Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы N 70 шешімі. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 22 қаңтарда N 3-7-58 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 88 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2009.04.24 N 95 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474 "Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Азық-түліктің бағасының көтерлеуіне байланысты, халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аз қамтылған отбасыларының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға, ең төмен және одан да аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге және жалпы ауру салдарынан І, ІІ, ІІІ – топтағы мүгедектерге 1,5 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен ай сайын ақшалай түрде көмек көрсетілсін.
       2. Осы шешім Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Мәслихат сессиясының      Аудандық мәслихат
            төрағасы                 хатшысы

         Д. Көпесов               І. Қобланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады