Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 наурыздағы "2008 жылға жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" N 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 шілдедегі N 72 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 30 сәуірде N 3-7-52 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009.04.24 № 86 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусымдағы N 210-ІІ Заңының 333 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚР-сы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 – ІІ Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 ж. 28 наурыздағы "2008 жылға жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" N 31 шешімінің 1 тармағы салық ставкасының төмендетілуі қажет болмағандықтан N 1 қосымшасымен қоса тасталсын.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелеген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   хатшысы

      Қ. Ізбасқанов                        І. Қобланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады