саясат(Байсеуіпов Қ.А.) бөлімдерімен бірлесе отырып,Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Жоғары Әскери оқу орындарына,Республикалық "Жас Ұлан" мектебіне,Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Кадет корпусына үміткерлерді іріктеу жөнінде комиссия құрсын.

      10. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы(Құмаров А.М.):

      1) 2009 жылдың 25 наурызына дейін осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат берсін;

      2) 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін қатысы бар мекемелермен келісілген жалпы тіркеу мерзімінен бастап шақыру мерзіміне дейін, жастарды әскери міндеттерін өтеуге әзірлеу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын дайындап, бекітуге тапсырсын.

      11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      12. Аудан әкімінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 1 "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеуге тұрғызу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      13. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін

      Аудан әкімі         М.Жұмағазиев
 

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
29 желтоқсандағы N 9 қаулысына
ҚОСЫМША

Азаматтарды тіркеу кезінде шақыру пунктінің жұмысын
қамтамасыз ету үшін бөлінетін техникалық қызметкерлер
ТІЗІМІ

N

Техникалық қызметкерлерді бөлетін ұйымдардың атауы

Саны

1.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады