2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 102 қаулысы. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 30 сәуірде N 3-7-46 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2008.12.03 № 7 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазастан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 563 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 Жарлығын іске асыру туралы" 16 сәуірдегі N 353 қаулысының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 148 Заңының 3137 баптарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 192044 баптарын басшылыққа ала отырып және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі осы мәселе бойынша N 110 қаулысының талаптарын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемсі (Жамантаев С.С) 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейінгі 18 жастағы, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінгі қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының қоса берілген құрамы бекітілсін. (N 1 қосымша).
      3. Ауылдық округ әкімдері шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырып, шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдық пен аттандыру үшін қажетті шаралар алсын.
      4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Оразаев А.)  (келісім бойынша):
      1) аудандық медициналық комиссияны дәрі–дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық мүліктермен қамтамасыз ету:
      2) аудандық әскерге шақыру қосынан қажетті құрал-жабдықтармен медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету:
      3) шақыруды өткізуді бастар алдында Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрау бойынша стционарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді хабарлау ұсынылсын.
      5. "Аудандық ішкі істер бөлімі" ММ (Өрісбаев Н. келісім бойынша) шақыру қосының жұмыс істеу кезеңіне полиция нарядын бөліп, шақырушылардың жиналған жерлерінде қоғамдық тәртіпті сақтау, мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарушы шақырушыларды іздеу және қорғаныс істер бөліміне жеткізу жөнінде шаралар алсын.
      6. "Қобда ауданының әділет басқармасы" ММ (Досжанова А. келісім бойынша) Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай–ақ әскери міндетінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы жеті күн мерзім ішінде хабарлау ұсынылсын.
      7. "Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Назаров Я.) Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырушылардың мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілермен шақырушылар туралы хабарласын.
      8. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жамантаев С.) 2008 жылдың көктемгі, күзгі шақырудың қорытындысы туралы ақпаратты Қобда ауданы әкімі аппаратына 23 маусымда 25 желтоқсанда ұсынсын.
      9. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Құрманиязов Б.А) осы қаулыны қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.
      10. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күші енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Жиеналинге жүктелсін.

      Аудан әкімі:                       Л. Исмағамбетова

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
N 102 қауылысына қосымша

Аудандақ шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:

Жамантаев Серик Сағынғалиұлы      Қобда аудандық
                                  қорғаныс істері жөніндегі
                                  бөлім бастығы, комиссия
                                  төрағасы;

Мухамедғалиев Есет Темирұлы       Қобда ауданының әкімі
                                  аппаратының төтенше жағдайлар
                                  жөніндегі бас маманы, комиссия
                                  төрағасының орынбасары;

Шантасова Жанат Серикқалиқызы     Қобда аудандық орталық
                                  ауруханасының медбикесі, комиссия
                                  хатшысы;

Жакиев Жолдыбек Асылбекұлы        Қобда аудандық орталық
                                  ауруханасының дәрігері, комиссия
                                  мүшесі, медициналық комиссиясының
                                  төрағасы;

Қалдыбаев Айдынғали Жағапұлы      Қобда аудандық ішкі істер
                                  бөлімі бастығының  орынбасары
                                  комиссия мүшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады