Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы сессиясының "Аудандық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" N 18 шешіміне толықтырулар енгізу туралы (тіркеу N 3-8-47 2007 ж. 27.12)

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 шілдедегі N 55 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 6 тамызда N 3-8-58 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 151 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 01.06.2018 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы бойынша әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 3-8-47 тіркелген, 2008 жылғы 23 қаңтарда - 9 сәуірде № № 5, 16 "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 18 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      тақырыптағы және 1-тармақта "білім беру" деген сөзінен кейін "денсаулық сақтау" деген сөзімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім "Мәртөк тынысы" газетінде алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтезбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ә.Әлмұхамбетов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады